1000 көлеміндегі сандардың разрядтық құрамы. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.
Бөлімі: 1000 көлеміндегі сандар. Қосу және азайту №3 сабақ.Тақырыбы: 1000 көлеміндегі сандардың разрядтық құрамы | Мектеп: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: 3 | Мұғалімнің аты-жөні: Айдаболова Қаракөз Батырхановна | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) | 3.1.1.3 үш таңбалы сандардың разрядтық және кластық құрамын және разрядтық бірліктердің жалпы санын анықтау, разрядтық қосылғыштарға жіктеу | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ғылыми тіл |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтар | Өмір бойына білім алу | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Көркем еңбек | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Қосу және азайту амалдарын орындай алады, компаненттерін атайды. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5мин | Психологиялық дайындық Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқып, білім аламыз. Көзді салып қараңыз, Былай қанат қағамыз. Оқушыларды топқа бірігуАлдын-ала дайындалған қима қағаздарды таңдау әдісі арқылы топтарға бірігу. «Жүздік», «Ондық», «Бірлік». Кіріспе тапсырма. (Ұ.Ж.) «Бір қадам алға...» ойыны. Мұғалім есіктен кіргеннен өткен материалдарға байланысты сұрақтар қояды. Жауап дұрыс болса, бір қадам алға жылжиды, қате болса, бір қадам артқа шегінеді. Мұғалім столына жеткенше, бірнеше сұрақ қою арқылы оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландырып алады. Мысалы, -Ең үлкен үш таңбалы санды ата? (999) -999-дың алдыңда қандай сан келеді? (998) -998 санының ондығын 2- ге кеміт,қандай сан шықты? (978) -978 санында неше жүздік,ондық, бірлік бар? Ойын аяқталған соң қорытынды жасау. Үш таңбалы сандар қандай разрядтардан тұратынын, қайсы разряд ең кіші, қайсы ең үлкен екенін сұрау. Сөздік бағалау «Керемет», «Жарайсың», «Өте жақсы» т.с.с. | Слайд № 3 «Жүздік», «Ондық», «Бірлік» сөздері жазылған қима қағаздар разрядтар мен кластар кестесі; слайд № 4 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 30мин | (Ұ.Ж.) Оқушыларды разрядтық қосылғыштарға жіктеуге тапсырма беру.Бір жәшікте – 100 қарындаш , 1 қорапта – 10 қарындаш бар екенің айтып түсіндіру.Оқушылар сандарды кестеге орналастырады Содан соң сандардың бір-бірінен айырмашылығы неде екенін, қай разряд өзгергенін сұрау. Оқушыларға қорытынды жасауды ұсыну. Оқушылар үш таңбалы сандарды жазуды үйренеді. Тапсырма Айгүлде 2 жәшік, 4 қорап, 6 қарындаш бар. Маржанда 2 жәшік, 4 қорап қарындаш бар. Айнада 2 жәшік, 6 қарындаш бар. «Шапалақ ұру» арқылы бағалау (Ж.Ж.) «Ойлан, Жұптас, Пікірлес» Оқушылар тапсырманы алдымен жеке орындайды. Сосын жұбымен жазғанын талқылайды, пікірлеседі.Сосын екі –үш жұп пікірлерін сыныппен бөліседі. Оқушылар сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеуді үйренеді. Тапсырма: А) 263;516 саны шығатындай етіп дөңгелектенген санды боя. Ә) Осы сандарды разрядтық қосылғыштарға жікте. «Смайлик» арқылы бағалау (Т.Ж.) Ойлан, тап. Оқушыларға бірліктер разрядын қызыл, ондықтар разрядын көкпен, жүздіктер разрядын жасылмен белгілеуді ұсыну. Үш таңбалы сандардың разрядтық құрамын бекітуге берілген тапсырма. Ойлануға уақыт беріңіз, ал содан кейін жауабын тыңдаңыз. Егер тапсырманы орындау қиындақ туғызған болса, оқушыларға көмек көрсету. Оқушылар сандардың разрядтық құрамын табуды үйренеді.
«Бағдаршам» арқылы бағалау (Т.Ж.) Оқушылар қима қағаздағы тапсырманы орындау арқылы үш таңбалы санды бір, екі, төрт таңбалы сандардан ажырата білуге үйренеді. Сандардың разрядтық құрамын бекітуге арналған тапсырманы орындайды. Тапсырма А) Үш таңбалы сандарды дөңгелектермен қорша: 15,208, 11 317, 1000, 0, 800, 999. Ә) Бірліктері бірдей сандарды дөңгелектермен қорша: 524, 346, 722, 944, 450, 864, 681. Б) Ондықтары бірдей сандарды дөңгелектермен қорша: 700, 306, 347, 802, 850, 316, 704 В) Жүздіктері бірдей сандарды дөңгелектермен қорша: 700, 306, 347, 802, 450, 346, 604 «Бағдаршам» арқылы бағалау (Ұ.Ж.) «Ия, жоқ» ойыны арқылы оқушылар көп таңбалы сандар нумерациясы туралы сұрақтарға дұрыс тұжырым болса «ия», дұрыс емес тұжырым болса «жоқ» деп сигналды карточканы көтеру арқылы жауап береді.Оқушылар разрядтық қосылғыштар туралы алған білімін толықтыра түседі. Тапсырма:
«Смайликтер» арқылы бағалау |
Слайд № 5 Слайд № 6 Слайд № 7 Слайд № 8 Қима қағаздар Слайд № 9 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5мин | Кері байланыс «Бес саусақ» әдісі
| қағаз, қалам | барлығы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жұптардың өзара сөйлесулерін бақылап, тыңдап жүру барысында тапсырманы орындауға қиналатын оқушыларға қолдау көрсету. | Сөздік бағалау «Смайликтер» арқылы бағалау «Бағдаршам» арқылы бағалау! «Шапалақ ұру» арқылы бағалау | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?