Рационал сандарды азайту. Координаталық түзуде нүктелердің арақашықтығы. Математика, 6 сынып, қосымша материал.


 Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар

 

Рационал сандарды азайту. Координаталық түзуде нүктелердің арақашықтығы.

Оқыту мақсаты: 6.1.2.14 Рационал сандарды азайтуды орындау.

Сабаққа қажетті құралдар: тақырып бойынша таныстырылым; таратпа материалдар (дидактикалық материал).

Бағалау критерийі:

Бұл сабақта оқушы:

  • Рационал сандарға амалдар орындайды

Негізгі ұғымдар, анықтамалар.

Азайту – қосынды мен белгілі қосылғыш бойынша екінші (белгісіз) қосылғышты табу амалы.

Бір саннан екінші санды азайту үшін, азайғышқа азайтқышқа қарама - қарсы санды қосу керек:

a-b=a+(b)

a(b)=a+b

a(+b)=ab

– а –(– b)=a+b

Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығын табу үшін оның оң жақ шеткі нүктесінің координатасынан сол жақ шеткі нүктесінің координатасын азайту керек.

Сабақтың қысқаша түсіндірмесі.

Топқа бөлу.

Оқушыларды үш топқа бөлу. Сыныптағы барлық (ұлдар мен қыздар араласып) оқушылар боймен тұрады. 1 – ші, 2 – ші және 3 – ші деп саналып, топтар құрылады.

 Мұғалім оқушылармен бірге сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін анықтайды. Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылардың түсінуі үшін, сынып ауқымында талқылау пайдаланылады.

 Үй тапсырмасын тексеру, қиындық туғызған сұрақтарға нұсқау жасау, уақытылы кері байланыс беру. Үй жұмысында оқушылар жіберген қателер олардың есінде сақталып қалмау үшін оны түзету.

 Оқушылардың «Жақын арада даму аймағын» анықтауүшін, қайталау сұрақтар беріледі. Мұғалім оқушылардың жауабын олардың білім деңгейлерін тексеру үшін ғана емес, оларға өз ойларын анық жеткізуге, дамытуға және кеңейтуге мүмкіндік беруді басты назарда ұстау керек.

Қайталау сұрақтары:

  • рационал сандар қалай азайтылады?
  • таңбалары әр түрлі сандарды азайту қалай орындалады?
  • таңбалары бірдей сандарды азайту қалай орындалады?
  • координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығын қалай табамыз?

 Оқу барысында кез келген уақытта түрлі сұрақтарды қолдануға болады. жетекшілік ретінде Блум таксономиясын негізге ала отырып, тиісінше сұрақтың күрделілігін реттеуге болады.

Алдыңғы «Рационал сандарды азайту» сабағын бекіту мақсатында «Тарсия» ойынын өткізіледі.

Тарсия – математика пәнін оқыту үшін әр түрлі басқатырғыштар құрастыруға арналған бағдарлама. Тарсия – математика пәнін оқытуда топтық, жұптық жұмыстарда қолданылады. Тарсия бағдарламасы көмегімен тіктөртбұрышты және үшбұрышты кеспе қағаздардан тұратын әртүрлі пазлдар жасауға болады.

Топтық жұмыс:

Әрбір топқа 8 үшбұрыш беріледі, үшбұрыштың қабырғаларында есеп немесе есептің жауабы болады. Есептерді шығарып, басқа үшбұрыштан жауабын іздейді. Осылайша үшбұрыштарды сәйкестендіріп фигура жасау қажет. Фигураның атын атайды. Барлық топтың болғанын күтеді.

Шыққан фигураның айналасында кейбір қабырғалардағы «есеп» пен «есептің жауабын» әрбір топтың жауабын біріктіргенде қолданамыз. Шықан фигураны атайды.

Әрбір топқа А, В, С деңгейлерінің есептері аралас беріледі.

Сыныптағы ахуал мақсатқа сай келіп, оқушыны белсенді болуға шақыратын, ынталандыратын, жайлы болуы керек. Мұғалім оқу ортасының қандай екенін үнемі назарда ұстағаны дұрыс.

Бағалау:

Топтық жұмыс дұрыс орындалғанда:

1 – ші топ «Параллелограмм» шығару керек.

Жауабы:

2 – ші топ «Параллелограмм» шығару керек.

Жауабы:

3 – ші топ «Ромб» шығару қажет.

Жауабы:

Сыныппен жұмыс:

Сыныптық жұмыстың жауабы дұрыс алтыбұрыш шығару қажет.

Оқушыларға сенім білдіру, олардың білімі мен тәжірибесін мойындап, оның маңызды екенін білдіру.

Жауабы:

Сабақты қорытындылау:

  • Рационал сандар қалай азайтылады?
  • Таңбалары әр түрлі сандарды азайту қалай орындалады?
  • Таңбалары бірдей сандарды азайту қалай орындалады?
  • Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығын қалай табамыз?

Рефлексия:

Сабақ соңында оқушылар өздерінің көңіл-күйлері мен сабақта қатысты көңіл күйлерін көрсетеді

  • Маған бәрі түсінікті, мен түсіндім!
  • Менде қателіктер бар, бірақ мен қатемді түзеуге тырысамын!

  • Мен ештеңе түсінбедім

Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:

Математика:Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық.

Алматы: «Атамұра» 2012

http://soft.mydiv.net/win/download-Formulator-Tarsia.html



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу