Мәтінді есептерді шығару. Математика, 6 сынып, қосымша материал.


Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.

Тақырыбы: «Мәтінді есептерді шығару»

Сабақтың мақсаты:

6.5.2.4

рационал сандарды қолданып мәтінді есептерді шығару;

Бағалау критерийлері:

Білім алушы:

- есептің шартын математикалық тілге аудара алады;

- есеп шешімінің жоспарын құрастыра алады;

- жоспарды жүзеге асырады (есептеулер орындайды)

- есептің сұрағына жауап бере алады:

- мәтінді есептерді шығара алады.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім оқушылармен амандасып. Көңіл күйлерін смайликтер арқылы білу.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылар жұпта отырып бірін-бірінің дәптерін тексереді. Оқушылар жалпы сыныппен есепті талдап, жауабын айтып отырады.

Оқушыларға өткен тақырып бойынша тапсырма беру, өткен сабақты пысықтау.

Өтілген тақырып бойынша тест тапсырмалары:

1.Егер тізбек ондық бөлшектермен қандай да бір заңдылықпен жазылса, онда келесі мүшесін табыңдар:

-8,4; -8,2;-8,0;-7,8;-7,6…

1) -7,2 2) -7,4 3) -7,8

2.Алгебралық қосындының қайсысынын мәні нольге тең болады:

1) -2-3+8+5

2) 6-2,2-3-0,3

3) 0,1+0,5-0,2-0,4

3. х+(-2,3) = 0 теңдеуінің түбірі неге тең

1) -2,3 2) 0 3)2,3

4. Егер С(2,5) және О(-4) нүктелерінің координаталары берілсе, онда СО кесіндісінің ұзындығы неге тең:

1)-1,5 2) 6,5 3) 1,5

5. (-0,84) + …0 көп нүктенің орнына таңбаны қойыңдар:

1) > 2) < 3) =

6. Қай өрнектің мәні ең кіші мәнге тең

1) –(-2,7)+8

2) –(15+(-3))

3) –(2+8,7)

8. өрнегінің мәні неге тең

1) 1 2) -1 3) 2

9.Дұрыс емес тұжырымдаманы анықтаңыз:

1) Үш теріс санның көбейтіндісі терсі сан

2) теріс сан мен оң санның көбейтіндісі оң сан

3) Екі теріс сан мен оң санның көбейтіндісі әрқашанда оң сан

10. > таңбасын қойыңдар:

2)

3)

11. … теңдігіндегі көбейткіш неге тең

1) -0,001 2) -100 3) -1000

12. өрнектің мәні неге тең

1) -5 2) 5 3) 1

13. -18,6 : …>0 теңсіздігіндегі белгісіз санды табыңдар

1) 0 2) 3,1 3) -9,3

Жаңа сабақты оқу мақсатын меңгеру үшін жұпта отырып, тапсырмаларды орындау.

Оқушыларды жұпқа біріктіріңіз. Әр жұпқа белгісіз сандық мәліметтері бар есептер ұсыныңыз. Мысалы:

Егер катердің меншікті жылдамдығы а км/сағ, өзен ағысының жылдамдығы b км/сағ болса, катер ағыс бойымен t сағатта қандай қашықтықты жүріп өтеді? Әріпті өрнекті құрастырып, оның мәнін табыңыз, егер

 ;

 ;

 .

Жұптар арасында өзара тексеру жүргізіледі. Одан соң дұрыс жауап ұсынылады. Жіберілген қателер болса, талдап, ортаға салыңыздар.

Оқушылармен сергіту сәті жүргізіледі. Төмендегі берілген ресурс бойынша жаттығу жұмысын жасату.

http://lifevidos.ru/watch/hroHApWK578

Жұптық жұмысты болғаннан соң оқушылар бүгінгі сабақтың оқу мақсатын меңгеру үшін жалпы сыныппен тапсырмалар беріліп, өз білімдерін шыңдайды және өз-өздерін дайын жауап арқылы бағалайды.

Жалпы сыныппен жұмыс

Оқушылар тақтада сайтта шығып тұрған тапсырмаларды кезекпен кезек алып орындайды. Қалған оқушылар тексеріп, дұрыс – қатесін айтады. Жауабын сайттағы дұрыс жауап арқылы тексереді.

http://mathematichka.ru/ege/problems/problem_B1P1.html

Жалпы сыныппен жұмысты тақтада орындап болған соң, үйге тапсырма беріліп, талданады.

Үйге тапсырма: «Мәтінді есептерді шығару».

№1. Өзен бойымен бір – біріне қарама – қарсы әрқайсысының меншікті жылдамдығы 12,5 км/сағ болатын екі қайық шықты. Өзен ағысының жылдамдығы 2,5 км/сағ. Егер екеуінің арақашықтығы 80 км болса, онда олар неше сағаттан кейін кездеседі?

Содан соң оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлері бойынша өз ойларын білдіреді.

Сабақ соңында рефлексия жүргіземіз.

Оқушылар келесі сөйлемдерді аяқтау қажет болады:

- маған ең ұнағаны ……

- мен үшін күрделі болғаны …..

-келесіде мен міндетті түрде орындай аламын…….

 

 

 Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:

  • Алдамұратова Т.А. Математика Жалпы білім беретін мектептің 6 – сыныбына арналған оқулық. 3 - басылымы. – Алматы: Атамұра,2011.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу