10-сабақ Көптаңбалы сандарды ауызша азайту. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Тақырып: 10-сабақ Көптаңбалы сандарды ауызша азайту

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Смагулова М.Е.

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

4.1.2.5 көптаңбалы сандарды ондық құрамы негізінде ауызша қосу және азайтуды орындау, микрокалькулятордың көмегімен есептеулер жүргізу;

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар үшін:

Көптаңбалы сандарды ауызша азайту алгоритмін меңгереді.

Көптаңбалы сандарды ауызша азайтуға қатысты есептеу дағдылары жетіледі.

Бірқатар оқушылар үшін:

Көптаңбалы сандармен ауызша есептеуге дағдыланады. Топтық жұмыс жасауға дағдыланады.

Кейбір оқушылар үшін

Өзінің үйренгені туралы білімін ортаға салады, бөліседі, басқа оқушыларға көмектеседі.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

-Көптаңбалы сандарды ауызша азайту алгоритмін меңгереді.

-Көптаңбалы сандарды ауызша азайту дағдылары жетіледі

-Калькулятор пайдаланады

Пәндік лексика және терминология:

  • қосады
  • Алгоритм, формула

Сабақта диалог/жазуүшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

  •  Санды кеміту деген не? Кеміткенде сан қалай өзгереді?
  • Қосу мен азайту амалдарының бір-бірімен байланысы туралы не айтуға болады?

Жазу:

 Сандарды жазыңыз.

 Көптаңбалы сандарды қосу, азайтуды орында

Тірек білім, білік, дағдылар

Натурал сандар, сандар тізбегі, разрядтар, қосудың қасиеттері

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

0–2

3-5

6-10

11–28

29-37

Ынталандыру

Математикалық диктант (калькуляторға сандарды енгізу және индикатордан өшіріп тастау әрекеті орындалады)

Топтық жұмыс. Әр топқа 1–9 сандары жазылған кеспеқағаздар жиынтығын тарату. Олардан екі көптаңбалы сан құрастырып, сандарды қосыңдар. Жауабын ламинатталған параққа жазып, парақтарыңды шеңбер бойымен айналдырып бірі-біріңді тексеріңдер -- -Қосудың нәтижесін қалай тексеруге болады? Ол үшін қандай амалды орындау керек? Қосу мен азайту амалдарының бір-бірімен байланысы туралы не айтуға болады?

Парақтардағы жауаптарды шеңбер бойымен екінші айналымда калькулятордың көмегімен есептеңдер. Қателері болса талдау

Жаңаны ашу

Бүгінгі сабақ тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.

Көптаңбалы сандарды ондық құрамы негізінде ауызша азайтуды орындаймыз, микрокалькулятордың көмегімен есептеулер жүргіземіз.

Ауызша есепте! Азайт!

-Санды азайту дегеніміз не? Санды азайтқанда қандай нәтиже шығады?

а) 8590, 310 855, 16960 сандарынан 5 бірлікке кем сандарды ата;

ә) 8590, 310 855, 16960 сандарынан 5 ондыққа кем сандарды ата;

б) 8590, 310 855, 16960 сандарынан 5 жүздікке кем сандарды ата.

Жауабы:

а) 8585, 310 850, 16955;

ә) 8540, 310 805, 16910;

б) 8090, 310 355, 16460.

Бағалау: Бір топтың мүшелері кезекпен жауабын айтады, қалған оқушылар кеспеқағазды жоғары көтеріп белгі береді (жасыл – жауабы дұрыс, қызыл – келіспеймін).

-Қосуды қалай тексеруге болады? Азайтуды ше? Кім олардың арасындағы байланысты көрсете алады?

Азайту — қосуға кері амал.

345 000 + 5000 = 350 000

350 000 – 5000 = 345 000

350 000 – 345 000 = 5000

Жаңаны қолдану

(Ж)Әуенді үшбұрыш. Бұл тапсырманы орындағанда оқушылар қосу мен азайту амалдарының өзара кері амал екені туралы білімін пайдаланады, берілген сандардан мысал құрастырады.

Өшіргіш әуенді үшбұрышта ойнауды үйреніп алды. Әр үшбұрыштағы сандарға а + b = с, с – а = b, с – b = a әріпті өрнегін пайдаланып, қосу мен азайтуға мысалдар құрастыр және мәнін анықта. А)430 ә)6750 б) 8900

9670 9240 10000 3250 5700 3200

Жауабы:

а) 9240 + 430 = 9670, 9670 – 9240 = 430, 9670 – 430 = 9240;

ә) 6750 + 3250 = 10000, 10000 – 6750 = 3250, 10000 – 3250 = 6750;

б) 5700 + 3200 = 8900, 8900 – 5700 = 3200, 8900 – 3200 = 5700

(Ұ)Шығарып көр

Оқушылар сарайындағы сабақ өткізуге бөлінген бөлмелердің жалпы ауданы 2400 м². Оның ішінде би алаңдарының ауданы 980 м², ал музыкалық бөлмелердің ауданы одан 190 м²-қа кем. Балалар шығармашылығы шеберханасының ауданы қандай? Есепті сызба түрінде жаз.

Бағалау «От шашу» әдісі арқылы

Жауабы: 980 – 190 = 790 (м²) – музыкалық кабинеттердің ауданы; 2400 – (790 + 980) = 630 (м²) – шеберхана ауданы.

Есте сақта!

Көптаңбалы дөңгелек сандарды азайтудың үш тәсілі бар.

1-тәсіл. Сандарды жүздіктермен алмастыру: 8700 – 3500 = 87 жүзд. − 35 жүзд. = 52 жүзд. = 5200.

2-тәсіл. Разрядтық қосылғыштар бойынша азайту: 8700 – 3500 = (8000 – 3000) + (700 − 500) = 5200.

3-тәсіл. Бөлшектеп азайту: 8700 – 3500 = 8700 – 3000 – 500 = 5700 – 500 = 5200. Бұл ауызша азайту тәсілдері.

(Т) Мысалдар тізбегі.

27 900- 400 – 2100+300-4200+5400-3600-1200=22100

Жауабы: 27500, 25400, 25700, 21500, 26900, 23300, 22100.

(Ж)Орындап көр. Тапсырма көптаңбалы сандарды калькуляторды қолданып есептеу дағдысын дамытуға арналған. Көп ұпай жинаған жұп жеңеді.

Тік сызық сыз. Оның төбесіне нөлден өзге кез келген бір цифрды жаз, астына көршің жазады. Оған параллель тағы екі сызық сызып, олардың да үстіне кез келген бір цифды жаз, астына көршің жазады. Төртінші және бесінші параллель сызықтарды сызып, төбесіне де, астына да нөлді жаз. Сызықтардың үстінде шыққан санды оқы, көршің астындағы санды оқиды. Кімнің саны үлкен? Нешеге артық?

(Ж) Ойлан

Есептемей-ақ әріптерді айырманың мәндерінің өсу ретімен атасаң, қазақтың үрмелі музыкалық аспабының атын білесің.

Й (4500-5)

З (2500-5)

Н(4500-500)

Р(3500-5)

Ы(3500-50)

С(3500-500)

С(2500-500)

А(2500-50)

А(4500-50)

Бағалау «Басбармақ»

Жауабы: 2500 – 500, 2500 – 50, 2500 – 5, 3500 – 500, 3500 – 50, 3500 – 5, 4500 – 500, 4500 – 50, 4500 – 5; саз сырнай

Слайд №4

кеспеқағаздар

Слайд №3

Слайд №5

Слайд №6

Слайд №7

Слайд №8

Слайд №9

Слайд №10

Слайд №11

Слайд №12

Слайд №13

Слайд №14

Слайд №15

38–40

Кім жылдам!

Тиімді тәсілмен есепте.

5648–136–248 5346–2186–346

4153 + 847–4164 4000–3375 + 525

Жауабы:

5648–136–248 = (5648–248) – 136 = 5400–136 = 5264;

5346–2186–346 = 5346–346–2186 = 5000–2186 = 2814;

4153 + 847–4164 = 847 – (4164–4153) = 847–11 = 836;

4000–3375 + 525 = (4000 + 525) – 3375 = 4525–3375

Рефлексия. «Пирамида» тәсілі.

Әрбір оқушы үшбұрыш бейнеленген сурет алады. Ол фигура үшке бөлініп сызылған. Астыңғы бөлігіне сабақтағы жетістігін жазады. Ортанғы бөлігіне қай жұмыс түрін орындау қиын болғаны немесе қолынан келмегені жазылады. Ал жоғарғы бөлігіне келесі сабақта нені қайталау немесе не істеу керектігі жазылады

Оқушылардың жазғандарын мұғалім жинап алады, танысады.

Қандай тапсырмалар қиындық туғызғанымен танысқаннан кейін келесі сабақтарды сол тапсырмалармен жұмыс жасауды жоспарлайды, жекелеген оқушыларға көмек көрсетеді.

Слайд №16

Слайд №17

Слайд № 18



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу