Мәтінді есептерді шығару. Математика, 6 сынып, қосымша материал.


Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.

Мәтінді есептерді шығару

6.5.2.4

мәтінді есептер шығаруда айнымалысы бар өрнектер мен формулалар құрастыру;

6.2.1.10

теңдіктерден бір айнымалыны екінші айнымалы арқылы өрнектеу;

Оқушылар келгенге дейін алдын ала дайындалған үлестірмелерді сынып бөлмесінің әр жеріне бекітіңіз.

Сабақты ұйымдастыру кезеңінен бастаңыз.

Үй тапсырмасы бойынша:

  • шығармашылық жұмыс туралы пікір;
  • мәтін ойлап, одан есеп құрастыру туралы ойлары;
  • бір, екі оқушының (өз қалауымен) жұмысын тыңдау.

Бүгін де мәтінді есептерді шығаруға жұмыстанау; сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін бірігіп еске түсіру.

Балалар, сабақты бастамас бұрын шағын төрт топқа бөлінейік. Сынып бөлмесіне, айналаға көз салып қараңыздар, жер - жерге үлестірмелер бекітілген, сол үлестірмелерді бір – бірден алып, ондағы есептің мазмұны бойынша топтарға бірігіңіздер.

Үлестірмелер бойынша:

  • жылдамдық;
  • өзен ағысы;
  • қоспалар;
  • аралас.

Осындай төрт топқа бірігеді, енді осы топтар қолдарындағы есептерді бірігіп орындайды.

Жылдамдық тобы

№1.

Жүк көлігі бірінші күні барлық жолдың үштен бір бөлігін жүрді, екінші күні бірінші күнгі жолдың 90 % жүрді, ал үшінші күні қалған 440 км жолды жүрді. Жүк көлігі екінші күні қанша километр жол жүрді?

№2.

Саяхатшылар тобы 1 сағ автобуспен, содан кейін автобус жылдамдығынан 18 км/сағ – қа кем жылдамдықпен 6 сағ жаяу жүрді. Саяхатшылар тобы барлығы 67 км жол жүрген болса, автобус жылдамдығы мен жаяу жүргендегі жылдамдықты табыңыз.

№3.

Ара қашықтығы 256 км екі станцадан бір мезгілде, бір бағытта жүк пойызы мен жолаушылар пойызы жолға шықты. Жолаушылар пойызының жылдамдығы жүк пойызының жылдамдығының 50% - ға артық және 8 сағаттан кейін жолаушылар пойызы жүк пойызын қуып жетсе, онда олардың жылдамдықтары қандай болғаны?

Жауабы: 360 км; 25 км/сағ, 7 км/сағ; 64 км/сағ, 96 км/сағ;

Өзен ағысы тобы

№1.

Кемежайдан өзен ағысымен 4 км/сағ жылдамдықпен сал жіберілді. 3 сағаттан кейін салдың соңынан қайық шығады. Егер қайықтың меншікті жылдамдығы

9 км/сағ болса, ол салды кемежайдан қанша километр қашықтықта қуып жетеді?

№2.

Моторлы қайық су ағысының бойымен 105 км жүргенде, осы жолды ағысқа қарсы жүзгендегіден 2 сағ жылдам жүзді. Моторлы қайықтың тынық судағы жылдамдығы 18 км/сағ болса, су ағысының жылдамдығын табыңыз?

№3.

Моторлы қайық ағыспен жүзіп, А пунктінен В пунктіне 1,3 сағ – та барды. Моторлы қайық ағысқа қарсы жүзіп, осы қашықтықты 1,9 сағ – та жүрді. Ағыс жылдамдығы 2,4 км/сағ. Моторлы қайықтың өз жылдамдығын табыңыз.

Жауабы: км; 3 км/сағ; 12,8 км/сағ.

Қоспалар тобы

№1.

Сироп құрамында 18% қант бар. 40 кг сиропқа қанша килограмм су қосқанда, қанттың мөлшері 15% болады?

№2.

Ылғалдылығы 85% құрайтын 8 кг балғын түймедақ гүлі жиналды. Гүлдер кептірілгеннен кейін олардың ылғалдылығы 20% болды. Кептіргеннен кейін түймедақ гүлінің массасы қандай?

№3.

10 кг салмағы бар мыс пен қалайы қорытпасы 70% калайыдан тұрады. Осы қорытпаға 8 кг мыс қосылды. Қоспадағы қалайының концентрациясы мыстың концентрациясынан үш есе артық болуы үшін қанша килограмм қалайы қосу керек?

Жауабы: 8 кг; 1,5 кг; 26 кг.

Аралас тобы

№1.

Кафеде бірінші күні барлық шырынның бөлігі сатылды, екінші күні қалғанының бөлігі сатылды. Егер екінші күні сатылған шырын 60 л болса, барлығы неше литр?

№2.

Математикадан бақылау жұмысында 8 оқушы «5» алды, 18 оқушы «4» алды, 12 оқушы «3» алды және бірнеше оқушы «2» алды. Егер бақылау жұмысы бойынша орташа балл 3,8 болса, онда «2» алған оқушы саны қанша?

№3.

Қабырғалары 20 см, 30 см болатын тік төртбұрыштың ұзындығын 10% - ке арттырып, ал енін 10% -ға кемітсе, онда тік төртбұрыштың ауданы қанша пайызға өзгереді?

Жауабы: 140; 2; 1% кемиді.

Топтар жұмыстарына слайдта көрсетілген дайын жауап арқылы өзін – өзі бағалау жүргізеді, кемшілік болған жағдайда мұғаліммен пікірлеседі.

Бөлім бойынша жиынтық (ББЖ) бағалау тапсырмалары: 20 мин.

№1. Өрнекті ықшамдаңыз:

a) .

№2. Алгебралық өрнекпен берілген тепе – теңдікті дәлелдеңіз:

.

№3. Катер 5 сағ ағыспен және 6 сағ ағысқа қарсы жүзді. Егер катердің меншікті жылдамдығы км/сағ, ал өзен ағысының жылдамдығы х км/сағ болса:

a) катердің ағыспен жүрген жолын;

b) катердің ағысқа қарсы жүрген жолын;

c) барлық жолды;

d) ағыспен жүрген жолдың ағысқа қарсы жүрген жолға қарағанда қаншаға көп екенін математикалық модель түрінде көрсетіңіз.

Бағалау критерийлері

Тапсырма №

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Жақшаны ашу ережелерін қолданады және алгебралық өрнектерде ұқсас мүшелерді біріктіреді.

1

жақшаларды ашады

ұқсас мүшелерді біріктіреді

ықшамдалған түрде жазады

1

1

1

Алгебралық өрнекпен берілген тепе – теңдікті дәлелдейді.

2

жақшаларды ашады

рационал сандармен амалдарды орындайды

ұқсас мүшелерді біріктіреді

теңдіктің дұрыстығын көрсетеді

1

1

1

1

Мәтінді есептер шығаруда айнымалысы бар өрнектерді құрастырады.

3

катердің ағыспен жүрген жолының өрнегін жазады

катердің ағысқа қарсы жүрген жолының өрнегін жазады

барлық жолдың өрнегін жазады

ағыспен жүрген жолдың ағысқа қарсы жүрген жолмен айырмасын жазады

математикалық модель арқылы қаншаға көп екенін көрсетеді

1

1

1

1

1

Жалпы балл

12

«Алгебралық өрнектер» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың

нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрикалар

Білім алушының аты-жөні: ______________________________________________

Бағалау

критерийлері

Оқу жетістіктерінің деңгейлері

Төмен

Жақшаны ашу ережелерін қолданады және алгебралық өрнектерде ұқсас мүшелерді біріктіреді.

Рационал сандармен амалдарды орындау кезінде жақшаларды ашуда қиналады.

Рационал сандармен амалдарды орындау кезінде жақшаларды ашады, ұқсас мүшелерді біріктіргенде қате жібереді.

Рационал сандармен амалдарды орындау кезінде жақшаларды ашады, ұқсас мүшелерді біріктіреді.

Алгебралық өрнекпен берілген тепе – теңдікті дәлелдейді.

Алгебралық өрнекпен берілген тепе – теңдікті дәлелдеуде қиналады.

Алгебралық өрнекпен берілген тепе – теңдікті дәлелдеуде қателіктер жібереді.

Алгебралық өрнекпен берілген тепе – теңдікті дұрыс дәлелдейді.

Мәтінді есептер шығаруда айнымалысы бар өрнектерді құрастырады.

Шартқа байланысты математикалық модель құруда қиналады.

Шартқа байланысты математикалық модель құруда қателіктер жібереді.

Шартқа байланысты математикалық модельдерді дұрыс құрады.

Үй тапсырмасы:

Сағат 11 – де А қаласынан жүк машинасы 60 км/сағ жылдамдықпен В қаласына шықты. Жүк машинасы 1,5 сағ жүрген соң, оған қарсы В қаласынан 100 км/сағ жылдамдықпен жеңіл машина шықты.Олар сағат 14 – те кездесті. Машиналардың кездескен жері қай қалаға жақын?

Сабақты қорытындылау:

  • мәтінді есептерде есеп шартын оқып түсіну;
  • есеп шарты бойынша айнымалысы бар өрнектерді құрастыру;

Сабақ соңында оқудағы іс – әрекеті туралы рефлексия жүргізіңіз.

Ресурстар:

  • Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы, Т.А. Алдамуратова, Т.С., Байшоланов, Е.С., Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015 ж. ISBN 9965-34-442-6
  • А.П.Ершова, В.В.Голобородько. Математика. 5 класс. Самостоятельные и контрольные работы. Москва. Илекса. 2015 г.
  • Математика 6 класс, Н.Я. Виленкин, В.И. Жохов 32-е издание, Москва 2014 г. ISBN 978-5-346-03018-8


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу