Бөлімі: Қозғалысқа, егіннің түсімділігіне берілген есептер | Мектеп: |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: |
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: |
Тақырыбы: | Бірлесіп жұмыс істеуге берілген есептерді шығару |
Оқу мақсаты: | 4.5.1.2** есептерді шығаруда жұмысқа жіберілген уақыт, атқарылған жұмыс шамаларының өзара тәуелділігін пайдалану 4.5.1.1 есепті сызба, алгоритм, дөңгелек диаграмма, график түрінде модельдеу |
Бағалау критерийлері | •шамалар арасындағы тәуелділікті орнату және түсіндіру; •модель бойынша есепті құрастыру; •есептерді шешу алгоритмі кезеңдерін айту; •есептер мен олардың шешімдерін салыстыру; |
Ғылыми тіл | Пәндік терминология мен тірек сөздер: үлес, бөлшек сан | Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын тіл. | сызба, график, схема, бағыт; үштік шама, шамалар тәуелділігі; жұмысқа жіберілген уақыт, атқарылған жұмыс; |
|
Құндылықтар | Өзіне өзі құрмет, өмір бойы білім алу |
Пәнаралық байланыс | жаратылыстану |
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта |
Алдыңғы меңгерілген білім | шамалар арасындағы тәуелділікті біледі |
Сабақ барысы |
Жоспарланған уақыт | Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті | Ресурстар |
Сабақтың басы | (Т)Кіріспе тапсырма. Ауызша есептеу. 1 минуттық құмсағатын пайдаланып оқушыларға интербелсенді тақтадағы тапсырмаларды жеке орындауға ұсыну. 1 минут уақыттан кейін: — 1 минутта қанша тапсырма орындадыңдар? — Неліктен 1 минутта орындаған тапсырмалары- ның саны әртүрлі? Содан соң тағы 1 минут уақыт беріп, ұқсас тапсырмаларды топта орындауға ұсыну. Орындамас бұрын, оқушылар топта тапсырманы қалай орындайтыны туралы ақылдасып алу керек (тапсырмаларды бөліп алу, немесе бірлесе орындау). Сұрақтар қою: — 1 минутта қанша тапсырма орындадыңдар? — Топпен 1 минутта орындаған тапсырмалардың саны жеке орындаған тапсырмалардың санымен бірдей ме? Неліктен? Оқушылар бірлесе орындаған есептер саны ар- тық болғаны туралы қорытынды жасайды. | Таратпа қағаздар |
Сабақтың ортасы | (Ж)Сәйкестерін тап. Тапсырманы жұптасып қанша уақыт жұмсағанын сұрау. | (Т)Шығарып көр. Тапсырманың мақсаты есептерді шығаруда жұмысқа жіберілген уақыт, атқарылған жұмыс шамаларының өзара тәуелділігін пайдалану есептің шартын оқып, кесте құру арқылы шығару дағдысын қалыптастыру. а) -Тапсырмада не белгілі? -Қандай сұрақ қойылған? -Тапсырманың сұрағына бірден жауап беруге бола ма, әлде жоқ па? Неліктен? -Алдымен не істеу керек? Неліктен? – деген сұрақтарға жауап беру.Тапсырманы талдағаннан кейін оқушыларға тапсырманы орындауға уақыт беру. Топ өкілі жауабын тақтаға жазып, шешімін түсіндіреді.Басқа оқушылар жазылған шешімді тексеру. Жауабы: 1200 : 400 +1200 : 240 = 8 (т); 1200 : 8 = 150 (рет). Жауабы: мәшинелер бірлесіп тасыса, құмды 15 рет қатынау арқылы жеткізеді. | ә) (Ұ) Оқушылар ұжыммен есептің шартын талдайды, кесте құрып есепті шығарады. Оқушылардың сұрауымен жауабын тақтаға жазады.Басқалары өз шешімін тақтадағымен салыстырып, талдау жасайды. Жауабы: 5160 : (212 + 218) = 12; 212 · 12 = 2544; 218 · 12 = 2616. | б) (Т) Оқушылар тапсырманы топта талқылайды, қорытындыларын шығарады. Әр топтың өкіліне тақтаға жауабымен шығуды ұсыну.Өз жауабын дәлелдеу. Оқушылардан сұраққа жауап беру үшін, нені білу керектігін сұрау. Жауабы: 150 : 15 + 150 : 10 = 25 (ағаш); 150 : 25 = 6 (күнде). Жауабы: екі сырлаушы бірлесіп жұмыс істесе, осы жұмысты 6 күнде орындай алады. | (Ө)Ойлан Тапсырманы орындамас бұрын, сағатты минутқа аудару керектігін еске түсіру. Содан кейін тапсырманы өз бетінше орындау. Жауабы: 1 сағ 10 мин = 70 мин; 9 70 – 4 70 = 350 (л); 400 – 350 = 50 (л). Жауабы: бөшке 1 сағат 10 минутта толып үлгермейді. | (Ө) Тұрғын үй. Тапсырманы ең бірінші болып бітірген оқушының жұмысын тексеру. Ол оқушы екінші оқушының жұмысын тексереді және тапсырманы орындап бітірулеріне қарай тізбек одан ары жалғаса береді. Жауабы: 2016 жылдың қыркүйек айында. | (Ж)Орындап көр. Тапсырма оқушылардың ойлауын жандандыруға бағытталған. Оқушыларға кеспеқағаздарды тарату. Бір жұпқа тапсырманы тақтада орындайды, ал қалған оқушылар өз жұмыстарын салыстырып тексереді. Керек болған жағдайда қателерін жөндеу қажет. | (Ұ)Ауызша есепте Тапсырманы оқушылар ауызша орындайды. Жауабы: а) (3061 + 1939) + 1025 = 5000; ә) 2048 + (1728 + 1072) = 4848; б) (3333 + 667) + (1110 + 890) = 6000; в) (2005 + 1995) + (3303 + 2697) = 10000 |
| №2 слайд Таратпа қағаздар | №3 слайд Таратпа қағаздар | № 4 слайд Таратпа қағаздар | № 4 слайд Таратпа қағаздар | № 5 слайд Таратпа қағаздар | № 6 слайд Таратпа қағаздар | № 7 слайд Таратпа қағаздар | №8 слайд Таратпа қағаздар |
|
Сабақтың соңы | Сабақтың рефлексиясы Рефлексия кезеңінде «Үш М» әдісімен кері байла- нысты жүргізіңіз.Оқушылардан олар оқу барысында жақсы орындаған үш мезетті атау және келесі сабақта олардың жұмысын жақсартатын бір әрекетті атайды. |
| |