Мәтінді есептерді шығару. Математика, 6 сынып, қосымша материал.


Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.

Мәтінді есептерді шығару

6.5.2.4

мәтінді есептер шығаруда айнымалысы бар өрнектер мен формулалар құрастыру;

6.2.1.10

теңдіктерден бір айнымалыны екінші айнымалы арқылы өрнектеу;

Сабақты ұйымдастыру кезеңінен бастаңыз.

Өткен тақырыптарды қайталау сабағында ұйымшылдықпен, белсенді жұмыс жүруі үшін біріккен оқу ортасын құру.

Үй тапсырмасын тексеріңіз, түсінбеген оқушы болса мәтінді есепті шығару алгоритмін қайталап, слайд арқылы шығарылу жолына түсінік беріңіз.

№ 886.

Күмістің екі қоспасынан үшінші қоспа дайындалды. Бірінші қоспаның массасы 50 г. оның 60 % - і таза күміс, ал екінші қоспаның 80 % - і таза күміс. Олардан дайындалған үшінші қоспаның 64 % - і таза күміс. Екінші қоспаның массасы неше грамм?

Шешуі: 1- ші: г., 2 – ші: 0,8х,

Жауабы: 12,5 г.

Сыныппен бірігіп бүгінгі сабақ мақсаттары мен бағалау критерийлерін анықтаңыз.

Осы тапсырмаларды бірігіп орындау ұсынылады, әлі де болса түсінік керек оқушылар болса, талдап шығарған кезде білімін жетілдіруіне ықпал етеді.

Сыныптық жұмыс

Математикалық қобдиша

Қобдиша тапсырмалары тақтада орындалып талданады. Бір оқушы шақырылады, қобдишадан үлестірме алады, тақтада орындайды, түсіндіреді, борды өзі келесі оқушыға ұсынады, солай жалғасады. Тапсырмалардың ішінде біртіндеп күрделеенгені де бар. Сондықтан мұғалімнің бақылауымен орындалады.

Мысал – 1.

Базарға сатуға әкелінген қарбыздардың бірінші күні - і және 6 қарбыз, ал екінші күні қалған қарбыздардың - і және 8 қарбыз сатылды. Үшінші күні одан қалған қарбыздардың -і және10 қарбыз сатылғанда, сатылмаған 16 қарбыз қалды. Базарға сатуға барлығы неше қарбыз әкелінді?  Екінші күні неше қарбыз сатылды? 

Шешуі: Барлық қарбыз х болсын. 

барлығы

1 - күні

2 - күні

3 - күні

х

қалғаны

16

Кестені пайдаланып теңдеу құрамыз:

.

Жауабы: 129; 28.

Мысал – 2.

Қайық екі айлақтың арасын , егер ағыспен жүзсе, 1,2 сағ жүзеді, ал ағысқа қарсы жүзсе, 1,8 сағ жүзеді. Сал осы қашықтықты неше сағат жүзеді?

Шешуі: формуласын қолданамыз;

- екі айлақтың арасы 1 болсын;

- ағыспен жүзген жылдамдығы ;

- ағысқа қарсы жүзген жылдамдығы ;

- ағыс жылдамдығы ;

Салдың уақыты .

Жауабы: 7,2 сағ.

Мысал – 3.

Компьютерде терілетін оқулық үш терушіге берілді. Бірінші теруші оқулықтың  -сін , екінші теруші қалғанының 0,6-сын, үшінші теруші қалғанын терді. Үшінші теруші бірінші және екінші терушілердің терген беттерінің қосындысынан 120 бетті кем терді. Компьютерде терілетін оқулық неше бет болған?

Шешуі: барлық бет х,

барлығы

  • ші
  • ші
  • ші

х

қалғаны

Жауабы: 250 бет.

Сергіту сәті: «Сиқырлы шаршы»

Оқушылардың шаршағанын сейілтіп, барлық оқушыны бірдей жұмыстандыру, қызықтырумақсатында ұсыныңыз.Шаршының тор көздеріндігі сандарды тігінен, көлденеңнен, көлбеуімен қосқанда қосынды - ге тең, бос орындарды толықтырыңыз.

Сыныптық жұмыстан алған білімді жүйелеу, нақтылау мақсатында жұптық жұмыс ұсыну. Енді екеу ара бірігіп, бір – біріне түсіндіріп, пікірлесіп жұмыстануы үшін жұпта жұмыстануды ұсыныңыз. Жұпқа бөлінуді кез келген тәсілмен алуға болады.

Жұптық жұмыс

№1.

Автобустың 3 сағатта жүрген жолын поезд 2 сағатта жүреді. Саяхатшылар 4 сағ автобуспен және 3 сағ поезбен жүргенде барлығы 408 км жүрді. Поездың және автобустың жылдамдығын табыңыз.

Жауабы: 48 км/сағ; 72 км/сағ.

№2.

Жылдамдығы 54 км/сағ пойызда отырған жолаушы тұсынан 18 км/сағ жылдамдықпен өткен пойызды

с бойы бақылады. Қарсы өткен пойыздың ұзындығын табыңыз.

Жауабы: 77 м.

№3.

10% және 30% калий перманганаттарынан (марганцовка) калий перманганатының 16 % 200 г. ерітіндісін алу үшін әрқайсынан қанша қажет?

Жауабы: 140 г – 10%; 60 г – 30%.

Дайын жауаптарымен шығарылу жолы көрсетіледі, сол арқыылы жұптар арасында өзара бағалау жүргізіледі.

Осыған дейін алған білімдерін өзі көрсете алуы үшін, өз түсінігін бақылау үшін жеке жұмыстандырыңыз.

Жеке тапсырма, толық орындау, сәйкестендіру.

Мұғалім ұсынған жауап арқылы оқушы өзін – өзі бағалайды.

1

Дүкенге сатуға әкелінген көкеністің бірінші күні - і сатылды. Екінші күні қалғанының 0,4-і сатылды, одан қалғаны үшінші күні сатылды. Дүкенші үшінші күні екінші күнге қарағанда 570 кг көкеністі артық сатты. Дүкенге сатуға неше тонна көкеніс әкелінген?

837

2

Ұшақтың жылдамдығы сағатына 864 км. Ұшақ желге қарсы ұшқандықтан, желдің әсерінен оның ұшу жылдамдығы секундына 7,5 м кеміді. Ұшақ желге қарсы 1 сағ ұшқанда қанша қашықтыққа барады?

150

3

Саяхатшылар баруға тиісті қашықтыктың -сін және 27 километрін жүргенде,  барлық жолдың  -і және 13 километрі қалды. Туристер неше километр қашықтыққа баруға тиіс еді?

3,8

Жауабы: 1 – 3; 2 – 1; 3 – 2

Дескриптор: Білім алушы:

  • мәтінді есептерде есеп шартын оқып түсінеді;
  • есеп шарты бойынша айнымалысы бар өрнектерді құрастыра алады;
  • құрылған өрнектегі бір айнымалыны екінші айнымалы арқылы өрнектейді;
  • құрылған өрнектің сандық мәнін дұрыс табады.

дұрыс жауаптарымен сәйкестендіреді.

Сабақты қорытындылау:

  • оқушылардың есеп мәтінін түсінуі;
  • тиімді жолды таңдай білуі;
  • оқушылардың мәтінді есептермен жұмыстануы.

Үй жұмысы:

Шығармашылық тапсырма:

Әр оқушы өзінің қалаған бағыты бойынша мәтіндік есеп құрастырып, оны параққа (А4) шешімін орындап тапсырады.

Сабақ соңында оқудағы іс – әрекеті туралы рефлексия жүргізіңіз.

Ресурстар:

  • Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы, Т.А. Алдамуратова, Т.С., Байшоланов, Е.С., Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015 ж. ISBN 9965-34-442-6
  • А.П.Ершова, В.В.Голобородько. Математика. 5 класс. Самостоятельные и контрольные работы. Москва. Илекса. 2015 г.
  • Математика 6 класс, Н.Я. Виленкин, В.И. Жохов 32-е издание, Москва 2014 г. ISBN 978-5-346-03018-8


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу