Мәтінді есептерді шығару. Математика, 6 сынып, қосымша материал.


Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.

Мәтінді есептерді шығару

6.5.2.4

мәтінді есептер шығаруда айнымалысы бар өрнектер мен формулалар құрастыру;

Сабақты ұйымдастыру кезеңінен бастаңыз.

Бұл бірлескен оқу – соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара ынтымақтастықты орнататын әрекет.

Біріккен оқу ортасын құру.

Оқушылармен бірігіп үй тапсырмасын тексеру, құрылған өрнек мағынасын түсіну.

Жаңа материалды түсіну

Оқушылар, бізге мәтіндік есептерді шығару жаңалық емес, себебі бұндай тақырыппен біздер таныспыз. Бірақ, кез келген мәтінді есепке алгебралық өрнек құра білеміз бе? Ол құрылған өрнекті ықшамдай аламыз ба? Осы жағын қарастыруымыз керек, ол үшін мәтінді есепті шешудің схемасын бірігіп құрайық.

Енді осы схеманы пайдаланып сыныппен мысалдар қарастырайық.

Сыныппен ауызша талқылап, түсініп орындалатын мысалдар:

Қозғалысқа есептер.

Барлық мысалдарды талқылап, оқушылармен түсінісіп, схемасын құрып орындатуға жұмыстаныңыз.

Мысал – 1.

Катердің меншікті (өзінің) жылдамдығы 40,5 км/сағ, ал ағыс жылдамдығы 2,5 км/сағ. Еатердің ағыспен және ағысқа қарсы жүзгендегі жылдамдығын табыңыз.

Шешуі: Оқушы назарын ағыспен, ағысқа қарсы жүзгенді белгілеуге аудару.

40,5 км/сағ

ағыс

2,5 км/сағ

ағыспен

( 40,5 + 2,5) км/сағ

43 км/сағ

ағысқа қарсы

( 40,5 - 2,5) км/сағ

38 км/сағ

Жауабы: 43 км/сағ; 38 км/сағ.

Мысал – 2.

Ара қашықтығы 144 км екі қаладан бір – біріне қарама – қарсы бағытта автобуспен велосипедші шықты. Автобус жылдамдығы 60 км/сағ, велосипедші жылдамдығы 12 км/сағ. Олар қанша уақыттан кейін кездеседі?

Шешуі:

,

Жауабы: 2 сағ.

Мысал – 3.

Елді мекен станциядан 4 км қашықтықта станция мен саяжай аралығында орналасқан. Елді мекеннен саяжайға қарай 75 м/мин жылдамдықпен жаяу адам шықты. Жаяу адам 0,5 сағ жүрген соң станциядан 200 м/мин жылдамдықпен велосипедші шықты. Велосипедші неше минут жүрген соң жаяу адамды қуып жетеді?

Шешуі: 4 км = 4000 м; 0,5 сағ = 30 мин.

( м/мин)

t (мин)

(м)

Жаяу адам

75

велосипедші

200

200х

.

Жауабы: 50 мин.

Мысал – 4.

Ізделінді санды 2,5 есе арттырып, одан ізделінді санның жартысын шегерген кезде, ізделінді саннан 1,99 – ға артық болатындай сан шықты. Ізделінді санды табыңыз.

Шешуі: х ізделінді сан,

Жауабы: 1,99.

Оқушыларға жұпта тапсырмалармен жұмыстануды, берілген тапсырмаларды бірігіп орындап, бір – бірімен пікірлесіп, тыңдап, түсіндіріп орындауды ұсыныңыз.

Жұптық тапсырмалар (оқулықпен жұмыс):

№ 870

Турист 1,5 км/сағ жылдамдықпен таудағы жолмен көтеріліп, межелеген жерге барды. Қайтарда ол 5 км/сағ жылдамдықпен төмен түсіп, алғашқы орнына қайтып келді. Туристің межелеген жерге барып қайтуына 2,6 сағ уақыт кетті. Турист таудағы жолмен жоғары көтеріліп, межелеген жерге жету үшін қанша уақыт жұмсады?

Жауабы: 2 сағ.

№ 881.

Алғашқыда екі кітаптар сөресіндегі кітаптар саны бірдей болды. 18 кітапты бірінші сөреден алып, екінші сөреге қойғанда, ондағы кітап саны бірінші сөредегі кітап санынан 3 есе артық болды. Алғашқыда кітап сөресінің әрқайсысында неше кітап болды?

Жауабы: 36 кітап.

№ 883.

АВ кесіндісінің ұзындығы 33 см. АВ кесіндісін С нүктесі АС және СВ кесінділеріне бөледі. АС кесіндісінің 40 % - і СВ кесіндісінің - іне тең. АС кесіндіісінің ұзындығын табыңдар.

Жауабы: AC = 15 см.

885.

Бидай егілген екі алқаптың ауданы 100 га. Бірінші алқаптың әр гектарынан 12 ц –ден , ал екінші алқаптың әр гектарынан 10 ц –ден өнім алынды. Екінші алқаптан алынғын өнім бірінші алқаптан алынған өнімнен 18,8 т кем болды. Бірінші егіс алқабының ауданы неше гектар?

Жауабы: 54 га.

Жұптар арасында есептің дайын шығарылу жолы арқылы өзара бағалау жүргізуді ұсыныңыз.

Дескриптор: Білім алушы:

  • есеп мазмұнын оқып түсінеді;
  • есеп шарты бойынша белгісізді белгілейді;
  • есеп шарты бойынша өрнек құрады;
  • теңдеуді шешеді:
  • тексеріп, жауабын жазады.

Оқушылардың ойлау қабілетін шыңдау, өз білімін жүйелеу, жетілдіру, өзіне деген сенімділігінарттыру мақсатында жеке жұмысты деңгейлеп беріңіз.

Жеке жұмыс, деңгейлік тапсырмалар:

Негізгі деңгей

№1 (872).

Катер ағыс жылдамдығы 2 км/сағ өзенде ағыспен жүзіп, А айлағынан В айлағына 6 сағ – та барды. Катер қайтарында В айлағынан А айлағына өзеннің ағысына қарсы жүзіп, 7,5 сағатта барды. Катердің өзінің жылдамдығын табыңдар.

Жауабы: 18 км/сағ.

Дамытушылық деңгей

№2 (882)

Екі санның қосындысы 348-ге тең. Бірінші санның 80 пайызы екінші саннан 6-ға кем. Бірінші санды табыңдар.

Жауабы: 190.

Шығармашылық деңгей:

№ 3 (898).

Теруші шығарманы үш күн терді. Ол бірінші күні шығарманың 40 %-ін, ал екінші күні 21 бетін терді. Үшінші күні шығарманың теретін 25 %-і қалды. Шығармада неше бет болған.

Жауабы: 60 бет.

Есептің дайын шығарылу жолы арқылы өзін – өзі бағалауды ұсыныңыз, мұғалімнің қадағалауымен.

Сабақты қорытындылау:

  • мәтінді есептерді шығару алгоритмін қайталап, нақтылау.

Сабақ соңында оқудағы іс – әрекеті туралы рефлексия жүргізіңіз.

Рефлексия

Үйге тапсырма:

№ 869.

Қазір әкесі 34 жаста, баласы 11 жаста. Неше жылдан кейін әкесінің жасы баласының жасынан 2 есе артық болады?

Ресурстар:

  • Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы, Т.А. Алдамуратова, Т.С., Байшоланов, Е.С., Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015 ж. ISBN 9965-34-442-6


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. Оқырман Інжу
    Оқырман Інжу 09.05.2025 17:57
    0 + 0 -
    Көп рахмет өте күшті екен