10, 100, 1000-ға бөлу. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлімі: 1.2 Сандармен операциялар жасау | Мектеп: 7 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Шахманова А. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 4 | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тақырыбы | 10, 100, 1000-ға бөлу. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаты | 4.1.2.6 10, 100, 1000-ға қалдықпен және қалдықсыз бөлуді орындау | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ғылыми тіл | О-мен аяқталған санға бөлу, қалдықсыз бөлу | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтар | Өмір бойы оқып үйрену | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Дүниетану, көркем еңбек | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | 10-ға бөлінгіштік белгісі | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Оқушылардың жоспарланғаніс-әрекеті | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы | Жағымды психологиялық ахуал Біздер тату баламыз, Өсіп алға барамыз. Есептерді шығарып, Біз білімді боламыз. Қызығушылықты ояту: Балалар, терезеге қарайықшы қазір жылдың қай мезгілі? Қандай ай? Осы желтоқсан айында қандай мерекелер бар?- Жаңа жыл мерекесіне біз ортаға не құрамыз?- Едеше, біз де бүгін жасыл шырша құрамыз Оқушыларға әр тапсырманы орындаған сайын шыршаны безендіре түсетінін ескерту. (Ө) «Ойлан» Оқушыларға ламинатталған карточкаларға қалдықсыз 10-ға бөлінетін үш саннан жазу тапсырмасын беру. Бірнеше оқушының жазғандарын оқу. Сыныпта талқылау. Бағалау. Шапалақ арқылы бағалау.кімнің жауабы дұрыс болса, сол кезде қол шапалақтау. (Т) «Зерттеу жұмысы» Оқушыларға топтарда 100-ге, 1000-ға қалдықсыз бөлінетін сандардың белгілерін құрастыру тапсырмасын беру. Топтардың жұмыстарының таныстырылымын өткізу, жауаптарды ережелермен салыстыру. 10, 100 және 1000-ға бөлінгіштік белгілері төмендегідей: 10-ға соңғы саны 0 болып табылатын сандар ғана қалдықсыз бөлінеді. 100-ге соңғы саны нөлдер болып табылатын сандар ғана қалдықсыз бөлінеді. 1000-ға соңғы үш саны нөл болып табылатын сандар ғана қалдықсыз бөлінеді. 10, 100 және 1000-ға оңай бөлу үшін, жай ғана екі сандағы нөлдердің бірдей санын өшіріп тастау. Бағалау. «Басбармақ» арқылы топты бағалау. 100-ге қалдықпен бөлу: 256 : 100. 256 саны 100-ге қалдықсыз бөлінбейді. 100-ге бөлінетін бөлгіштен кіші ең үлкен сан – ол 200. 200 : 100 = 2. Ол толымсыз бөліндінің мәні. Қалдығын табамыз: | Шырша, ойыншықтар 4-5 слайд Ламинатталған парақ, маркет 6-7 слайд | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы Сабақтың соңы | (Ж) «Кім жылдам» Мына сандардың ішінен10ға қалдықсыз бөлінетіндерді тізіп жазуға тапсырма беру: 3784, 3780, 3700, 3000, 4873, 7870, 4800, 4000. Бірнеше жұптың тапсырмасын оқыту және дәлелде. Сөздік бағалау: «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» мадақтау сөздері арқылы Сергіту сәті (Ө) «Амалды орында» 450:10 9800:100= 21000:1000= 650000:100= 200:100= 190000:10= Бағалау. Тапсырманы оқушылар көршісімен алмасып тексереді. Жұлдазша арқылы бағалайды. (Ж) «Өрнекте» Берілген шамаларды метрмен өрнектеу.Оқушыларға парақтарға жазылған тапсырмаларды үлестіру. 300 дм, 320дм, 600дм, 1000 дм. 400 см, 900 см, 200см, 1000см. Өз жауаптарын тақтадан дұрыс жауаптарымен салыстыру. Бағалау.Смайлик арқылы бағалау. (Т) «Орындап көр» 1 және 2 топ амалдар таңбасын анықтауға берілген тапсырмаларды орындайды. 3 және 4 топ теңдік құруға берілген тапсрыманы орындайды. Жұмыс соңында 1 топтың тапсырмасын 3 топ тексереді, геометриялық фигуралар арқылы бағалайды.2 топтың тапсырмасын 4 топ тексереді, геометриялық фигуралар арқылы бағалайды. (Т) «Есепті шығар» Топта талқылау, шартын құрастыру, шешуін және жауабын табу. Жұмыстарын басқа топтардың жұмыстарымен салыстыру, қорытынды жасау. Сөздік бағалау: «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» мадақтау сөздері арқылы «Математикалық лото» ойыны Әрбір ойыншының реттік нөмірі бар. Ойыншылар саны тапсырмалар мен ойын алаңындағы торлар санына сәйкес келу керек. Жүргізуші қапшығынан күбіні алып шығып, санды айтады. Нөмірі аталған ойыншылар жүргізушіге келіп, тапсырма орындайды (10/ 100/ 1000-ға қалдықсыз бөлінетін санды жазады). Ойын алаңының барлық торлары жабылған кезде, ойын аяқталады. Жиналған ұпай сандары бойынша қорытынды жасалады. Бағалау. Бағдаршам арқылы бағалау. | 8 - слайд 9 слайд 10- слайд 11 слайд 12-13 слайд 14-15 слайд
16 слайд | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Кері байланыс | Бүгінгі сабақ ұнады ма? Өз көңіл күйлерін стикерге жазу. | 17 слайд |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?