8-сабақ Көптаңбалы сандарды салыстыру. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Тақырып: 8-сабақ Көптаңбалы сандарды салыстыру

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Смагулова М.Е.

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

4.1.1.2

көптаңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру/ сандарды берілген разрядқа дейін дөңгелектеу

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар үшін:

Көптаңбалы сандарды салыстыруға дағдыланады. Есептеу жылдамдықтары жетіледі.

Бірқатар оқушылар үшін:

Түрлі дерек көздерінен ақпарат іздеуді талап ететін шығармашылық тапсырмаларды орындайды, ізденеді.

Кейбір оқушылар үшін

Өзінің үйренгені туралы білімін ортаға салады, бөліседі, басқа оқушыларға көмектеседі.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • Сандарды оқып, жазып, салыстырады
  • Көптаңбалы сандарды класс бірліктері түрінде және разрядтар бойынша салыстыруды меңгереді.
  • Дерек көздерінен ақпарат іздеуді талап ететін есептерді орындайды.
  • Көптаңбалы сандарды салыстырады

Пәндік лексика және терминология:

  • салыстыру, разрядтар
  • алгоритм

формула

Сабақта диалог/жазуүшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

  •  Сандарды салыстыру нәтижесі нені көрсетеді? Разрядтық құрам деген не?
  •  Кім қалай дөңгелектеді?

Жазу:

 Сандарды жазыңыз.

 Көптаңбалы сандарды өсу/кему бойынша орналастырыңыз.

Тірек білім, білік, дағдылар

Натурал сандар, сандар тізбегі, разрядтар

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

0–2

3-5

6-10

11–28

29-37

«Атаулар туралы үш сұрақ» тәсілі.

Мұғалім сабақ басында жаңа тақырып бойынша үш терминді (Термин сөздер: көптаңбалы сандар, салыстыру, дөңгелектеу) тақтаға жазып, оқушыларға осы атауларға қатысты мынандай сұрақтарға жазбаша жауап беруді тапсырады:

1. Қайда? Осы терминдермен таныссың ба? Осы терминдегі сөздерді қашан, қайда қолданып жүрсің?

2. Қалай? Күнделікті өмірде, өз тәжірибеңде осы атауларды қолданудың мысалдарын келтіре аласың ба?

3. Қандай? Осы сабақта бұл атаулар қандай қолданыста болады деп ойлайсың?

Бұл жұмысты оқушылардың жеке, жұппен (шағын топ ішінде) ауызша немесе жазбаша орындауы ықтимал. Содан кейін мұғалім бірнеше оқушының пікірін тыңдайды.

Бүгінгі сабақ мақсатымен таныстыру.

Көптаңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру/ сандарды берілген разрядқа дейін дөңгелектеуді үйренеміз.

(Ж) Жүгіру жолағы.

Сандардың тізбегі мен сандардың орналасу тәртібі туралы білімін бекітуге арналған. Сандар жұбын салыстырыңдар

-Бір санның екіншісінен кем, ал екіншісі біріншісінен артық екенін қалай білдіңдер? Көптаңбалы сандарды қалай салыстырады?

Қорытынды: Көптаңбалы сандарды жоғарғы разрядтан бастап салыстырады. Егер сандардың жоғарғы разряд бірліктері тең болса, келесі разряд бірліктерін салыстыру керек. Разряд бойынша салыстыру осылай жалғасады.

-Сандарды салыстыру нәтижесі қандай цифрларға байланысты?

Жауабы: Бірінші жолақ, сандардың өсу ретімен: 1000, 1001, 1010, 1100, 9009, 9900, 9909; Екінші жолақ, сандардың кему ретімен: 99999, 99990, 99909, 99099, 10990, 10909, 10099

Бағалау «Бас бармақ» әдісі арқылы жүргізу

Бармақ жоғары бағытталса-барлығын түсіндім

Бармақ жанына қарай бағытталса- енді түсініп келемін

Бармақ төмен бағытталса- түсінбедім

Көптаңбалы сандарды жоғарғы разрядтан бастап салыстырады. Егер сандардың жоғарғы разряд бірліктері тең болса, келесі разряд бірліктерін салыстыру керек.

785 > 765

765 < 785

347 < 947

947 > 347

269 > 267

267 < 269

Шешуін тексер:

Диас сандарды салыстырды. Ол дұрыс орындады ма?

Тексер. а) 3000 < 30000; ә) 170 000 > 107 000; б) 81000 > 8 010 000.

Өз жауабыңды түсіндір.

«Өрмекші торы» әдісі.

Бір оқушы жіп лақтыру арқылы сыныптағы басқа оқушыға өзінің осындай түрдегі көптаңбалы сандарды салыстыруға мысалын айтады. Оны алған оқушы түсіндіре отырып тексеру жасайды. Кезек ретін ауыстырады. Қатесі жоқ оқушы жеңімпаз болады.

Бағалау «Шапалақ» әдісі арқылы

Дұрыс жауап берген оқушының жауабына 3 шапалақ

Қатесі бар болса, 2 шапалақ

Жауап беруге қиналған оқушыға 1 шапалақ соғады.

Ал, қане күш сынайық! «Арқан тарту» Есептемей-ақ сандарды >, <, = таңбалары арқылы салыстыр.

а)8500 *85 ∙ 1000 8500 ∙ 31 *85 ∙ 31 ∙ 100

ә)70020 ∙ 10* 702 ∙ 100 7020 ∙ 28 *702 ∙ 28 ∙ 10

Параққа теңсіздіктер жазып, басқа топтың парақтарымен алмастырады, бір-бірін бағалайды.

Жауабы:

8500 < 85 · 1000

70020 · 10 > 702 · 100

8500 · 31 = 85 · 31 · 100

7020 · 28 = 702 · 28 · 10

(Ө) Дұрысын тап! Кім қалай дөңгелектеді?

Алмас 680 372 санын дөңгелектегенде 700 000 санын алды. Диас 680 372 санын дөңгелектегенде 680 370 саны шықты. Алмас санды қай разрядқа дейін дөңгелектеді? Диас ше? Кім санды артығымен дөңгелектеді? Кім кемімен дөңгелектеді?

Тексер: Алмас жүз мыңдыққа дейін дөңгелектеді. Артығымен дөңгелектеу: 680 372 < 700 000 Диас ондық разрядқа дейін дөңгелектеді. Кемімен дөңгелектеу: 680 372 > 680 370

Есте сақта!

Санды дөңгелектегенде шыққан сан бастапқы саннан үлкен немесе кіші сан болуы мүмкін. Дөңгелектелген сан бастапқы саннан үлкен болса артығымен дөңгелектеу: 850 312 < 900 000. Дөңгелектелген сан бастапқы саннан кіші болса кемімен дөңгелектеу:

730 125 > 700 000.

Ойлан!

Көптаңбалы сандардың разрядтық қосылғштарын табу

Бағалау «Жұлдызша» әдісі арқылы

Дұрыс жауап берген оқушыларға жұлдызша табыстау. Жұлдызша көп жинаған оқушыны мадақтау.

Сергіту сәті «Өрмекші торы»

(Ж) Орындап көр. Текшені 6 рет лақтырып, түскен сандарды ретімен тізіп жаз. Шыққан алты таңбалы санды оқы. Енді екінші ойыншы осылай қайталасын. Сандарды салыстырыңдар. Кімнің саны үлкен? Үлкен санды жазған ойыншы жеңеді.

Жауабы: Мысалы, бірінші ойыншы 654 632 санын, екінші ойыншы 645 321 санын анықтасын. Сандарды салыстыру нәтижесі: 654 632 > 645 321.

Ойлан

Кейбір цифрлары белгісіз сандарды салыстыруға бола ма?

Көптаңбалы сандардың разрядтық құрамы бойынша біліміңді пайдаланып, берілген сандарды салыстыр. Разряд бойынша салыстыру алдында сандардағы разрядтардың санын анықта: кіші санның разрядтарының саны аз.

58* 85*

***5 **8

43** 28**

68*** 67***

Жауабы:

58 < 85*;

***5 > **8;

68*** > 67***;

43** > 28**.

(Т) Шығарып көр.

Универсиада-2017 алауының эстафетасында алауды тасымалдауға Алматыдан 100 адам және Қазақстанның 15 облысының әрқайсысынан 60 адамнан қатысты. Эстафетаға облыстардан қатысқан спортшылардың саны қаншаға артық? Алау эстафетасына барлығы қанша спортшы қатысқан?

-Универсиада деген не? Неліктен жазғы және қысқы Универсиада деп аталады?

2017 жылғы қысқы Универсиада қаңтар айында Алматы қаласында өткенін айтыңыз. Қазақстанның картасынан Универсиада алауын тасымалдаған спортшылардың жүгіріп өткен жолын көрсетіңіз. Бағалау: Оқушылар бірін-бірі қызыл, жасыл кеспеқағаздардың көмегімен бағалайды. Қызыл-бұрыс, жасыл-дұрыс

Жауабы: 1) 15 · 60 = 900 (адам) – 15 облыстан; 2) 900: 100 = 9 (9 есе артық); 3) 900 + 100 = 1000 (адам) – барлығы

Термин сөздер

3-слайд

Кесте

Слайд № 4

Слайд № 5

Слайд № 6

Слайд № 7

Слайд № 8

Ламинатталған парақтар

Слайд № 9

Слайд № 10

Слайд № 11

Слайд № 12

Слайд № 13-14

Слайд № 15

Слайд № 16

Слайд №17

Слайд №18-19

Слайд №20

Слайд № 21

38–40

Кері байланыс.

*Бүгін сабақ мақсатына жеттік пе? Қалай ойлайсыңдар?

*Сабақта ең маңызды не болды?

*Өз жұмысыңа қанағаттанасың ба?

*Сабақ қорытындысы бойынша кімді мақтар едің?

*Кімнен жақсы көмек алдың?

Сенсорлық сезімдік рефлексия. (көңіл күй мен эмоциялық бағалауды білдіру) Эмоциялық смайликтер немесе күн немесе бұлт суреттерін салу арқылы көрсету.

Эмоциялық смайликтер немесе сурет салуға арналған стикерлер

Слайд № 22



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу