Бүтін сандар. Рационал сандар. Математика, 6 сынып, дидактикалық материал.
Жұптық жұмыс.
Оқытудың практикалық жұмысы.
Суретте көп қабатты үйдің (0) – жертөлесі, жоғарыдағы бөлігі мен төменгі жертөледе орналасқан машина қоятын тұрақ көрсетілген. А)Жертөлені (0 – нүктесі көрсетілген) – координата басы ретінде қарастырып, қалған жоғарғы және төменгі қабаттарды оң , теріс сандармен белгілеңіз;
Б)Жазған сандарыңыздан ең үлкен оң бүтін санды табыңыз;
Сандардың арасынан ең кіші оң бүтін санды табыңыз;
Сандардың ішінен ең үлкен теріс бүтін санды табыңыз;
Сандардың ішінен ең кіші теріс бүтін санды табыңыз
В)Егер әр қабаттың ұзындығы 3 метр болса, жертөледе орналасқан ең төменгі қабаттан ең жоғарғы қабатқа дейінгі қашықтықты табыңыз;
Г)Үйдің жер бетіндегі бөлігінің биіктігін табыңыз, үйдің жердің төменгі бөлігіндегі қабаттарының биіктігін табыңыз.
Дескриптор: Білім алушы
1)Үйдің жоғарғы және төмендегі қабаттарын сандармен белгілейді;
2) Ең үлкен оң бүтін санды табады;
Ең кіші оң бүтін санды табады;
Ең үлкен теріс бүтін санды табады;
Ең кіші теріс бүтін санды табады.
3) Барлық қабаттың, жалпы қабаттардың ұзындығын табады;
4) Үйдің жер бетіндегі бөлігінің биіктігін табады;
Үйдің жер астындағы бөлігінің биіктігін табады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру