Теріс рационал сандарды қосу. Таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосу. Математика, 6 сынып, презентация.


Теріс және оң сандарды саралап,

Қосып, алып, нәтижесін бағалап.

Таңбалары әртүрлі сан бұл қалай,

Көрейікші сандар бағын аралап!

Тақырыбы:

Теріс рационал сандарды қосу

Сабақ мақсаты:

таңбалары бірдей рационал сандарды қосуды үйренеді.

Бағалау критерийлері:

таңбалары теріс рационал сандарды қосу ережесін біледі;

теріс рационал сандарды қосу ережесін қолданып есептер шығара алады.

Жедел сұрақтар

Натурал сандар деп қандай сандар жиынын атайды?

Рационал сандар жиынына мысал келтіріңіз.

Координаттық нүкте дегеніміз не?

Таңбалары әртүрлі рационал сандарды қалай қосады?

Нүкте координаталық түзу бойымен оң бағытта жылжыса, оның координатасы қалай өзгереді?

Нүкте координаталық түзу бойымен теріс бағытта жылжыса, оның координатасы қалай өзгереді?

Қарама-қарсы сандардың қосынжысы неге тең?

Таңбалары әртүрлі сандарды қосу

Таңбалары әртүрлі модулдері тең емес екі санды қосу үшін:

1. үлкен модульден кіші модульді азайту керек;

2. шыққан санның алдына модулі үлкен қосылғыштың таңбасын қою керек.

Теріс рационал сандарды қалай қосу керек?

Оқушыларға видеосабақ ұсынылады. Bilimland-Арифметика-Бүтін сандар (3 мин) https://bilimland.kz/kk/home#lesson=10580

Теріс сандардың қосындысы

1. Екі теріс санның қосындысы – теріс сан.

2. Егер екі қосылғыштың біреуі 0-ге тең болса, онда қосынды екінші қосылғышқа тең болады.

Мысалы:

Жұптық жұмыс:

1-ші тапсырма. Қосуды орындаңыздар:

Жұптық жұмыс:

1-ші тапсырма. Қосуды орындаңыздар:

2-ші тапсырма.

Жай бөлшектерді қосуды орындаңыздар:

2-ші тапсырма.

Жай бөлшектерді қосуды орындаңыздар:

3-ші тапсырма.

Серіппені сыққанда бірінші ретте оның ұзындығы 1,2 см-ге қысқарса, екінші ретте тағы да 1,9 см-ге қысқарды. Серіппенің ұзындығы барлығы неше сантиметрге қысқарды?

Серіппенің қысқаруын теріс санмен жазып көрсетіңдер.

Таңбалары әртүрлі сандарды қосу

 Тест жауаптары

Үйге тапсырма: №442, 448

Математика 6 класс, Т.Алдамұратова.,

Алматы, «Атамұра» 2012.

 

Рефлексия

1) Рационал сандарды қосуды дұрыс ұғына алдың ба?

 

2) таңбалары әртүрлі сандарды қосудың қасиетін қолдана алдың ба?

 

3) берілген тапсырмаларды қаншалықты дұрыс жаза білдің?

Пайдаланылған әдебиеттер, видеоресурстар:

Матема-тика 6 класс, Т.Алдамұратова., Алматы, «Атамұра» 2012

http://bilimland.kz/kk/content/structure/863-algebralyq_ornekterdi_turlendiru#lesson=10063

Математика 6 класс, С.М.Никольский,. М: Просвещение -2012

Сабаққа белсене араласқандарыңызға рақмет!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу