Рационал сандарды азайту. Математика, 6 сынып, дидактикалық материал.
Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарды азайту
Сабақтың мақсаты: Оқушылар рационал сандарды азайтып үйренеді, координаталық түзуде нүктелердің арақашықтығын табады
Бағалау критерийлері: Оқушы
- Рационал сандарды азайтуға есептер шығарады;
- Шарты бойынша мәтін есептерді шығарады;
Координаталық түзудегі нүктелердің арақашықтығын табады
Тапсырма 1.
Ойыншылар командасы қарсылас команда қақпасына 5 доп салды, ал өздерінің қақпасына 2 доп жіберіп алды. Әрбір салған доп үшін +1 ұпай, ал жіберіп алған доп үшін (-1) ұпайға ие болды. Ойын нәтижесі қандай? Бұл команда ұтты ма әлде ұтылды ма?
Тапсырма 2. Торғай өзінен 7,4 м арақашықтықтағы инелікті қуады. Инелік жылдамдығы 3,7 м/с, ал торғайдың жылдамдығы 5,8 м/с. 1с уақыт өткен соң олардың арақашықтығы неше м болады?
Тапсырма 3. Ауа температурасы таңертең 4С, ал кешке -3С болды. Тәуліктегі температура өзгерісі қандай?
Тапсырма 4.
a | 8,3 | -4,75 | -13,94 | ||
b | 10 | -3 | -20 | ||
a-b |
Тапсырма 5.Координаталық түзудегі бірлік кесіндінің ұзындығы 1 см. А нүктесіне -2,5 саны, В нүктесіне оған қарама – қарсы сан сәйкес келеді. АВ кесіндісінің ұзындығын табыңыз.
Тапсырма 6. Координаталық түзудегі бірлік кесіндінің ұзындығы 1 см. CD кесіндісінің ұзындығы 16 см. Кесіндінің ортасы координатасы -5 болатын нүктемен белгіленген. C және D нүктелерінің координаталарын табыңыз.
Тапсырма 7. Өрнекті ықшамдаңыз
- a+(-b)-(-2a)
- –a-(+a)+2b-(-b)
- –a-(-b)-4a
- –a-(+3a)+(-b)-b
Тапсырма 8. Таңба ережелерін қолданып,жақшаны ашып,есептеңіз
- (-14,35)-(-53,5)-(+21,3)-(-16)
- (-60)-(-15,9)-(+8,2)-(-23,3)
Жеке жұмыс (10 мин)
1 тапсырма. Есептеңіз:
- 24,6+(-35,9)-(-6,5)+(-5,2)
- (-32)-(-13,8)-(+26,3)-(-27,5)
2 тапсырма. Марат пен итінің арақашықтығы 108 м. Мараттың жылдамдығы 70м/мин. Иті 27 с соң Маратты қуып жетті. Иттің жылдамдығын тап.
Бағалау критерийі | Дескриптор | |||
-рационал сандарды азайта алады; -координаталық түзуде нүктелердің арақашықтығын табады |
| |||
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру