Ақшамен төлем жасау. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


1А Көптаңбалы сандар нумерациясы және олармен амалдар орындау

Ортақ тақырып: «Менің Отаным – Қазақстан», «Адами құндылықтар»

Бөлімше:Шамалар мен олардың өлшем бірліктері

Тақырыбы: Ақшамен төлем жасау

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Айдаболова Қаракөз Батырхановна

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

4.1.2.5 көптаңбалы сандарды ондық құрамы негізінде ауызша қосу және азайтуды орындау; микрокалькулятордың көмегімен есептеулер жүргізу

4.1.2.8 көптаңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту алгоритмдерін қолдану

4.1.3.6 10 000 тг, 20 000 тг купюраларын және түрлі мемлекеттің валюталарын (рубль, евро, доллар) ажырату және түрлі төлем жасау

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар үшін:

  • Оқушылар көптаңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмдерін қолдану, микрокалькулятордың көмегімен есептей алады

Бірқатар оқушылар үшін:

Шоттың үлкейтілген бірлігін - миллионды құрастыруды, талдауды және санның үлесін табуға қатысты есептер шығару

Кейбір оқушылар үшін:

Ақшалай қаражатпен операциялар орындай алатын болады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

ақшалай қаражатпен операциялар жүргізе алады

Пәндік лексика және терминология:

теңге, рубль, еуро, доллар

Сабақта диалог/жазуүшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

-Ақша туралы не білесіңдер?

-Бұрынғы уақытта адам қоғамында әлі ақша жоқ кезде адамдар ақшаның орнына нені қолданды?

-Қазіргі кезде ақшаның рөлі қандай?

- Біздің еліміздің ұлттық валютасы қалай аталады?

-Елімізде ақша айналымында қандай купюралар қолданылады?

Жазу:

Көптаңбалы сандарды жазу

Тірек білім, білік, дағдылар

валюта

Жоспар

Жоспар

ланған

уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

0–2

3-5

6-10

11–28

29–37

Ынталандыру.

(Ұ.Ж) «Микрофон стол үстінде» әдісі.

Микрофонды алып,оқушыларға сұрақ қою.

-Ақша туралы не білесіңдер?

-Бұрынғы уақытта адам қоғамында әлі ақша жоқ кезде адамдар ақшаның орнына нені қолданды? (Адамтар тауарлармен айырбас жасады)

-Қазіргі кезде ақшаның рөлі қандай?

-Біздің еліміздің ұлттық валютасы қалай аталады?

- Елімізде ақша айналымында қандай купюралар қолданылады?

Топқа бірігу

Қиып дайындаған 3 купюраны алады. Оқушылар шетінен қобдишадағы қиындыларды алып, оларды құрастыру арқылы 3 шағын топқа бірігеді.

Сәйкестендір

(Т.Ж) Бұлар –айналымдағы ең ірі купюралар. Көптеген елдер өзінің валютасымен қатар халықаралық валюталарды қолданылады. Ойын барысында оқушылар кейбір елдердің валютасымен танысады. Әрбір шағын топ дайындалған бірнеше елдің валютасы мен атауы жазылған кеспе қағаздарды алады. Оқушылар мемлекет пен оның валютасын сәйкестендіреді.

Бармақ арқылы бағалау

Тапсырма дұрыс болса, бармақ жоғары қарай, қате болса, бармақ төмен қарай бағытталады.

Компьютер сатып алу

(Т.Ж) Әр топқа есептің шартында көрсетілген купюраларды таратып беру. Оқушылар компьютерге жұмсалған ақшаны санап, жауабын ламинатталған параққа жазып көрсетеді.

Тапсырма:

Тұтынушы дүкеннен компьютер сатып алып, қайтарым ақша бермейтіндей төлем жасады. Ол кассаға 20000 теңгелік 2 купюра, 10000 теңгелік 3 купюра, 5000 теңгелік 4 купюра, 1000 теңгелік 6 купюра, 500 теңгелік 3 купюра, 200 теңгелік 2 купюра және 100 теңгелік 1 монета, 50 теңгелік 1 монета төледі. Компьютер қанша теңге тұрады?

Жауабы:компьютердің бағасы 98150 теңге.

Бағдаршам түстері арқылы бағалау

Банкомат

(Ұ.Ж) Оқушыларға қолма-қол ақшаны банкіден немесе банкоматтан алуға болатынын айту. Банкомат банк картасын қолданып тұтынушының ақшасын беретін автомат екенін түсіндіру және оқушыларға банкоматтың қызметін атқаруды ұсыну. Оқушылар есептің сұрағына жауап береді. Ақшамен қандай амал орындағанын сұрау.

Тапсырма

Банкомат 53000 теңгені; 35000 теңгені; 123 500 теңгені қандай купюралармен беруі мүмкін?

Мүмкін жауабы:

53000 = 20000 + 20000 + 10000 + 2000 + 1000;

35000 = 20000 + 10000 + 5000;

123500=20000+20000+20000+20000+20000+10000+10000+2000+1000+500;

Фишка арқылы бағалау

Жұмысы дұрыс болған оқушыларға фишка беріледі.

Сақтандыру компаниясы.

.Ж) Шетелдің валютасын ұлттық валютамызға банкіде немесе арнайы айырбастау бөлімдерінде айырбастауға болатынын түсіндіру. Ол үшін айырбастау курсын білу керек.

-Есепте евроны айырбастау курсы қандай?

-Тұтынушының қанша евро алғанын қалай есептеуге болады?

-Рубльдің курсы қандай?

- Қай валюта құнды?

Топтарға әрбір тұтынушының қанша ақша алғанын санауды тапсыру. Осы тапсырмада ақшамен қандай амал орындағанын сұрау (Айырбастау).

Тапсырма

Сақтандыру компаниясы өзінің сақтанушыларына 40000 теңгеден қайтарым төлем төледі. Біреуіне теңгемен, екіншісіне еуропалық валюта — евромен, үшіншісіне ресей рублімен берді. Егер 1 евроны банкіде 400 теңгеге айырбастауға болатын болса, екінші сақтанушының неше евро алғанын есептеп біл. Егер 1 рубль 5 теңге тұратын болса, үшінші сақтанушы неше рубль алды?

Жауабы:40000 : 400 = 100 (евро); 40000 : 5 = 8000 (рубль).

Шапалақ соғу арқылы бағалау

Топтар бір-бірінің жұмыстарын тексеріп, шапалақ соғу арқылы бағалау

Ақша жете ме?

(Ж.Ж) Тапсырманы жұптасып орындауды ұсыну. Оқушылар жауабын қағазға жазып, басқа жұппен алмастырады, бірін-бірі тексеріп, бағалайды.

Тапсырма

Тұтынушы жиһаздар дүкенінде 15000 теңгеден екі орындық сатып алып, 120 000 теңге салынған банк картасымен төлем жасады. Осыдан кейін ол тұрмыстық техника дүкенінен бағасы 92000 теңге болатын теледидар сатып алғысы келді. Оның банк картасында қалған ақшасы теледидарға жете ме?

Жауабы:120 000–(15000 · 2) = 90000 (тг) жетпейді.

Смайлик арқылы бағалау

Тапсырманы орындап болған соң жұптар бір-бірін смайликтер арқылы бағалау.

Шығарып көр

(Ұ.Ж) Есепті сұрақ қою арқылы талдау ұйымдастыру.

-Есеп не туралы?

- Нені табу керек?

-Есептің сұрағына бірден жауап беруге бола ма?

- Алдымен нені білу керек?

- Бізге барлық төлеген сома белгілі ме?

- Флеш-карта мен тінтуірдің бағалары туралы не белгілі?

- Тінтуірдің, флеш-картаның бағасын қалай білуге болады?

-4 флеш-картаға неше теңге төледі?

Тақтаға бір оқушыны шығарып, түсіндіру жолын бақылау.

Тапсырма

Қызметкерлер бірдей 4 флеш-карта мен 2 компьютер меңзерін сатып алып, барлығына 30000 теңге төледі. Егер меңзер мен флеш-картаның бағалары бірдей болса, олар барлық флеш-картаға неше теңге төледі? Қандай купюралармен төлем жасауы мүмкін?

Жауабы:30000: (4 + 2) = 5000 (тг);5000 · 4 = 20000 (тг).

Шапалақ соғу арқылы бағалау

Оқушылардың жұмыстарын тексеріп, шапалақ соғу арқылы бағалау

Ойлан

(Т.Ж) Есепті теңдеу құру арқылы шығару. Нені (х) арқылы белгілеу керек екенін сұрау. Оқушыларға шағын топта бірлесіп теңдеу құруды. Теңдеудің шешуін әркім жеке орындайды. Жауаптарын топта талқылайды. Барлық оқушылардың есепті түсініп шығаруын бақылау.

Тапсырма

Азаматта қарындасы Динарамен салыстырғанда, 3 есе артық ақша болды. Ол қарындасына 420 теңге бергенде, олардың қолындағы ақшасы теңесіп, бірдей сомаға айналды. Бастапқыда Азаматта қанша ақша болған? Егер сыйлықтың бағасы 4 доллар болса, Азамат пен Динара-ның ақшасы анасына сыйлық алуға жете ме? 1 долларды 300 теңгеге айырбастауға болады деп есепте.

Жауабы:

3х–420 = х + 420;

2х = 840;

х = 420 (тг)

Динарада; 420 · 3 = 1260 (тг)

Азаматта; 1260 + 420 = 1680 (тг)

Барлығы; 300 · 4 = 1200 (тг) сыйлық.

Сыйлық алуға екеуінің ақшасы жетеді.

Бағдаршам түстері арқылы бағалау

Орындап көр.

(Ұ.Ж) Тапсырманы «Дүкен» ойыны түрінде орындауға болады. Оқулықта берілген заттардың суретін тақтаға іліп/жапсырып қоюға болады. Бір оқушы сатушы (дүкенші) болады. Оқушылар жұмсауға болатын ақшаның мөлшерін есептейді және осы сомаға дүкеннен зат сатып алады. Оқушылардың қандай заттар алғанын талқылау.

Жауабы:Барлығы 50900 теңге.

34200 + 8000 + 4500 = 46700 (тг)–костюм, футболка, кепеш сатып алады;

12200 +8000 + 4500 = 24700 (тг)–кроссовка, футболка, кепеш сатып алады;

34200 + 12200 + 4500 = 50900 (тг)–костюм, кроссовка, кепеш сатып алады;

34200 + 12200 + 8000 = 54400 (тг)–костюм, кроссовка, футболка сатып ала алмайды.

Фишка арқылы бағалау

Оқушылардың жұмыстарын тексеріп, жауабын тапқан оқушыларға фишка беру арқылы бағалау

Қалыптастырушы бағалау

Тиісті шешуін таңда. Бұл тапсырмада оқушылар есепті шешудің дұрыс жолын таңдап, оны шығарады. Есептің шартында әртүрлі валюталардың атаулары бар.

Жауабы:а) (84 + 28) : 16 = 7; ә) (456 – 26 · 6):15 = 20; б) 84–(84: 6 + 84 : 7) = 58

Шипажайға сапар.Оқушыларға билеттердің құнын, картада қалған ақ-шаны есептеу керек. Одан кейін бір аптада шипажай нөмірлерінде тұруға төленетін ақшаның мөлшерін есептеп, картада қалған ақшаның қайсысына жететіні туралы қорытынды жасайды.

Жауабы:80000 + 80000 = 160 000 (тг);

500 000–160 000 = 340 000 (тг);

50000 · 7 = 350 000 (тг) ақша жетпейді;

40000 · 7 = 280 000 (тг) жетеді;

20000 · 7 = 140 000 (тг) жетеді.

Қосымша тапсырмалар

1 килограмм күріштің бағасы 210 теңге, майдың бағасы 1200 теңге. Асханаға 10 килограмм күріш пен 3 килограмм май сатып алды. Оларға барлығы қанша ақша төленді?

Жауабы:5700 тг

Бағдаршам түстері арқылы бағалау

Оқушылар бағдаршам көзіне сәйкес сигналды карталарды көтеру арқылы бағалайды.

Жасыл түс- "Түсіндім"

Сары түс-"Сұрағым бар"

Қызыл түс- Түсінбедім

3-слайд

Теңге - Қазақстанның ұлттық валютасы

http://900igr.net/prezentatsii/ekonomika/Tenge/003-Tenge-natsionalnaja-valjuta-kazakhstana.html

Ақша купюралары

ның макеті

3-слайд

4-слайд

5-слайд

6-слайд

7-слайд

8-слайд

9-слайд

10-слайд

Бағдаршам суреті

38–40

Рефлексия

-Сабақта жаңадан не білдіңдер?

-Бүгінгі сабақтан алған білімдерің өмірде қажет бола ма?

«Жетістік баспалдағы»

слайд

Жетістік баспалдағының суреті, стикерлер



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу