Көптаңбалы сандарды дөңгелектеу. Математика, 4 сынып, презентация.


Математика 4-сынып

Көптаңбалы сандардың нумерациясы және олармен амалдар орындау

Тақырыбы: Көптаңбалы сандарды дөңгелектеу

4.1.1.2

көптаңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру/ сандарды берілген разрядқа дейін дөңгелектеу

ЕСКЕ ТҮСІР!

Кестеде берілген разрядтар мен кластардың атауын ретімен оқы. Сандарды жазып, оның кластарын және разрядтық құрамын ата.

Сен қалай ойлайсың?

а) Таразы өлшеген заттың массасын килограмға дейінгі дәлдікпен көрсетеді. Сен қалай ойлайсың, егер • қарбыз 7 кг 150 г тартса, оның массасы шамамен қанша кг? • екі қарбыз 12 кг 930 г тартса, олардың массасы шамамен қанша кг?

ә) А және Ә қалаларының арасы 647 км. А қаласынан Ә қаласына дейінгі арақашықтықты сұраған жолаушыға тасымалдаушы «Шамамен 650 километр» деп жауап берді. Тасымалдаушы дұрыс айтты ма?

б) Демалыс үйінен бірінші аялдамаға дейінгі жолды саяхатшылар 3 сағат 8 минутта жүріп өтті. Олар шамамен 3 сағат жол жүрді деп айтуға бола ма?

Тексеру

Күнделікті өмірде сандарды дөңгелектеуді қолдануға болатынын көрсету үшін берілген тапсырманың сұрағын топта талқыла. «Шамамен» сөзі санды оның жақын жуық мәнімен алмастырады.

Жауабы: а) 7 кг; 13 кг; ә) бағыттаушы дұрыс айтты; б) болады.

Бағалау «Смайликтер» Дұрыс жауапқа бірінші смайлик, бұрыс жауапқа екінші смайликті көрсету

Санды дөңгелектеу алгоритмін құр:

Бүтін санды дөңгелектеу алгоритмі

1) Санды қай разрядқа дейін дөңгелектеу керек екенін анықтап, осы разрядтың астын сыз.

2) Егер осы разрядтан кейінгі цифр …

• 0, 1, 2, 3 немесе 4 болса, осы разрядтан кейінгі барлық цифрларды нөлге алмастыр.

• 5, 6, 7, 8 немесе 9 болса, асты сызылған разрядтағы цифрды 1-ге арттырып, одан кейінгі барлық цифрларды нөлге алмастыр

Санды дөңгелекте!

-Санды қалай дөңгелектеуге болады?

Қорытынды жаса.

5430, 6785, 6072 сандарын ондыққа, жүздікке және мыңдыққа дейін дөңгелектеп көр.

Санды дөңгелекте!

Қорытынды: есептеуге ыңғайлы болу үшін санның таңбаларын азайтуға мүмкіндік беретін математикалық амалды-санды дөңгелектеу деп айтамыз.

≈ - дөңгелектеу таңбасы

Есепте! «Халық саны»

2017 жылғы 1 қыркүйекте тіркелген деректер бойынша Қазақстандағы халық саны 18 074 100 адам. 2017 жылғы 1 қыркүйекте Астана қаласының тұрғындарының саны 1 014 015 болды. Осы сандарды дөңгелекте: 18 074 100 ; 1 014 015

Есепте! «Халық саны»

Жауабы: сан 18 074 100 ; 1 014 015

он мыңдыққа дейін18 070 000;

1 010 000

жүз мыңдыққа дейін18 100 000;

1 000 000

миллионға дейін 18 000 000; 1 000 000

Жуық теңдіктер

а) 87591 ≈ 87600; в) 54290 ≈ 54000;

ә) 614 098 ≈ 614 000; г) 7 504 123 ≈ 8 000 000;

б) 32545 ≈ 32550; ғ) 12 235 584 ≈ 12 235 580.

Шығарып көр!

а) Құс жолы Галактикасының құрамында 140 миллиард жұлдыз бар. Демек, Жердің бір тұрғынына шамамен 20 жұлдыздан тиеді. Жер шарындағы адамдардың санын есепте. ә) Марстың радиусы шамамен есептегенде Жердің радиусынан 2 есе кем. Жердің радиусын шамамен 6370 километр деп алсақ, Марстың радиусы қандай? Шыққан санды ондыққа, жүздікке, мыңдыққа дейін дөңгелекте.

Шығарып көр!

Жауабы:

а) 140 млрд. : 20 ≈ 7 (млрд.) – тұрғын;

ә) 6370 : 2 ≈ 3185 (км) – Марстың радиусы; 3190, 3200, 3000.

Бағалау барысында оқушылар белгі беру кеспеқағаздарын қолданады.

Есте сақта!

Санды кез келген бір разрядқа дейін дөңгелектегенде, одан кейінгі цифрлардың барлығын нөлге алмастырады.

Бағалау «Шапалақ» әдісі арқылы жүзеге асады.

Кері байланыс. «Бес саусақ» тәсілі.

Кері байланыс. «Бес саусақ» тәсілі.

Бас бармақ – өзімді қалай сезіндім?

Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме?

Ортан терек – бүгінгі көңіл күйім қандай болды?

Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма?

Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу