230 · х + 40 = 1000 : 2 түріндегі теңдеуді шешу. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Ортақ тақырып «Ғарышқа саяхат», «Болашаққа саяхат»

Бөлімше:Теңдік және теңсіздік. Теңдеулер

Тақырыбы: 230 · х + 40 = 1000 : 2 түріндегі теңдеуді шешу

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Айдаболова Қаракөз Батырхановна

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

4.2.2.2 230 • х + 40 = 1000 : 2 түріндегі теңдеулерді шешу

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар үшін:

Арифметикалық амалдар құрамдас бөліктерінің байланысын құрамы күрделі теңдеудің түбірін табу үшін қолдану;

Бірқатар оқушылар үшін:

Бөлшектік сандар өрнегін бірдей бөлгіштермен салыстыру;

Кейбір оқушылар үшін:

Амал тәртібін анықтау.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Пәндік лексика және терминология:

Қарапайым теңдеу, күрделі құрамның теңдеуі, теңдеу түбірі;

қарапайым теңдеу, теңдеуді жеңілдету.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

- Құрылым күрделі теңсіздіктер қарапайым теңсіздіктен айырмашылығы неде?

-Ауыспалы өрнектері бар есептерді шешу кезінде қалай қолдануға болады?

-Бөлшектің бөлімі дегеніміз не?

-Бөлшектің алымы дегеніміз не?

-Бөлшектерді салыстыру үшін нені қолдануға болады?

Жазу:

Күрделі құрамдастар теңсіздіктерді шешу кезінде алгоритмін жазыңыз.

Айнымалы шамасы бар өрнекті құрастырыңыз.

Тірек білім, білік, дағдылар

Белгісіз компонент

Жоспар

Жоспар

ланған

уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

0–2

3-5

6-10

11–28

29–37

Кіріспе тапсырма

(Ұ) Өткен сабақтардағы күрделі теңдеуді шешу үшін және бүгінгі жаңа тақырыппен таныстыру үшін сыныппен жаппай жұмыс жүргізу. Белгісіз компоненттерді табу ережесін еске түсіруден бастау.

«Шапалақ» арқылы бағалау жүргізу

Тауып көр.

(Т) Теңдеулер жазылған А4 парақтарын топқа тарату. Оқушылар сұрақтарға теңдеу құру арқылы жауап береді. Тапсырманы топта талқылай отырып орындау. Тақтаға топтың өкілі шығып өз тобының жауабымен таныстырады. Теңдеудегі белгісіз компоненттің табылу жолын түсіндіру.

Тапсырма

Теңдеу арқылы жазып, оны шеш:

а) 7000-ды неше есе кемітсе 1000 болады?

ә) 4500 санынан 40-қа артық санды тап.

б) Қай санды 300-ге бөлсе 2684-ке тең болады?

в) 50000 саны 1000-нан неше есе артық?

г) 9800 санынан қандай санды азайтса 8600 болады?

Жауабы:

а) 7000 : a = 1000. Белгісіз бөлгішті табу үшін бөлінгішті бөліндіге бөледі.

ә) а + 40 = 4500. Белгісіз қосылғышты табу үшін қосындыдан белгілі қосылғышты азайтады.

б) а : 300 = 2684. Белгісіз бөлінгішті табу үшін бөліндіні бөлгішке көбейтеді.

в) 1000 · а = 50000. Белгісіз көбейткішті табу үшін көбейтіндіні көбейткішке бөледі.

г) 9800 – с = 8600. Белгісіз азайтқышты табу үшін азайғыштан айырманы азайтады.

Смайлик арқылы бағалау жүргізу

Өзге ғаламшарлықтар.

(Т) Оқушыларға күрделі теңдеуді шешуге уақыт беру. Өткен сабақта құрастырған күрделі теңдеуді шешу алгоритміне назарларын аударту. Күрделі теңдеуді шешу жолын бірігіп талқылау. Қажет жағдайда қосымша сұрақтар қою:

- Өзгешелік қай жерінде?

- Амалдар ретін анықта.

-Соңғы амал қайсысы?

- Оң жағындағы өрнекті шеш.

Белгісіз компонент барысындағы қиындықтар мен қателіктеріне тоқталып өту. Оқулықтағы күрделі теңдеудің шешу жолдарын ретімен дәптерлеріне орындау.

Тапсырма

Өзге Ғаламшарлықтардың қозғалу жылдамдығының шапшаң-дығын тап. Ол үшін 230 . х + 40 = 1000 : 2 теңдеуінің шешу алгоритмін ретімен қой. Шешу алгоритмінің қадамдары ғаламшар- лықтарда жазылған.

Жауабы:

230 · х + 40 = 1000 : 2

230 · х + 40 = 500

230 · х = 500 – 40

230 · х = 460

х = 460 : 230

х = 2

230 · 2 + 40 = 1000 : 2

Смайлик арқылы бағалау жүргізу

Шығарып көр.

(Ж) Оқушылар тапсырманы жұпта орындайды. Күрделі теңдеуді шешу алгоритмін түсінген оқушы жұпта көршісіне көмек береді. Тапсырманы орындауда қиындық тудырған оқушыларға қолдау көрсете отырып, белгісіз компонентті табу ережесін қай-талау.

Тапсырма

Күрделі теңдеулерді шеш.

182 + x : 7 = 502 + 37 67 ∙ x + 169 = 582 – 145

x : 54 + 40 = 654 – 290 156 ∙ x – 78 = 4376 – 2270

Жауабы: х = 4; х = 2499; х = 17496; х = 14.

Бағдаршам түстері арқылы бағалау

Көмектес.

(Ж) Оқушылар оқулықтағы тапсырманы мұқият қарайды. Жыртылған түбіртектерді қалпына келтіреді. Тапсырма сабақта меңгерген күрделі теңдеуді шешу дағдысын бекітуге арналған.

Тапсырма

Теңдеулерді қалпына келтір.

Жауабы:

429 + с : 29 = 783 341 • х + 159 = 882+641

с = 10266 х = 4

Бағдаршам түстері арқылы бағалау

Ойлан.

(Ж) «Досыңның туған күнін анықтау» үшін жұпта көршісіне сызба бойынша орындалатын амалдарды ретімен оқу. Көршісі есептей-ді. Оқушылардың амалдар тәртібін бұзбай, математикалық тілде айтуын бақылау. Шыққан санның алдыңғы екі сан туған күнін, соңындағы екі сан айын білдіреді. Жұптар ауысады.

Тапсырма

Сыныптасыңның туған күнін есепте. Сыныптасыңнан туған күнін 20-ға көбейтуді және әрі қарай сызба бойынша амалдарды орындауын сұра. Мәнін параққа жазып, саған ұсынады. Шыққан цифрлар туған күні мен айын білдіреді.

Туған күн∙20 =□ +100 = □ –27 =□ ∙10 = □ : 2 = □ + Туған айы -365 = * * * *

Жауабы:Туған күніңді 20-ға көбейт; 100-ді қос; 27-ні азайт;

10-ға көбейтіп; 2-ге бөл; туған айыңды қос; 365-ті азайт. Шыққан цифрлардың алдыңғы екеуі туған күнін, соңындағы екеуі туған айын білдіреді.

Бағдаршам түстері арқылы бағалау

Қалыптастырушы бағалау

(Ө) Сызбаны толықтыр.

Тапсырма белгісіз компоненттерді табу ережесін қайталау мақсатында берілген. Жұпта өзін-өзі бағалау жүргізу. Жауабында қателескен оқушыларға топта көмек көрсету.

Жауабы:

1-тапсырмада бөлу амалын қолданып, белгісізді табады:

96 : 8 = 12; 96 : 16 = 6; 96 : 48 = 2

2-тапсырмада бөлу амалын қолданып, белгісізді табады:

84 : 6 = 14; 84 : 28 = 3; 84 : 42 = 2

3-тапсырма бөлу амалын қолданып, белгісізді табады:

72 : 9 = 8; 72 : 24 = 3; 72 : 36 = 2

4-тапсырмада бөлу амалын қолданып, белгісізді табады:

108 : 2 = 54; 108 : 12 = 9; 108 : 36 = 3

Сәйкестендір.

Жауабы:

559 – х · 4 = 343....... х = 54

42 + х : 54 = 456 : 4..... х = 3888

х · 71 – 297 = 910.......х = 17

Жұлдыздар тізбегін жалғастыр.

Оқушылар күрделі теңдеуді шешіп, келесі бос жұлдызшаға теңдеу шешімін жазады.

Жауабы:

62 а + 923 = 61 745......a = 981

129 + a 81 = 3100 + 26......a = 37

c : 9 + 723 = 6108 +321......c = 51 354

Орындап көр.

Кеспеқағаздардағы цифрлар мен таңбалардан күрделі теңдеулер құрастырады. Оқушылар тапсырманы орындауда қателеспеуі үшін бір теңдеу құрастыратын кеспеқағаздарды бөлек қалтаға салу. Амалдар таңбасын сандармен қатар беру. Мысалы: + 72; 438.

Жауабы:

270 · d + 72 = 8676 · 2 324 · b – 438 = 10222 · 3

d = 64 b = 96

Өшіргіштің тапсырмасы.

Сызбадағы бос орындарды толтыру үшін амалдарды орындау керек. Жауабы:

1-сызбада:

618 048 : 64 = 9657 + 2454 + 1799+ 13 910 : 13 = 1070

2 - сызбада:

221 952 : 64 = 3468

289 745 : 347 = 835

3468 – 835 = 2633

2633 · 56 = 147 448

Фишка арқылы бағалау

Оқушылардың жұмыстарын тексеріп, жауабын тапқан оқушыларға фишка беру арқылы бағалау

3-слайд

3-слайд

4-слайд

5-слайд

6-слайд

7-слайд

8-слайд

9-слайд

10-слайд

38–40

Рефлексия

Оқушыларға сабақ барысында қиындық тудырған тапсырмалар туралы сұрау. Қай тапсырманы орындау жеңіл болғанын сұрау. Сыныпта барлық тапсырма түсінікті болған оқушыларды тақтаның алдына шығуларын, ортаға сабақ барысында қиындық туындаған оқушылар, сынып бөлмесінің соңына әлі де көмек керек болатын оқушылардың тұруын сұрау.

– Мақсатқа жете алдыңдар ма?

– Қиындық туындады ма?

– Сол қиындықтарды жеңе алдың ба?

– Бүгінгі сабақ несімен қызықты болды?

Слайд

стикерлер



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу