8-сабақ Көптаңбалы сандарды салыстыру. Математика, 4 сынып, презентация.


Математика 4-сынып

Бөлім:

Көптаңбалы сандардың нумерациясы және оларға амалдар қолдану

Тақырыбы: Көптаңбалы сандарды салыстыру

4.1.1.2 көптаңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру/ сандарды берілген разрядқа дейін дөңгелектеу.

«Атаулар туралы үш сұрақ»

(Термин сөздер: көптаңбалы сандар, салыстыру, дөңгелектеу)

1. Қайда? Осы терминдермен таныссың ба? Осы терминдегі сөздерді қашан, қайда қолданып жүрсің?

2. Қалай? Күнделікті өмірде, өз тәжірибеңде осы атауларды қолданудың мысалдарын келтіре аласың ба?

3. Қандай? Осы сабақта бұл атаулар қандай қолданыста болады деп ойлайсың?

«Жүгіру жолағы» тапсырмасы

Бір санның екіншісінен кем, ал екіншісі біріншісінен артық екенін қалай білдіңдер? Көптаңбалы сандарды қалай салыстырады?

Қорытынды: Көптаңбалы сандарды жоғарғы разрядтан бастап салыстырады. Егер сандардың жоғарғы разряд бірліктері тең болса, келесі разряд бірліктерін салыстыру керек. Разряд бойынша салыстыру осылай жалғасады.

«Жүгіру жолағы» тапсырмасын тексер

Сандарды салыстыру нәтижесі қандай цифрларға байланысты?

Жауабы: Бірінші жолақ, сандардың өсу ретімен: 1000, 1001, 1010, 1100, 9009, 9900, 9909; Екінші жолақ, сандардың кему ретімен: 99999, 99990, 99909, 99099, 10990, 10909, 10099

Бағалау «Бас бармақ» әдісі арқылы жүргізу

Бармақ жоғары бағытталса-барлығын түсіндім

Бармақ жанына қарай бағытталса- енді түсініп келемін

Бармақ төмен бағытталса- түсінбедім

Есте сақта!

Көптаңбалы сандарды жоғарғы разрядтан бастап салыстырады. Егер сандардың жоғарғы разряд бірліктері тең болса, келесі разряд бірліктерін салыстыру керек.

785 > 765

765 < 785

347 < 947

947 > 347

269 > 267

267 < 269

Бағалау «Бас бармақ» әдісі

Бармақ жоғары бағытталса-барлығын түсіндім

Бармақ жанына қарай бағытталса- енді түсініп келемін

Бармақ төмен бағытталса- түсінбедім

Тез есепте!

Есептемей-ақ сандарды >, <, = таңбалары арқылы салыстыр.

а)8500 *85 ∙ 1000

8500 ∙ 31 *85 ∙ 31 ∙ 100

ә)70020 ∙ 10* 702 ∙ 100

7020 ∙ 28 *702 ∙ 28 ∙ 10

Тексер!

8500 < 85 • 1000

70020 • 10 > 702 • 100

8500 • 31 = 85 • 31 • 100

7020 • 28 = 702 • 28 • 10

Дұрысын тап!

Кім қалай дөңгелектеді?

Алмас 680 372 санын дөңгелектегенде 700 000 санын алды. Диас 680 372 санын дөңгелектегенде 680 370 саны шықты. Алмас санды қай разрядқа дейін дөңгелектеді? Диас ше? Кім санды артығымен дөңгелектеді? Кім кемімен дөңгелектеді?

Тексер: Алмас жүз мыңдыққа дейін дөңгелектеді. Артығымен дөңгелектеу: 680 372 < 700 000 Диас ондық разрядқа дейін дөңгелектеді. Кемімен дөңгелектеу: 680 372 > 680 370

Дұрысын тап!

Кім қалай дөңгелектеді? Тексер:

Алмас жүз мыңдыққа дейін дөңгелектеді.

Артығымен дөңгелектеу:

680 372 < 700 000

Диас ондық разрядқа дейін дөңгелектеді. Кемімен дөңгелектеу:

680 372 > 680 370

Ойлан!

Әр санды класс бірліктерінің қосындысы түрінде жаз

35 100+61 200=

84 900-23 500=

36 400-12 400=

73 800+14 100=

Мысалы: 35 100 = 35 000 + 100;

61 200 = 61 000 + 200

Бағалау

Әр санды класс бірліктерінің қосындысы түрінде жаз

35 100+61 200=96 300

84 900-23 500=61 400

36 400-12 400=14 000

73 800+14 100=87 900

Санды дөңгелектегенде шыққан сан бастапқы саннан үлкен немесе кіші сан болуы мүмкін. Дөңгелектелген сан бастапқы саннан үлкен болса артығымен дөңгелектеу: 850 312 < 900 000. Дөңгелектелген сан бастапқы саннан кіші болса кемімен дөңгелектеу:

730 125 > 700 000.

Есте сақта!

8-тапсырма «Өрмекші торы»

Бір оқушы жіп лақтыру арқылы сыныптағы басқа оқушыға өзінің осындай түрдегі көптаңбалы сандарды салыстыруға құрастырған мысалын айтады. Оны алған оқушы түсіндіре отырып есептейді. Тексеру жасайды. Кезек ретін ауыстырады. Қатесі жоқ оқушы жеңімпаз болады.

Текшені 6 рет лақтырып, түскен сандарды ретімен тізіп жаз. Шыққан алты таңбалы санды оқы. Енді екінші ойыншы осылай қайталасын. Сандарды салыстырыңдар. Кімнің саны үлкен? Үлкен санды жазған ойыншы жеңеді.

Орындап көр!

Кейбір цифрлары белгісіз сандарды салыстыруға бола ма?

Көптаңбалы сандардың разрядтық құрамы бойынша біліміңді пайдаланып, берілген сандарды салыстыр. Разряд бойынша салыстыру алдында сандардағы разрядтардың санын анықта: кіші санның разрядтарының саны аз.

шығармашылық тапсырма

Кейбір цифрлары белгісіз сандарды салыстыруға бола ма?

58* 85*

***5 **8

43** 28**

68*** 67***

шығармашылық тапсырма

Тексеру

Кейбір цифрлары белгісіз сандарды салыстыруға бола ма?

58 < 85*;

***5 > **8;

68*** > 67***;

43** > 28**.

шығармашылық тапсырма

Универсиада-2017 алауының эстафетасында алауды тасымалдауға Алматыдан 100 адам және Қазақстанның 15 облысының әрқайсысынан 60 адамнан қатысты. Эстафетаға облыстардан қатысқан спортшылардың саны қаншаға артық? Алау эстафетасына барлығы қанша спортшы қатысқан?

-Универсиада деген не? Неліктен жазғы және қысқы Универсиада деп аталады?

шығарып көр

2017 жылғы қысқы Универсиада қаңтар айында Алматы қаласында өткенін айтыңыз. Қазақстанның картасынан Универсиада алауын тасымалдаған спортшылардың жүгіріп өткен жолын көрсетіңіз. Бағалау: Оқушылар бірін-бірі қызыл, жасыл кеспеқағаздардың көмегімен бағалайды. Қызыл-бұрыс, жасыл-дұрыс

Жауабы: 1) 15 • 60 = 900 (адам) – 15 облыстан; 2) 900: 100 = 9 (9 есе артық); 3) 900 + 100 = 1000 (адам) – барлығы

шығарып көр, бағала!

Кері байланыс

*Бүгін сабақ мақсатына жеттік пе? Қалай ойлайсыңдар?

*Сабақта ең маңызды не болды?

*Өз жұмысыңа қанағаттанасың ба?

*Сабақ қорытындысы бойынша кімді мақтар едің?

*Кімнен жақсы көмек алдың?

Сенсорлық сезімдік рефлексия. (көңіл күй мен эмоциялық бағалауды білдіру)

Эмоциялық смайликтер немесе күн немесе бұлт суреттерін салу арқылы көрсету.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу