10-сабақ Көптаңбалы сандарды ауызша азайту. Математика, 4 сынып, презентация.


Математика 4-сынып

Көптаңбалы сандардың нумерациясы және оларға амалдар қолдану

ТАҚЫРЫБЫ:

Көптаңбалы сандарды ауызша азайту

МАҚСАТЫ:

4.1.2.5. Көптаңбалы сандарды ондық құрамы негізінде ауызша қосу және азайтуды орындау, микрокалькулятордың көмегімен есептеулер жүргізу

Математикалық диктант

.

Ауызша есепте! Азайт!

-Санды азайту дегеніміз не? Санды азайтқанда қандай нәтиже шығады?

а) 8590, 310 855, 16960 сандарынан 5 бірлікке кем сандарды ата;

ә) 8590, 310 855, 16960 сандарынан 5 ондыққа кем сандарды ата;

б) 8590, 310 855, 16960 сандарынан 5 жүздікке кем сандарды ата.

Ауызша есепте! Азайт!

Жауабы:

а) 8585, 310 850, 16955;

ә) 8540, 310 805, 16910;

б) 8090, 310 355, 16460.

Бағалау: Бір топтың мүшелері кезекпен жауабын айтады, қалған оқушылар кеспеқағазды жоғары көтеріп белгі береді (жасылжауабы дұрыс, қызылкеліспеймін).

Азайту қосуға кері амал.

-Қосуды қалай тексеруге болады? Азайтуды ше? Кім олардың арасындағы байланысты көрсете алады?

345 000 + 5000 = 350 000

350 000 – 5000 = 345 000

350 000 – 345 000 = 5000

Әуенді үшбұрыш

Өшіргіш әуенді үшбұрышта ойнауды үйреніп алды. Әр үшбұрыштағы сандарға а + b = с, с – а = b, с – b = a әріпті өрнегін пайдаланып, қосу мен азайтуға мысалдар құрастыр және мәнін анықта.

Тексер: Әуенді үшбұрыш

Жауабы:

а) 9240 + 430 = 9670, 9670 – 9240 = 430, 9670 – 430 = 9240;

ә) 6750 + 3250 = 10000, 10000 – 6750 = 3250, 10000 – 3250 = 6750;

б) 5700 + 3200 = 8900, 8900 – 5700 = 3200, 8900 – 3200 = 5700

Шығарып көр!

Оқушылар сарайындағы сабақ өткізуге бөлінген бөлмелердің жалпы ауданы 2400 м². Оның ішінде би алаңдарының ауданы 980 м², ал музыкалық бөлмелердің ауданы одан 190 м²-қа кем. Балалар шығармашылығы шеберханасының ауданы қандай? Есепті сызба түрінде жаз.

Шығарып көр!

Жауабы: 980 – 190 = 790 (м²) – музыкалық кабинеттердің ауданы; 2400 – (790 + 980) = 630 (м²) – шеберхана ауданы. Бағалау «От шашу» әдісі арқылы

Есте сақта!

Көптаңбалы дөңгелек сандарды азайтудың үш тәсілі бар.

1-тәсіл. Сандарды жүздіктермен алмастыру: 8700 – 3500 = 87 жүзд. − 35 жүзд. = 52 жүзд. = 5200.

2-тәсіл. Разрядтық қосылғыштар бойынша азайту: 8700 – 3500 = (8000 – 3000) + (700 − 500) = 5200.

3-тәсіл. Бөлшектеп азайту: 8700 – 3500 = 8700 – 3000 – 500 = 5700 – 500 = 5200. Бұл ауызша азайту тәсілдері.

Орындап көр!

Тік сызық сыз. Оның төбесіне нөлден өзге кез келген бір цифрды жаз, астына көршің жазады. Оған параллель тағы екі сызық сызып, олардың да үстіне кез келген бір цифды жаз, астына көршің жазады. Төртінші және бесінші параллель сызықтарды сызып, төбесіне де, астына да нөлді жаз. Сызықтардың үстінде шыққан санды оқы, көршің астындағы санды оқиды. Кімнің саны үлкен? Нешеге артық?

Ойлан, ойна!

Й (4500-5)

З (2500-5)

Н(4500-500)

Р(3500-5)

Ы(3500-50)

С(3500-500)

С(2500-500)

А(2500-50)

А(4500-50)

Тексер! Ойлан, ойна!

Й (4500-5)-9

З (2500-5) -3

Н(4500-500)-7

Р(3500-5)-6

Ы(3500-50)-5

С(3500-500)-4

С(2500-500)---1

А(2500-50)-2

А(4500-50)-8

Бағалау «Басбармақ»

Жауабы: 2500 – 500, 2500 – 50, 2500 – 5, 3500 – 500, 3500 – 50, 3500 – 5, 4500 – 500, 4500 – 50, 4500 – 5; саз сырнай

Кім жылдам!

Тиімді тәсілмен есепте.

5648–136–248 5346–2186–346

4153 + 847–4164 4000–3375 + 525

Тексер! Кім жылдам!

Тиімді тәсілмен есепте.

Жауабы:

5648–136–248 = (5648–248) – 136 = 5400–136 = 5264;

5346–2186–346 = 5346–346–2186 = 5000–2186 = 2814;

4153 + 847–4164 = 847 – (4164–4153) = 847–11 = 836;

4000–3375 + 525 = (4000 + 525) – 3375 = 4525–3375

Рефлексия «Пирамида»

Әрбір оқушы үшбұрыш бейнеленген сурет алады. Ол фигура үшке бөлініп сызылған. Астыңғы бөлігіне сабақтағы жетістігін жазады. Ортанғы бөлігіне қай жұмыс түрін орындау қиын болғаны немесе қолынан келмегені жазылады. Ал жоғарғы бөлігіне келесі сабақта нені қайталау немесе не істеу керектігі жазылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу