Мәтінді есептерді шығару. Математика, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар
Мәтінді есептерді шығару
Оқу мақсаттары: 6.5.2.4 мәтінді есептер шығаруда айнымалысы бар өрнектер мен формулалар құрастыру.
Сабаққа қажетті құралдар: тақырып бойынша таныстырылым; таратпа материалдар (дидактикалық материал).
Бағалау критерийі:
Бұл сабақта оқушы:
- мәтінді есептің шартына сәйкес өрнек құрады;
- мәтінді есептерді шығарады.
Негізгі ұғымдар, анықтамалар.
Мәтінді есептерді шығарғанда былай істейді:
|
Сабақтың қысқаша түсіндірмесі.
Жұпқа бөлу үшін «Жұбыңды ізде» ойыны ұйымдастырылады.
Оқушыларға алгебралық өрнектер таратылады. Оқушылар өзіндегі алгебралық өрнектің жауабы бар оқушымен жұптасады. Мысалы:
22+4 сәйкес 134; 27+14 сәйкес 5+26;
-(7+3) сәйкес –13+ 3; 5+(5-10) сәйкес 70 т.б.
Мұғалім жұптық жұмыс пен әр оқушының жұпта атқаратын рөлі туралы ережені жасап, тиімді жұптық қарым-қатынасты ұйымдастырады.
Үй тапсырмасын тексеру. Үй жұмысында оқушылар жіберген қателер олардың есінде сақталып қалмау үшін оны түзету. Үйге берілген тапсырма ашық сипаттағы тапсырма болғандықтан оқушылар көптеген шешімдер ұсынуы мұмкін. Бұл оқушылардың қаншалықты тақырыпты меңгергенін анықтауға мүмкіндік береді.
Қиындық туғызған оқушыларға нұсқау жасау, уақытылы кері байланыс беру.
«Жақын арада даму аймағын» анықтау.
Оқушылардың меңгерген білімдерін саралап, ширату жаттығуын жүргізу үшін «Серпілген сұрақ» әдісі қолданылады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қою арқылы ойларын тұжырымдап, меңгерген білімдерін қорытындылайды. Осыдан соң сабақ мақсаты мен бағалау критерийі айтылады. Бағалау критерийі оқушылармен таңдалады.
Мұғалім оқу мақсатын айтып, оқушыларға сабақ мақсатын қоюды ұсынады
Олай болса бүгінгі сабақтың мақсатына жету үшін нені білуіміз керек?-деген сұрақ қойылады. (оқушылар өз ойларын айтады). Демек біз бағалау критерийлерін құрдық . Бағалау критерийлері айтылып, тақтаға жазылады.
Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылардың түсінуі үшін, сынып ауқымында талқылау пайдаланылады.Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі.
Жаңа сабақты түсіну.
Жұптық жұмыс.
Оқушыларға жұпта келесі тапсырманы орындау ұсынылады. Кейбір жұптар тапсырманы өздері орындайды, ал кейбір жұптарға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі.
Тапсырма 1.
Есепті шығару үшін өрнек құрастырыңыз:
Тіктөртбұрыштың периметрі 25 см, оның бір қабырғасы x см. Тіктөртбұрыштың ауданын табыңыз.
Шешімі: P=2(a+b), a=x болса, 2x+2b=25, 2b=25 – 2x, b=12,5 – x.
S=ab, S=x(12,5 - x)=12,5x - .
Жауабы: S=ab, S=12,5x - .
Тапсырма 2.
- Арақашықтығы s км қала мен ауылдан бір-біріне қарама-қарсы бір мезгілде жеңіл автокөлік пен жүк көлігі шықты. Жеңіл автокөліктің жылдамдығы км/сағ, жүк автокөлігінің жылдамдығы км/сағ. Неше сағаттан кейін олар кездеседі?
Жауабы:
- Катер өзен ағысымен k км/сағ жылдамдықпен 7 сағат, ал өзен ағысына қарсы h км/сағ жылдамдықпен 6 сағат жүрді.
Айнымалысы бар өрнекпен қалай жазуға болады:
- өзен ағысымен жүрген жолды;
- өзен ағысына қарама-қарсы жүрген жолды;
- катердің барлық жүрген жолын;
- катердің меншікті жылдамдығын?
Жауабы:
- өзен ағысымен жүрген жол - 7 k км
- өзен ағысына қарама-қарсы жүрген жол - 6 h км
- катердің барлық жүрген жолы – (7 k +6 h) км
- катердің меншікті жылдамдығы - ( k + h).
Оқушылар есептің өрнегін әр түрлі жазуы мүмкін. Оқушыларға жауаптарын салыстыруды ұсыныңыз.
Бірнеше оқушылардан тақтаға шығып өз жауаптарымен бөлісулері сұралады. Жауаптардың дұрыс па жоқ па екенін қалған оқушылардан сұрап талқыланады.
Жаңа сабақты меңгеру.
Жұптық жұмыс.
Тапсырма 3.
Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылардан өткен сабақтағыдай неге осындай сәйкестік орнағанын түсіндіріп берулерін сұрау керек.
- Есептің мәтіні мен шартына сәйкес өрнегімен сәйкестендіріңіз. Жауабыңызды негіздеңіз.
Есептің мәтіні | Шартына сәйкес өрнегі |
А. Мақсат суретті х тенгеге және фотоальбомды у тенгеге алды. Аминаға 2 сурет пен 3 фотоальбом алу үшін неше теңге қажет? | 1) 3х + 2у |
B. Ұста сағатына х бұйым, ал оқушы у бұйым шығарады. Егер ұста 3 сағат , ал оқушысы 2 сағат жұмыс істесе, қанша бұйым дайын болады? | 2) ху/3 |
C. Тіктөртбұрыш ұзындығы х см, ал ені у см. Оқушы оны 3 бірдей бөлікке бөлсе, әр бөліктің ауданы нешеге тең? | 3) (2х+10у)/12 |
D. Жайнар мектепке дейін х км/сағ жылдамдықпен 2 минут жаяу, сосын көлікпен у км/сағ жылдамдықпен 10 минут жүрсе, орташа жылдамдығы қандай? | 4) 2х + 3у |
Жауабы: А-4; В-1; С-2; D-3.
Жұптар бір-біріне өз жауаптарын негіздеп түсіндіреді.
Мұғалім оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалайды. Дер кезінде кері байланыс береді.
Бірнеше оқушылардан тақтаға шығып өз жауаптарымен бөлісулері сұралады. Жауаптардың дұрыс па жоқ па екенін қалған оқушылардан сұрап талқыланады.
Жаңа сабақты бекіту.
Бұл тапсырманы оқушыларға өз беттерімен орындату ұсынылады. Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылар мәтін есеп мысалында талқылау керек. Оқушылардың әрбір қадамды негіздей білуіне баса назар аудару керек.
Тапсырма 4.
Өрнек құрастырыңыз және ықшамдаңыз:
Үш томдық кітаптың екінші томының беті біріншіден 20%-ға артық. Үшінші томда бірінші томның бөлігіндей бет бар екені белгілі болса, барлығы үш томда қанша бет бар?
Дескриптор: Білім алушы
- екінші және үшінші томдықтардың бетін бірінші том арқылы өрнектейді;
- өрнек құрастырады;
- өрнекті ықшамдайды.
Шешуі: Үш томдық кітаптың бірінші беті – х, х+х+x=х+x=x.
Жауабы: x
Тапсырма 5.
Велосипедші бірінші күні барлық жолдың бөлігін, екінші күні қалған бөлігінің 40%-ын, ал үшінші күні қалған x км-ін жүріп өтті. Велосипедші үш күнде барлығы қанша жол жүрді? Өрнек құрастырып, ықшамдаңыздар.
Дескриптор: Білім алушы
-бірінші күнгіден қалған бөлігін табады;
-санның процентін есептейді;
-үшінші күні жүрген жолдың шамасын анықтайды;
-бірінші және екінші жүрілген жолды үшінші күнгі жол арқылы өрнектейді;
-өрнек құрастырады;
- өрнекті ықшамдайды.
Шешуі: Барлық жүрген жол – s, s+s+x=s+x.
Жауабы: s+x.
Оқушылар өз жұмысын тақтадағы жауаппен салыстырып, тексеру арқылы өзінің тақырыпты қаншалықты игергенін анықтайды
Сабақты қорытындылау.
- Қандай тапсырмалар қиындық туғызды?
- Неліктен?
- Жұмыста нені ескермедіңіздер?
- Неліктен?
- Нәтижені қалай жақсартуға болады?
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім;
- нені толық түсінбедім;
- немен жұмысты жалғастыру қажет.
Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:
- Дорофеев Г.В., Петерсон Л.Г. Математика. 6 класс. Часть3.
- Дорофеев Г.В., Петерсон Л.Г. Математика. 7 класс. Часть3.
- Т.А. Алдамұратова, Т.С. Байшоланов, «Атамұра» 2011, Математика -6, 3-басылым.
- https://infourok.ru/sinip-matematika-algebrali-rnekterdi-mni-tairibina-isa-merzimdi-zhospar-835566.html
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру