Рационал сандарды азайту. Координаталық түзуде нүктелердің арақашықтығы. Математика, 6 сынып, қосымша материал.


 Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар

 

Рационал сандарды азайту. Координаталық түзуде нүктелердің арақашықтығы.

Оқыту мақсаты: 6.1.2.14 Рационал сандарды азайтуды орындау.

Сабаққа қажетті құралдар: тақырып бойынша таныстырылым; таратпа материалдар (дидактикалық материал).

Бағалау критерийі:

Бұл сабақта оқушы:

  • Рационал сандарға амалдар орындайды.

Негізгі ұғымдар, анықтамалар.

Бір саннан екінші санды азайту үшін, азайғышқа азайтқышқа қарама – қарсы санды қосу керек.

ab = a + (– b)

Азайту амалының ерекше жағдайлары:

0 – a = – aa – 0 = aa – a = 0

Егер азайғыш пен азайтқыштың таңбалары әр түрлі болса, онда рационал сандарды азайту таңбалары бірдей сандарды қосу «ережесі бойынша» орындалады.

Егер азайғыш пен азайтқыштың таңбалары бірдей болса, онда рационал сандарды азайту таңбалары әр түрлі сандарды қосу «ережесі бойынша» орындалады

Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығын табу үшін оның оң жақ шеткі нүктесінің координатасынан сол жақ шеткі нүктесінің координатасын азайту керек.

Сабақтың қысқаша түсіндірмесі.

Жаңа тақырыпты проблемалық оқыту.

Тақырыпты зерделеу міндеті мен мақсатын оқушылардың түсінуі үшін, тапсырманы сынып ауқымында талқылау.

Сұрақ: Координаталық түзуде нүктелердің арақашықтығын қалай табамыз?

Рационал сандарды қалай азайтамыз?

Оқушылардың өздері жауабын ұсынады.

Тапсырма 1.

Ойыншылар командасы қарсылас команда қақпасына 5 доп салды, ал өздерінің қақпасына 2 доп жіберіп алды. Әрбір салған доп үшін +1 ұпай, ал жіберіп алған доп үшін (-1) ұпайға ие болды. Ойын нәтижесі қандай? Бұл команда ұтты ма әлде ұтылды ма?

Оқушылардың жауаптарын негіздеуді сұрау маңызды.

Жауабы: 3 ұпай, бұл команда ұтты.

Мұғалім оқушылардың жауабын олардың білім деңгейлерін тексеру үшін ғана емес, оларға өз ойларын анық жеткізуге және қоршаған ортамен байланысты тапсырмалар беру арқылы функционалдық салауаттығын дамытуға мүмкіндік беру үшін де пайдаланады.

Жұптық жұмыс:

Тапсырма 2. Торғай өзінен 7,4 м арақашықтықтағы инелікті қуады. Инелік жылдамдығы 3,7 м/с, ал торғайдың жылдамдығы 5,8 м/с. 1с уақыт өткен соң олардың арақашықтығы неше м болады?

Жауабы: 5,3

Тапсырма 3. Ауа температурасы таңертең 4С, ал кешке -3С болды. Тәуліктегі температура өзгерісі қандай?

Жауабы: 7

Тапсырма 4. Кестені толтырыңыз:

a

8,3

-4,75

-13,94

b

10

-3

-20

a-b

Жауабы:

a

8,3

-4,75

-13,94

b

10

-3

-20

a-b

-1,7

0,5

22,8

-1,5

6,06

Тапсырма 5. Координаталық түзудегі бірлік кесіндінің ұзындығы 1 см. А нүктесіне -2,5 саны, В нүктесіне оған қарама – қарсы сан сәйкес келеді. АВ кесіндісінің ұзындығын табыңыз.

Жауабы: 5

Сабақты меңгеру кезеңінің алдында «көз жаттығуын» жасату абзал. https://www.youtube.com/watch?v=J9Gc_-7KM2s

Тапсырма 6. Координаталық түзудегі бірлік кесіндінің ұзындығы 1 см. CD кесіндісінің ұзындығы 16 см. Кесіндінің ортасы координатасы -5 болатын нүктемен белгіленген. C және D нүктелерінің координаталарын табыңыз.

Жауабы: С (-13) және D (3)

Тапсырма 7. Өрнекті ықшамдаңыз

  • a+(-b)-(-2a)
  • a-(+a)+2b-(-b)
  • a-(-b)-4a
  • a-(+3a)+(-b)-b

Жауабы: 1) 3а-b 2) 3b 3) -5a+b 4) -4a-2b

Тапсырма 8. Таңба ережелерін қолданып,жақшаны ашып,есептеңіз

  • (-14,35)-(-53,5)-(+21,3)-(-16)
  • (-60)-(-15,9)-(+8,2)-(-23,3)

Бірнеше оқушылардан тақтаға шығып өз жауаптарымен бөлісулері сұралады. Жауаптардың дұрыс па жоқ па екенін қалған оқушылардан сұрап талқыланады.

Жауабы: 1) 34 2) -29

Жаңа сабақты бекіту.

Өзіндік жұмыс:

Оқу туралы танымдық теорияға негізделе отырып, бұл оларға өздерінің бар білімдерін толықтырып, жаңа білімдерін, бұған дейінгі қалыптасқан құрылымға кіріктіруге мүмкіндік береді. Бұл оқушыларға бұл білімді өздері игергендігін сезінуге көмектеседі.

1 тапсырма. Есептеңіз:

  • 24,6+(-35,9)-(-6,5)+(-5,2)
  • (-32)-(-13,8)-(+26,3)-(-27,5)

Дескриптор: Оқушы

-таңбалары бірдей рационал сандарды азайтады;

-таңбалары әр түрлі рационал сандарды азайтады;

-өрнектің мәнін табады.

Жауабы: 1) -10 2) -17

2-тапсырма

санын төмендегідей шарттарды қанағаттандыратындай, екі санның қосындысы түрінде жазыңыз:

a) бірі екіншісінен 1-ге артық болатын;

b) бірі берілген санға қарама-қарсы сан болатын;

с) бірі берілген санға үш еселенген қарама-қарсы сан болатын.

Дескриптор: Оқушы

  • таңбалары бірдей рационал сандарды қосады;
  • таңбалары әр түрлі рационал сандарды қосады;
  • берілген шартты қанағаттандыратын теңдеу құрады;
  • теңдеудің түбірін табады;
  • белгісіз екі санды жазады;
  • берілген санды екі санның қосындысы түрінде жазады.

Дайын жауаптар бойынша өзін-өзі тексеріп, дескриптор бойынша өзін бағалайды.

Сөйлемді аяқта:

  • бүгін мен білдім .....
  • маған қызықты болды, ....
  • осы мәселе бойынша менің ойым ....
  • осы мәселені қаталасақ ....
  • тапсырмаларды орындау барысында маған көмектесті ...

Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:

Математика:Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық.

Алматы: «Атамұра» 2012

https://bilimland.kz/kk/courses/math-kz/arifmetika/butin-sandar/lesson/butin-sandar

https://www.youtube.com/watch?v=J9Gc_-7KM2s



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу