39 + 490 : k = 46 түріндегі теңдеуді шешу. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.
Ортақ тақырып «Ғарышқа саяхат», «Болашаққа саяхат» Бөлімше:Теңдік және теңсіздік. Теңдеулер Тақырыбы: 39 + 490 : k = 46 түріндегі теңдеуді шешу | Мектеп: | |||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Айдаболова Қаракөз Батырхановна | |||||||||
Сынып: 4 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||
Оқу мақсаттары | 4.2.2.2 39 + 490 : k = 46 түріндегі теңдеулерді шешу | |||||||||
Сабақтың мақсаттары |
| |||||||||
Тілдік мақсаттар |
| |||||||||
Тірек білім, білік, дағдылар | Күрделі теңдеу, алгоритм | |||||||||
Жоспар | ||||||||||
Жоспар ланған уақыт | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
0–2 3-5 6-10 11–28 29–37 | Кіріспе тапсырма Сабақты теңдеу шешу, белгісіз компонентті табу ережесін еске түсіруден бастау. Жұлдызды аспан. (Ж) Оқушылар топқа бірігіп, берілген теңдеулерден өздеріне таныс теңдеуді шешеді. Тапсырма Берілген теңдеулерді шешіп көр. Қайсысы қиындық тудырды? Жауабы: 540 : a = 60, 490 : x = 46 – 39, a = 9; x = 70; m – 348 = 6947, 399 + x = 4637, m = 7295; x = 4238; a + 6947 = 61 875, a = 54928 Шешімін табуда қиындық тудырған теңдеуді белгілету, ерекшелігін сұрау. Оқушылар жауабын толықтырыңыз: күрделі теңдеу – бірнеше амалмен шығарылатын теңдеу деп атайды. Әрі қарай сынып оқушылары ұжыммен күрделі теңдеуді шешуді жалғастырады. Оқушылар шешу жолын атай отырып дәптер-леріне жазу. Жауап айтқан оқушы тақтаға жазады. Жауап беруде қиындық тудырған жағдайда жетекші сұрақтар қою: - Амалдар ретін қой. - Соңғы орындалатын амалды көрсет. - Белгісіз компоненті бар өрнектің астын сыз. - Асты сызылған өрнекті «х» белгісі жазылған парақпен жап. - Қандай теңдеу пайда болды? - Жай теңдеуді шеш. - «х» белгісін алсаң, теңдеуді шеше аласың ба? Орындап болған оқушылардың жұмысын ауызша бағалау. Жауабы: 39 + 490 : x = 46 490 : x = 46 – 39 490 : x = 7 x = 490 : 7 x = 70 39 + 490 : 70 = 46 46 = 46 Ұшатын нысандар (Ж) Оқушылар жұпта жұмысты жалғастыра отырып, теңдеулерді шешуде ұқсастықтарын дәлелдей отырып орындау. Күрделі теңдеуді шешу. Тапсырма Ұшатын нысандардың сыңарын тап. Теңдеулерді шеш. Теңдеулерді шешуде ұқсастық болды ма? Жауабы: 75 + 420 : a = 135 85 + 360 : z = 94 894 + 640 : b = 974 а=7 z=40 b=8 236 + 630 : k = 306 k=9 «Шапалақ» арқылы бағалау жүргізу Шығарып көр. (Т) Күрделі теңдеулерді топта шешеді, күрделі теңдеуді шешу алгоритмін құрастырады. Әр топ өз нұсқасын ұсынады. Барлық нұсқаларды тақтаға іліп, талқылайды. Келісілген нұсқа интербелсенді тақта-да немесе плакатта көрсетіледі. Жауабы: 356 + 210 : a = 426 246 + 2058 : c = 252 210 : a = 426 – 356 2058 : c = 252 – 246 210 : a = 70 2058 : c = 6 a = 210 : 70 c = 2058 : 6 a = 30 c = 343 Смайлик арқылы бағалау жүргізу Қайтала (Ө) Тапсырма а) Мектеп асханасына бір күнде х теңгеден 200 бөлке нан сатып алынды. Асхана аптасына 5 күн жұмыс жасайтын болса, онда бір аптада қанша бөлке нан сатып алынады? Қанша ақша төленеді? ә) Динарада у теңге болды. Ол m теңгеден 9 бәліш сатып алды. Оның қанша теңгесі қалды? Жауабы: а) (х · 200) · 5; ә) y – m · 9 Смайлик арқылы бағалау жүргізу Қалыптастырушы бағалау (Ө) Жұлдыздарды жалға. Жұлдыздарды ретімен жалғай отырып, күрделі теңдеудің шешу жолын көрсету. Бұл тапсырма күрделі теңдеуді шешу алгоритмін құруға дайындық есебінде жүргізу. «Жетіқарақшы» жұлдызы туралы білетіндіктерін ортаға салу. Жауабы: 264 + 720 : a = 354 (264 + 720 : a = 354 «+» таңбасының үстіне «2» деп, «:» таңба-сының үстіне «1» деп жазылады) 720 : a = 354 – 264 720 : a = 90 a = 720 : 90 a = 8 354 + 720 : 8 = 264 264 = 264. Сәйкестендір. Күрделі теңдеуді шешудің жолын ретімен көрсете отырып, орындалу ретімен сәйкестендіру. Күрделі теңдеуді шешу алгоритмі бойынша тең-деуді шешеді. Жауабы: 1.....73 + 872 : х = 182 4.....872 : х = 182 – 73 6.....872 : х = 109 5.....х = 872 : 109 2.....х = 8 3.....73 + 872 : 8 = 182 7.....182 = 182 Орындап көр Кестені толтырып, күрделі теңдеу шешудің алгоритмін пысықтау. Қай оқушыға тапсырманы орындау қиындық туғызғанын бақылау. Алгоритмді кезекпен дауыстап оқуын сұрау. Өшіргіштің тапсырмасы Тапсырма 37 ар 74 м² – 14 ар 58 м² = 9 aр 25 м² + 5 aр 6 м² = 43 га 4 ар – 8 га 3 ар – 11 га 62 ар = Жауабы: 23 ар 16 м2; 14 aр 31 м2;23 га 39 ар Фишка арқылы бағалау Оқушылардың жұмыстарын тексеріп, жауабын тапқан оқушыларға фишка беру арқылы бағалау | 3-слайд 3-слайд 4-слайд 5-слайд 6-слайд 7-слайд 8-слайд 9-слайд | ||||||||
38–40 | Рефлексия «Өз зымыраныңды таңда» Оқушылардың оқу материалын қаншалықты меңгергенін анықтау үшін күрделі теңдеуді шешу алгоритмін ретімен сұрап шығыңыз. | стикерлер | ||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру