Масштаб. Математика, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.
Тақырыбы: «Масштаб»
Сабақтың мақсаты:
6.1.1.5
масштаб ұғымын меңгеру;
6.5.1.3
картамен, сызбамен, жоспармен жұмыс барысында масштабты қолдану;
Бағалау критерийлері:
Білім алушы
- масштаб ұғымын түсінеді;
- екі санның қатынасын жаза алады;
- пропорция ұғымын біледі;
- картамен, сызбамен, жоспармен жұмыс барысында масштабты қолданады.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасады. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.
Үй тапсырмасын тексеру.
Ой-түрткі:
С-1: Масштаб дегеніміз не?
С-2: Масштаб қайда және не үшін пайдаланады?
С-3: Егер дененің нақты өлшемі сызбада 100 есе кемісе, сызбаның масштабы неге тең?
Есеп шығару сабағы болғандықтан оқушылармен топқа бөлініп топтық жұмыстар жүргізіледі. Әр топ өз тапсырмаларын орындап, басқа топтармен алмаса отырып бірін-бірі бағалайды.
Топтық жұмыс
1 топ
№1.
1:12250000 карта масштабын пайдалана отырып, Астана мен Тараз қалаларының Жер бетіндегі арақашықтығын табыңдар.
Жауабы: 919 км.
№2. Пішіні квадрат тәрізді жер бөлігінің сызбасы 1:500 масштабымен жасалған. Оның қабырғасы сызбада . Осы жер бөлігінің ауданын есептеп табыңыз. Жауабы:
ІІ топ
№1.
Астана мен Атырау қалаларының Жер бетіндегі арақашықтығы 1500 км болса, онда карта масштабын табыңдар. Жауабы: 1:20000000.
№2. Тік төртбұрышты алаңның ауданы 73500м2. Масштабы 1:7000 сызбада осы алаңды кескіндегенде, ұзындығы тік төртбұрыш шықты. Алаңның енін табыңыз.
Жауабы:
ІІІ топ
№1. Астана мен Жезқазған қаларының арақашықты,ы 496 км. 1:8000000 масштабымен берілген картада екі қаланың арақашықтығы неше сантиметр. Жауабы: 6,2 см.
№2. Масштабы 1:10000000 картада Алматыдан Мәскеуге дейінгі қашықтық 3 дм. Алматы-Мәскеу темір жолының ұзындығы Алматыдан Мәскеуге дейінгі ара қашықтықтан 50%-ке артық. Темір жолдың ұзындығын табыңыз. Жауабы: .
Оқушылармен сергіту сәті жүргізіледі. Көзге жаттығу жұмыстары жүргізіледі.
Жалпы сыныппен жұмысты болғаннан соң оқушылар бүгінгі сабақтың оқу мақсатын меңгеру үшін дифференциалданған тапсырмалар беріліп, өз білімдерін шыңдайды және жұпта бірін-бірі бағалайды.
Жұптық жұмыс
Дифференциалданған тапсырмалар беру.
А: Екі елді мекеннің Жер бетіндегі арақашықтығы 68 км. Осы елді мекеннің:
1) масштабы 1:2000000; Жауабы: 3,4 см.
2) масштабы 1:1700000 картадаға арақашықтығын табыңдар. Жауабы: 4 см.
В: Екі елді мекен арасын мотоциклші 40 км/сағ жылдамдықпен 1 сағ 24 мин жүрді. Осы екі елді мекеннің картадағы арақашықтығы:
- 7 см; 2) 4 см болса, картаның масштабын табыңдар.
Жауабы: 1) 1:800000; 2) 1:1400000.
С: Картада А және В қалаларының арасы 2,8 см, ал В және С қалаларының арасы одан 7 см артық. Егер А және В қалаларының Жер бетіндегі арақашықтығы 180 км болса, В және С қалаларының Жер бетіндегі арақашықтығы неше киолметр? Жауабы: 630 км.
Сабақ соңында үйге тапсырма беріледі. Масштаб. Шығармашылық тапсырма. Есеп құрастырып келу.
Сабақ соңында рефлексия жүргіземіз. Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша алған өз ой-пікірлерін айтады.
Нені түсіндім
Нені түсінбедім
Әлі де дайындық қажет етемін.
Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру