Көптаңбалы сандарды дөңгелектеу. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Тақырып: Көптаңбалы сандарды дөңгелектеу

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Смагулова М.Е.

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

4.1.1.2

көптаңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру/ сандарды берілген разрядқа дейін дөңгелектеу

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар үшін:

Көптаңбалы сандарды оқи, жаза, салыстыра алады. Сандарды берілген разрядқа дөңгелектей алады. Таным процесіне белсене араласады.

Бірқатар оқушылар үшін:

Сандық деректер мен мәліметтерді пайдалана отырып, есептер құрастыра алады. Ортақ жұмысқа жұмыла араласады.

Кейбір оқушылар үшін

Өз әрекетіне талдау жасайды, баға береді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • Сандарды оқып, жазып, салыстырады
  • Көптаңбалы сандарды берілген разрядқа дейін дөңгелектеуді үйренеді
  • Көптаңбалы сандарды салыстырады

Пәндік лексика және терминология:

  • салыстыру, разрядтар
  • алгоритм

формула

Сабақта диалог/жазуүшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

  •  Сандар тізбегін қалай құрады? Разрядтық құрам деген не?
  •  Шынайы өмірде сандарды дөңгелектеу білімі қандай жағдайда керек болады?

Жазу:

 Сандарды жазыңыз.

 Көптаңбалы сандарды өсу/кему бойынша орналастырыңыз.

Тірек білім, білік, дағдылар

Натурал сандар, сандар тізбегі

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

0–2

3-5

6-10

11–28

29-37

Ынталандыру.

Еске түсір!

Разрядтар мен кластар кестесінің көмегімен көптаңбалы сандардың разрядтық құрамын еске түсіреді. Бірнеше оқушы кестеде берілген разрядтар мен кластардың атауын ретімен оқиды. Осыдан кейін жұпқа бірігіп, кезекпен сан жазып, оның кластарын және разрядтық құрамын атайды.

Жауабы: Кластар: бірліктер класы (бірінші класс), мыңдықтар класы (екінші класс), миллиондар класы (үшінші класс); Разрядтар: 1–3: бірліктер, ондықтар, жүздіктер; 4–6: мыңдықтар, он мыңдықтар, жүз мыңдықтар; 7–9: миллиондар, он миллиондар, жүз миллиондар.

Бүгінгі сабақ мақсатымен таныстыру.

Көптаңбалы сандарды берілген разрядқа дейін дөңгелектеуді үйренеміз.

Сен қалай ойлайсың?

а) Таразы өлшеген заттың массасын килограмға дейінгі дәлдікпен көрсетеді. Сен қалай ойлайсың, егер • қарбыз 7 кг 150 г тартса, оның массасы шамамен қанша кг? • екі қарбыз 12 кг 930 г тартса, олардың массасы шамамен қанша кг? ә) А және Ә қалаларының арасы 647 км. А қаласынан Ә қаласына дейінгі арақашықтықты сұраған жолаушыға тасымалдаушы «Шамамен 650 километр» деп жауап берді. Тасымалдаушы дұрыс айтты ма? б) Демалыс үйінен бірінші аялдамаға дейінгі жолды саяхатшылар 3 сағат 8 минутта жүріп өтті. Олар шамамен 3 сағат жол жүрді деп айтуға бола ма?

Күнделікті өмірде сандарды дөңгелектеуді қолдануға болатынын көрсету үшін берілген тапсырманың сұрағын топта талқылайды.

«Шамамен» сөзі санды оның жақын жуық мәнімен алмастырады.

Жауабы: а) 7 кг; 13 кг; ә) бағыттаушы дұрыс айтты; б) болады.

Бағалау «Смайликтер» Дұрыс жауапқа бірінші смайлик, бұрыс жауапқа екінші смайликті көрсету

Санды дөңгелектеу алгоритмін құр:

Бүтін санды дөңгелектеу алгоритмі

1) Санды қай разрядқа дейін дөңгелектеу керек екенін анықтап, осы разрядтың астын сыз.

2) Егер осы разрядтан кейінгі цифр …

• 0, 1, 2, 3 немесе 4 болса, осы разрядтан кейінгі барлық цифрларды нөлге алмастыр.

• 5, 6, 7, 8 немесе 9 болса, асты сызылған разрядтағы цифрды 1-ге арттырып, одан кейінгі барлық цифрларды нөлге алмастыр.

Мысалы: 68121 ≈ 70000. Алпыс сегіз мың жүз жиырма бірдің жуық мәні жетпіс мың. 3044 ≈ 3000. Үш мың қырық төрттің жуық мәні үш мың.

Санды дөңгелекте.

-Санды қалай дөңгелектеуге болады?

Қорытынды жаса. 5430, 6785, 6072 сандарын ондыққа, жүздікке және мыңдыққа дейін дөңгелектеп көр.

Мысалы: 73065 саны

ондыққа дейін 73070

жүздікке дейін 73100

мыңдыққа дейін 73000

Суретті зерделеп, санды қалай дөңгелектеуге болатынын жұпта бір-біріне түсіндіреді. Олар бірігіп, берілген көптаңбалы сандарды ондыққа, жүздікке және мыңдыққа дейін дөңгелектейді.

Қорытынды: есептеуге ыңғайлы болу үшін санның таңбаларын азайтуға мүмкіндік беретін математикалық амалды-санды дөңгелектеу деп айтамыз.

Оның таңбасы бар.

Жауабы: ондыққа дейін: 5430, 6790, 6070; жүздікке дейін: 5400, 6800, 6100; мыңдыққа дейін: 5000, 7000, 6000.

Халық саны.

2017 жылғы 1 қыркүйекте тіркелген деректер бойынша Қазақстандағы халық саны 18 074 100 адам. 2017 жылғы 1 қыркүйекте Астана қаласының тұрғындарының саны 1 014 015 болды. Осы сандарды дөңгелекте: 18 074 100 ; 1 014 015

Оқушылар ламинатталған парақтарды пайдаланып, шағын топта жұмыс істейді, дөңгелектегенде шыққан сандарды оқып таныстырады. Белгі беретін кеспеқағазды көрсетіп, жауабының дұрыс/дұрыс емес екенін көрсетеді.

Жауабы: сан 18 074 100 ; 1 014 015

он мыңдыққа дейін18 070 000; 1 010 000

жүз мыңдыққа дейін18 100 000; 1 000 000

миллионға дейін 18 000 000; 1 000

(Т) Жуық теңдіктер.

а) 87591 ≈ 87600; в) 54290 ≈ 54000;

ә) 614 098 ≈ 614 000; г) 7 504 123 ≈ 8 000 000;

б) 32545 ≈ 32550; ғ) 12 235 584 ≈ 12 235 580.

Тапсырма көптаңбалы сандарды дөңгелектеу алгоритмін түсінуді бекітуге арналған.

Жауабы: а) жүздікке дейін; ә) мыңдыққа дейін; б) ондыққа дейін; в) мыңдыққа дейін; г) миллионға дейін; ғ) ондыққа дейін.

Шығарып көр.

а) Құс жолы Галактикасының құрамында 140 миллиард жұлдыз бар. Демек, Жердің бір тұрғынына шамамен 20 жұлдыздан тиеді. Жер шарындағы адамдардың санын есепте. ә) Марстың радиусы шамамен есептегенде Жердің радиусынан 2 есе кем. Жердің радиусын шамамен 6370 километр деп алсақ, Марстың радиусы қандай? Шыққан санды ондыққа, жүздікке, мыңдыққа дейін дөңгелекте.

Бағалау барысында оқушылар белгі беру кеспеқағаздарын қолданады. Жауабы: а) 140 млрд. : 20 ≈ 7 (млрд.) – тұрғын; ә) 6370 : 2 ≈ 3185 (км) – Марстың радиусы; 3190, 3200, 3000.

Есте сақта!

Санды кез келген бір разрядқа дейін дөңгелектегенде, одан кейінгі цифрлардың барлығын нөлге алмастырады.

Математикалық диктант

Бағалау «Шапалақ» әдісі арқылы жүзеге асады.

Оқушылар жауаптарды мұқият тыңдап отырып, ұнаған жауапқа үш шапалақ соғады.

3-слад

Кесте

4-слайд

5-слайд

6-слайд

7-слайд

8-слайд

9-слайд

10-слайд

11-слайд

12-слайд

13-слайд

14-слайд

15,16-слайд

38–40

Кері байланыс. «Бес саусақ» тәсілі.

Бас бармақ – өзімді қалай сезіндім?

Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме?

Ортан терек – бүгінгі көңіл күйім қандай болды?

Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма?

Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?

17,18 слайд

Әр оқушы өзінің алақанын бастырып салып, қиып дайындалған қағаз үлгісіне жазады.

(көркем еңбек сабағында дайындау)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу