Ақшамен төлем жасау. Математика, 4 сынып, презентация.
Математика
4 - сынып
Тақырыбы:
Ақшамен төлем жасау
Сен
көптаңбалы сандарды ондық құрамы негізінде ауызша қосу және азайтуды орындау; микрокалькулятордың көмегімен есептеулер жүргізуді;
көптаңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту алгоритмдерін қолдануды;
10 000 тг, 20 000 тг купюраларын және түрлі мемлекеттің валюталарын (рубль, евро, доллар) ажырату және түрлі төлем жасауды
үйренесің.
Қазақстан
Ресей
АҚШ
Қытай
Турция
Сәйкестендір
Компьютер сатып алу.
Тұтынушы дүкеннен компьютер сатып алып, қайтарым ақша бермейтіндей төлем жасады. Ол кассаға 20000 теңгелік 2 купюра, 10000 теңгелік 3 купюра, 5000 теңгелік 4 купюра, 1000 теңгелік 6 купюра, 500 теңгелік 3 купюра, 200 теңгелік 2 купюра және 100 теңгелік 1 монета, 50 теңгелік 1 монета төледі. Компьютер қанша теңге тұрады?
Банкомат
Банкомат 53000 теңгені; 35000 теңгені;
123 500 теңгені қандай купюралармен беруі мүмкін?
Сақтандыру компаниясы
Сақтандыру компаниясы өзінің сақтанушы-ларына 40000 теңгеден қайтарым төлем төледі. Біреуіне теңгемен, екіншісіне еуропалық валюта - евромен, үшіншісіне ресей рублімен берді. Егер
1 евроны банкіде 400 теңгеге айырбастауға болатын болса, екінші сақтанушының неше евро алғанын есептеп біл. Егер 1 рубль 5 теңге тұра-тын болса, үшінші сақтанушы неше рубль алды?
Ақша жете ме?
Тұтынушы жиһаздар дүкенінде 15000 теңгеден екі орындық сатып алып, 120 000 теңге салынған банк картасымен төлем жасады. Осыдан кейін ол тұрмыстық техника дүкенінен бағасы 92000 теңге болатын теледидар сатып алғысы келді. Оның банк картасында қалған ақшасы теледидарға жете ме?
15000тг
92000тг
?
Шығарып көр
Қызметкерлер бірдей 4 флеш-карта мен 2 компью-тер меңзерін сатып алып, барлығына 30000 теңге төледі. Егер меңзер мен флеш-картаның бағала-ры бірдей болса, олар барлық флеш-картаға неше теңге төледі? Қандай купюралармен төлем жасауы мүмкін?
Ойлан
Азаматта қарындасы Динарамен салыстырғанда, 3 есе артық ақша болды. Ол қарындасына 420 теңге бергенде, олардың қолындағы ақшасы теңесіп, бірдей сомаға айналды. Бастапқыда Азаматта қанша ақша болған? Егер сыйлықтың бағасы 4 доллар болса, Азамат пен Динара-ның ақшасы анасына сыйлық алуға жете ме? 1 долларды 300 теңгеге айырбастауға болады деп есепте.
Рефлексия
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?