Бірлесіп жұмыс істеуге берілген есептер. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Қозғалысқа, егіннің түсімділігіне берілген есептер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Тақырыбы:

Бірлесіп жұмыс істеуге берілген есептер

Оқу мақсаты:

4.5.1.2**

есептерді шығаруда жұмысқа жіберілген уақыт, атқарылған жұмыс шамаларының өзара тәуелділігін пайдалану

4.5.1.1

есепті сызба, алгоритм, дөңгелек диаграмма, график түрінде модельдеу

Бағалау критерийлері

шамалар арасындағы тәуелділікті орнату және түсіндіру;

модель бойынша есепті құрастыру;

есептерді шешу алгоритмі кезеңдерін айту;

есептер мен олардың шешімдерін салыстыру;

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

үлес, бөлшек сан

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын тіл.

сызба, график, схема, бағыт;

үштік шама, шамалар тәуелділігі;

жұмысқа жіберілген уақыт, атқарылған жұмыс;

Құндылықтар

Өзіне өзі құрмет, өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыс

жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

шамалар арасындағы тәуелділікті біледі

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Кіріспе тапсырма. «Автобус аялдамасы» әдісі

бойынша әр топ орындарын ауыстырып басқа топтың құрастырған есептерін оқып, қажет болса толықтырады, өз орындарына келгенде қандай өзгеріс болғандығын тауып өзара бағалауды ұйымдастыруға болады.

Оқулықтағы тапсырманы орындауды ұсыныңыз.

№1 слайд

Таратпа қағаздар

Сабақтың ортасы

1. Аққала жасау. Оқушылар оқулық кейіпкерлеріне аққала жасауға көмек көрсетіп, қар кесектеріндегі әріптерді жазумен сәйкестендіреді. Содан кейін қорытынды жасап ережені естеріне түсіреді.

Жауабы:

А — жұмыс (орындалған өнімнің саны);

V — өнімділік (уақыт бірлігінде істелген жұмыс);

t — уақыт (барлық жұмыс орындалған уақыт).

Шығарып көр. Тапсырманың мақсаты есептерді

шығаруда жұмысқа жіберілген уақыт, атқарылған жұмыс шамаларының өзара тәуелділігін пайдалану есептің шартын оқып, кесте құру арқылы шығару дағдысын қалыптастыру.

а) (Т) Топта берілген сұрақтарды талқылау:

-Тапсырмада не белгілі?

- Қандай сұрақ қойылған?

-Тапсырманың сұрағына бірден жауап беруге бола ма, әлде жоқ па? Неліктен?

-Алдымен не істеу керек? Неліктен? — деген сұрақтарға жауап береді. Тапсырманы орындауға уақыт белгілеу. Саралау мақсатында ынтасы жоғары оқушыларға есепті өз бетінше орындауды ұсыну. Әр топтың спикері кестелерін, шешімдерін тақтада көрсету. Есептің шешуін оқушылармен талқылау. Шешуін салыстыру.

а) Мұздан мүсін жасау үшін екі бригада жұмысқа кірісті. Бірінші бригада бір күнде 13 мүсін, ал екіншісі — 14 мүсін жасайды. Егер бірлесе жұмыс жасаса, 756 мүсінді қанша уақытта жасайды?

Жауабы:

756 : (13 + 14) = 28 (күн)

Жауабы: 28 күнде.

ә)(Ұ) Оқушылар ұжыммен есептің шартын талдайды. Топтың біреуі шешімдерін тақтаға жазады. Басқалары өз тобының шешімін

тақтадағымен салыстырып, талдау жасайды.

Топтардың жұмыстарын және есепті өз бетінше шығарған оқушыларды ауызша бағалау.

ә) Бірінші тігінші бір күнде 7 бөрік, ал екіншісі 4 бөрік тігеді. Екеуі бірлесіп 132 бөрікті неше күнде тігеді? Әр тігінші қанша бөріктен тігеді?

Жауабы:

132 : (7 + 4 ) = 12 күнде;

7 · 12 = 84 бөрік;

4 · 12 = 48 бөрік.

б) ) Оқушылар жұпта есептің қысқаша шартын кесте түрінде ламинатталған параққа жазуы сұралады. Сұрақтар қою:

— Есепте не белгілі?

— Не белгісіз?

— Үш топ бірлесіп жасағанда мұзды қамалды қанша уақытта бітіретінін қалай табуға болады?

  • Алдымен не істеу керек? Неліктен?

Бірнеше жұптан өз шешімдерін тақтаға көрсетуді

сұрау. Оқушылармен бірге есептің сызбасы мен шешуін талқылау. Шешуін салыстыру. Жұптың жұмысын бағалау.

б) Мұз қамалын жасау үшін 120 мұзкірпіш қажет. Шеберлер үш топқа бөлініп жұмысқа кірісті. Бірінші топ сағатына 20 , екіншісі — 23, ал үшіншісі — 17 кірпіш қалайды. Үш топ мұз қамалын қанша уақытта аяқтайды?

Жауабы:

20 + 23 + 17 = 60;

1 сағатта барлығы 60 кірпіш;

120 : 60 = 2 cағ.

Жауабы: үш топ бірлесіп мұзды қамалды 2 сағатта жасап бітіреді.

Ойлан.Аю туралы қысқаша әңгіме өткізу. Сұрақтар қою:

— Есепте нені табу керек?

— Біз осы сұраққа бірден жауап бере аламыз ба?

— Есептің сұрағына жауап беру үшін не істеу керек?

Ақ аюдың жейтін балығы күніне 6-ға артып

отырады. Осылайша ол 5 күн ішінде 100 балық

жейді. Аю бірінші күні қанша балық жеген?

Жауабы:

х + (х + 6) + (х + 12) + (х + 18) + (х + 24) = 100;

5х + 60 = 100;

5х = 100 - 60;

5х = 40;

х = 8 балық.

(Ө)Диаграмма бойынша есепті шығар.

Оқушылар диаграммада бірінші 4-сыныптар, екінші 3- және 4-сыныптар бойынша есепті шығарады.

Қысқы спорттық ойындар жарысына үшінші

және төртінші сынып оқушылары қатысты.

Төртінші сыныптардың үштен бір бөлігі жарыста

жүлделі орын алды. Төртінші сыныптарда

оқитын оқушылар қанша? Жарыста барлығы

неше оқушы жүлдегер болды?

Жауабы:

1) 10 + 8 = 18 — 4-сыныптардың жүлдегерлері;

2) 18 · 3 = 54 — 4-сыныптарда оқитын оқушылар;

3) 9 + 8 + 7 + 10 = 34 — барлық жүлдегерлер.

(Ж)Орындап көр.Оқушылар тапсырманы жұппен орындайды. Сыныптастарының туған күнін анықтап, кестені толтырады. Диаграмма құрады.

№2 слайд

Тапсырма жазылған таратпа қағаздар

№3 слайд

Тапсырма жазылған таратпа қағаздар

№ 4 слайд

Тапсырма жазылған таратпа қағаздар

Тапсырма жазылған таратпа қағаздар

№ 5 слайд

Тапсырма жазылған таратпа қағаздар

№ 6 слайд

Сабақтың соңы

Қайтала

Қосындысы мен көбейтіндісі бірдей болатын теңдіктерді тап.

а) 3 · 1 · 4 = 2 + 1 + 3; в) 1 · 4 · 2 = 3 + 1 + 2;

ә) 1 · 2 · 4 = 3 + 2 + 1; г) 4 · 1 · 3 = 2 + 3 + 1;

б) 2 · 1 · 3 = 1 + 2 + 3; ғ) 1 · 3 · 2 = 1 + 3 + 2.

Жауабы:

б) 2 · 1 · 3 = 1 + 2 + 3;

ғ) 1 · 3 · 2 = 1 + 3 + 2.

Сабақтың рефлексиясы

«SMS» хабарламасын жіберу жаттығуын өткізу.

Оқушыларға қағаздан жасалған ұялы телефоны бойынша, досына SMS-хабарламаны сабақтың өтуін бағалап, өзінің қаншалықты жақсы жұмыс жасағаны және қандай жаңалық білгені туралы, оны күнделікті өмірде қалай қолдануға болатыны туралы жазу.

№7 слайд

№8 слайд

Тапсырма жазылған таратпа қағаздар

Ұялы телефон суреті



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу