10, 100, 1000-ға қалдықпен бөлу. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлімі: 1.2 Сандармен операциялар жасау | Мектеп: 7 | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Шахманова А. | |||||
Сынып: 4 | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: | ||||
Тақырыбы | 10, 100, 1000-ға қалдықпен бөлу. | |||||
Оқу мақсаты | 4.1.2.6 10, 100, 1000-ға қалдықпен және қалдықсыз бөлуді орындау | |||||
Ғылыми тіл | О-мен аяқталған санға бөлу, қалдықпен бөлу | |||||
Құндылықтар | Өмір бойы оқып үйрену | |||||
Пәнаралық байланыс | Көркем еңбек, дүниетану | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | |||||
Алдыңғы меңгерілген білім | 10,100,1000-ға бөлу | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Жоспарланған уақыт | Оқушылардың жоспарланғаніс-әрекеті | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы Сабақтың ортасы | ( Ұ ) Кіріспе тапсырма «Қалдық». Оқушыларға оқулықтағы қалдықпен бөлу алгоритмін қайталауға берілген жаттығуды орындату. 56: 10, 400: 100, 50: 10, 423: 100 «Осы мысалдарды қандай екі топқа жіктеуге болады? (қалдықсыз бөлінетін, қалдықпен белінетін)». Мысалдарды тақтаға екі бағанға бөліп жазу: 1-бағанға қалдықсыз бөлінетін мысалдарды, 2-бағанға қалдықпен бөлінетін. «Дөңгелек санды 10-ға, 100-ге қалай бөлуді еске түсіру? (10- ға бөлгенде сандағы бір нөлді сызып тастаймыз, 100-ге бөлгенде екі нөлді сызып тастаймыз) Бірінші бағандағы өрнектердің мәнін табу. Енді 2-бағанға назар аударайық: 56-ны 10-ға қалдықсыз бөлуге бола ма? (Жоқ) Осы санның неше бірлігін 10-ға қалдықсыз бөлуге болады? (50 бірлігін, 50 : 10 = 5) Сонда неше қалдық қалады? (56 – 50 = 6 бірлік)». Оқушыларға екінші мысалды түсіндіріп шығаруды тапсыру. Бағалау.Шапалақ арқылы бағалау.кімнің жауабы дұрыс болса, сол кезде қол шапалақтау. (Ж) Амалдарды орында. Оларға «Ресурстар» бөлімінде дайындалған кеспеқағаздарды тарату. Жұптардың бірін-бірі бағалауын ұйымдастыру. Жауабы: а) 695 : 10 = 69 (5 қалдық); ә) 3428 : 100 = 34 (28 қалдық); б) 35481 : 1000 = 35 (481 қалдық); в) 8934 : 10 = 893 (4 қалдық); г) 8230 : 100 = 82 (30 қалдық); ғ) 912 : 10 = 91 (2 қалдық); д) 324 : 100 = 3 (24 қалдық); е) 679 : 10 = 67 (9 қалдық); ж) 120 454 : 1000 = 120 (454 қалдық); з) 840 908 : 10000 = 84 (908 қалдық). ( Ө ) Қатені тап. Тапсырманы сыныпта екі нұсқаға бөліп орындату. Соңында тақтадан немесе экраннан дұрыс жауабын көрсетіп, оқушылардың өзін-өзі бағалауын ұйымдастыру. Жауабы: а) 65 : 10 = 6 (5 қалдық); ә) 874 : 100 = 8 (74 қалдық); б) 30927 : 1000 = 30 (927 қалдық); в) 6740 : 100 = 67 (40 қалдық); г) 375 : 100 = 3 (75 қалдық); ғ) 9001 : 1000 = 9 (1 қалдық); д) 745 : 10 = 7 (45 қалдық); е) 83 : 10 = 8 (4 қалдық).
| Көрсетілім, интербелсенді тақта 3- слайд 4-5 слайд Кеспеқағаздар 6-7 слайд | ||||
Сабақтың соңы | Бағалау. Басбармақ арқылы өзін-өзі бағалау Сергіту сәті. Көңілді әуенмен қимыл жасау. (Т) Шығарып көр. Оқушыларды үш топқа бөлу, есепті топпен шығару. Түсіндіру үшін есепті сұрақ қою арқылы талдау: «Есепте балалардың барлығы неше жұлдызша жасалғаны белгілі ме? Әрбір баутаспаға неше жұлдызша жапсырған? Оларда неше таспа шыққанын қалай білуге болады? Есеп қандай амалдың көмегімен шығады?». Қалған есептерді де осылай талдауды ұйымдастыру. Әр топ өз есебін шығарады және тақтаға шығып түсіндіру. Жауабы: а) 834 : 10 = 83 (бума) 4 қалдық, 4 әуе шарын дайындау керек. ә) 1348 : 100 = 13 (әр түсті парақ) 48 қалдық, 48 парақ артық қалды; б) 4372 : 1000 = 4 (тізбе) 372 қалдық, 4 тізбе дайындауға болады. Бағалау. Бағдаршам арқылы бағалау. Қызыл- ештеңе түсінбедім Сары- жартылай түсіндім Жасыл- түсіндім ( Ө ) Ойлан. Тапсырманы орындар алдында 10, 100, 1000 сандарына қалдықпен бөлу алгоритмін қайталау. Әр бағандағы бірінші мысалды түсіндіру, қалғандарын осы үлгі бойынша өз бетінше орындауды сұраңыз. Белгісіз көбейткішті табу үшін нәтижесінен (теңдіктің оң жағындағы саннан) қосылғышты азайтып, шыққан санды сәйкес 10, 100, 1000-ға бөлу керек. Белгісіз бөлінгішті табу үшін бөлгішті бөліндінің мәніне көбейтіп, нәтижесіне қалдықты қосамыз. Жауабы: 42 · 10 + 6 = 426; 653 : 10 = 65 (3 қалдық); 49 · 100 + 23 = 4923; 7132 : 100 = 71 (32 қалдық); 74 · 1000 + 74 = 74074; 547 018 : 1000 = 547 (18 қалдық). Бағалау «Бас бармақ» Бас бармақ жоғарыға қарап тұрса = Мен түсінемін. Бас бармақ көлденең тұрса = Мен түсінгендеймін. Бас бармақ төмен қарап тұрса = Мен түсінбедім ( Ж ) Қайталау. Жұптағы оқушыларға параққа есептің қысқаша шартын сызба арқылы көрсетуді тапсыру. «Осы жылы жылыжайда неше раушан гүлін өсірген? Осы жылы өсірген гүлге қатысты тағы не белгілі? Бұл қай түрдегі есеп? (Жанама) Былтырғы өсірген гүлдердің саны белгілі ме? Нені табу керек? Есептің сұрағына бірден жауап беруге бола ма? Есеп неше амал арқылы шығады?» Бірнеше жұптың жауабын талдап, бағалау. Жауабы: 4500 : 10 = 450 (раушан гүлі) былтыр; 4500 + 450 = 4950 (раушан гүлі) барлығы; 4500 – 450 = 4050 (раушан гүлі) артық. Бағалау.«Екі жұлдыз, бір тілек» Кері байланыс «Сабақтың басында қандай мақсат қойдыңдар? Санды 10-ға, 100-ге, 1000-ға қалдықпен қалай бөледі? Сабақта қандай тапсырмаларды орындау қызықты болды? Не қиын болды?» | 8- слайд 9-10 слайд 11-12 слайд 13-14 слайд 15- слайд |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?