Рационал сандарды азайту. Координаталық түзуде нүктелердің арақашықтығы. Математика, 6 сынып, қосымша материал.


 Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар

 

 Рационал сандарды азайту. Координаталық түзуде нүктелердің арақашықтығы.

 

 Оқыту мақсаты: 6.1.2.14 Рационал сандарды азайтуды орындау.

 Сабаққа қажетті құралдар: тақырып бойынша таныстырылым; таратпа материалдар (дидактикалық материал).

 Бағалау критерийі:

 Бұл сабақта оқушы:

  •  координаталық түзуде нүктелердің арақашықтығын табады;
  •  рационал сандарға амалдар орындайды.

 Негізгі ұғымдар, анықтамалар.

 

 Азайту – қосынды мен белгілі қосылғыш бойынша екінші (белгісіз) қосылғышты табу амалы.

 

 

 Бір саннан екінші санды азайту үшін, азайғышқа азайтқышқа қарама - қарсы санды қосу керек:

 a-b=a+(b)

 a(b)=a+b

 a(+b)=ab

 – а –(– b)=a+b

 

 

 Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығын табу үшін оның оң жақ шеткі нүктесінің координатасынан сол жақ шеткі нүктесінің координатасын азайту керек.

 

 

 Сабақтың қысқаша түсіндірмесі.

 

 Жұпқа бөлу:

 Оқушыларға қарама-қарсы сандар таратылады, қағаз қиындыларында жазылған қарама-қарсы сандарды дұрыс табу арқылы, оқушылар жұптарға бөлініп отырады..

 Мұғалім жұптық жұмыс пен әр оқушының жұпта атқаратын рөлі туралы ережені жасап, тиімді жұптық қарым-қатынасты ұйымдастырады.

 Мұғаім сабақтың тақырыбын анықтату үшін «Ой қозғау» стратегиясын қолданады. Мұғалім оқушылармен бірге сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін анықтайды. Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылардың түсінуі үшін, сынып ауқымында талқылау пайдаланылады.

 Оқушылардың «Жақын арада даму аймағын» анықтау үшін өткен сабақ бойынша келесі сұрақтар беріледі:

 Сөйлемді аяқтаңыз:

 1. қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан… (қосындыеың мәні өзгермейді)

 2. кез келген санның нөлмен қосындысы... (сол санның өзіне тең)

 3. қарама-қарсы сандардың қосындысы... (0 – ге тең)

 4. қарама – қарсы сандардың ... өзара тең (модульдері)

 Оқушылар тапсырманы жеке орындайды. Тапсырманы орындап болған соң дайын жауаппен өзін тексерсе болады немесе жұптар бір – бірін тексерсе болады.

 Жаңа сабақты түсіну.

 Проблемалық оқыту

 Сыныппен жұмыс:

 Рационал сандарды азайтудың алгоритмін тұжырымдау.

 Сұрақ:

 Бірдей таңбалы рационал сандарды қалай азайтамыз?

 Әр түрлі таңбалы рационал сандарды қалай азайтамыз?

 Оқушылардың өздері шешу жолдарын ұсынады.

 Оқушыларға дер кезінде кері байланыс беріледі. Оқушылар тек сұраққа жауап беріп қана қоймай, сонымен қатар рационал сандарды азайту жайында ой-түйіндерін айтулары тиіс.

 

 Тапсырма 1. Есептеңіз.

 Бұл тапсырманы орындауда, алдында құрылған рационал сандарды азайту алгоритмін қолдану керек. Оқушылардан әр кезде өз шешімдерін негіздеп отыруы сұралады. Бұл тапсырма ауызша орындалады.

 А) -1-(-3)

 Ә) 9-(-5)

 Б) 5-(-3)

 В) 9,9-9,9

 Г) -1-(+8)

 Ғ) -6-(-11)

 Д) 3,5-(+7)

 Е) -8,5-1,5

 Ж) 6-(-4)

 Жауабы: А)2 Ә) 14 Б) 8 В) 0 Г) -9 Ғ) 5 Д) -3,5 Е) -10 Ж) 10

 Жаңа сабақты меңгеру.

 Жұптық жұмыс:

 Тапсырма 2. Теңдеуді шешіп,жауабын тексеріңіз

  •  х+(-5)=2
  •  8+y=-3
  •  14+x=-6
  •  -6+x=-2
  •  y+7=-13
  •  x+11=-4

 Шешуі: 1) х=2+5=9 4) x=6-2=4

 2) y=-3-8=-11 5) y=-13-7 =-20

 3) x=-6-14=-20 6) x=-4-11=-15

 

 Жауабы: 1)7 2)-11 3)-20 4)4 5)-20 6)-15

 

 Тапсырма 3. Есептеңіз:

  •  21-(5-8)
  •  3,7-(4-5,3)
  •   – ( )
  •  −13-(20-32)
  •  -4,5-(7-9,5)
  •   – ( )
  •  −18-(9-5)
  •  -0,25-(3-2,25)
  •   – ()

 Шешуі: 1)21-(5-8)=21-13=8

 2)3,7-(4-5,3)=3,7+1,3=5

 3) – ( )==

 4)−13-(20-32)=-13+12=-1

 5)-4,5-(7-9,5)=-4,5+2,5=2

 6) – ( )=

 7)−18-(9-5)=-18-4=-22

 8)-0,25-(3-2,25)=-0,25-0,75=-1

 9) – ()= )=

 Жауабы: 1) 8 2) 5 3) 4) -1 5) 2 6) 7) -22 8) -1 9)

 1 минут «Сергіту сәтін» жасатқан абзал.

 https://www.youtube.com/watch?v=J9Gc_-7KM2s

 

  Жаңа сабақты меңгеру.

 Жұптық жұмыс:

 Тапсырма 4. Теңдеуді шешіңіз

  •  -13,7-(-х)=-4.9
  •  6,1-(-y)=-5.2
  •  -2,9+(-x)=-3.8

 Шешуі: 1) -13,7-(-х)=-4,9 -(-х)=-4,9+13,7 x=8,8

  2) 6,1-(-y)=-5,2 -(-y)=-5,2-6,1 y=-11,3

  3) -2,9+(-x)=-3,8 -x=-3,8+2,9 x=0,9

 Жауабы: 1) х=8,8 2) y=-11,3 3) x=0,9

 Тапсырма 5. АВ, CD,EF кесінділерінің ұзындығын табыңыз:

 А) А(-7);В(2)

 Б) С(-5);D(1)

 В) E(-6)F(-2)

 Шешуі: A) Б) В) Жауабы: А) 9 Б) 6 В) 8

 Бірнеше оқушылардан тақтаға шығып өз жауаптарымен бөлісулері сұралады. Жауаптардың дұрыс па жоқ па екенін қалған оқушылардан сұрап талқыланады.

 Мұғалім оқушылардың жауабын олардың білім деңгейлерін тексеру үшін ғана емес, оларға өз ойларын анық жеткізуге, дамытуға және кеңейтуге мүмкіндік беру үшін де пайдаланады.

 Жаңа сабақты бекіту.

 Кейбір оқушылар тапсырманы өздері орындайды, ал кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі. Барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әр түрлі болады. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі.

 1 тапсырма. Теңдеуді шешіңіз:

  •  х+(-0,35)=2,3
  •  -23.5+(-y)=-4,6
  •  y+(-48,3) =-78,5

 Шешуі: 1) х+(-0,35)=2,3 х=2,3+0,35=2,65

  2) -23.5+(-y)=-4,6 -y=23,5-4,6 y=-18,9

  3) y+(-48,3) =-78,5 y=-78,5+48,3 y=-30,2

 

 Жауабы: 1)2,65 2)-18,9 3)-30,2

 

 

 2 тапсырма.

 Арал теңізін жағалауының жазғы температурасы +45С, ал қыста -47С. Арал теңізі жағалауының температура өзгерісін табыңыз.

 Шешуі: 45+47=92

 Жауабы: 92

 Презентациядағы дайын жауаптар бойынша өзін-өзі тексеріп, дескриптор боынша өзін бағалайды.

 Мысалы:

  •  егер барлық жұмыс дұрыс орындалса, «өте жақсы»,
  •  егер жауаптары дұрыс, кейбір түсіндірмелер қиындық тудырса «жақсы»,
  •  егер барлық жұмыстың 70-ы дұрыс болса, онда «тәжірибе қажет»
  •  егер барлық жұмыстың 70-нан азы дұрыс болса, онда «көмек қажет» деп бағалауға болады.

 Бағалау критерийі

 Дескриптор

  Рационал сандарға амалдар орындайды

 

 теңдеудің белгісіз компонентін өрнектейді;

 рационал сандарға амалдар орындайды;

 

 теңдеудің түбірін табады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:

 Математика:Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық.

 Алматы: «Атамұра» 2002

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу