Тәулік,апта,жыл. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


.

Мұғалімге арналған әдістемелік құрал

Бөлімі:Уақыт

№ 5 сабақ. Тақырыбы:Тәулік,апта,жыл

Оқу мақсаты:

3.1.3.3 шамалар мәндерін уақыт(сек,мин,сағ,тәул, жыл,ғасыр) өлшем бірліктерін салыстыру және амалдар орындау

2.1.3.4 уақыт( сек,мин,сағ,тәул.ғасыр) бірліктері олардың арақатынасына сүйеніп түрлендіру

Сабақтың

мақсаты:

Барлық оқушылар:Уақыттың өлшем бірліктерімен (минутпен және секундпен) арифметикалық амалдарды орындайды;

Оқушылардыңкөпшілігі:Уақыттың өлшем бірліктерін түрлендіруді біледі.

Оқушылардың кейбіреулері:Уақыттың өлшем бірлігіне байланысты есептер шығарады

Ресурстар:Күнтізбе, А3 форматы, маркер, интерактивті тақта, көрсетілім.

Сабаққа қажетті деректер:Апта – 7 тәулікке тең уақыт аралығы. Ол алғаш рет Шығыста пайдаланылған. Б.з.б. 1 ғасырда Римде қолданылды, кейінірек бүкіл Еуропаға таралды. Аптаны пайдалану Сатурн, Күн, Ай, Марс, Юпитер, Шолпан, Меркурий сияқты 7 аспан денесінің сол кезде белгілі болуына байланысты пайда болды. Сонымен қатар кейбір елдерде 5 тәуліктік және 10 тәуліктік апталарда пайдаланылады

Сабақты миға шабуыл жасаудан бастаңыз.

Оқушылар өткен тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап беріп, өткен сабақты еске түсіретін болады.

Жазылған уақыт өлшем бірліктерінің жұбын табуға тапсырма беріңіз.

Мұғалім бүгін сабаққа апта күндері тапсырма жібергенін ескертеді.

Оқушыларға жеті күннің тапсырмасын орындайтынымызды ескертіңіз.

1- тапсырма. (Дүйсенбінің тапсырмасы)

(Т.Ж) Тәулік, апта, жыл туралы мәліметтер жинақтау үшін тапсырма беріңіз.Топпен постер жасауға тапсырма беріңіз. Топ мүшереріне өз постерларын қорғатыңыз. (Оқушылар топта талқылап, өткенді еске түсіріп, апта туралы ұғымды алып шығады. Мұғалім бағыттап толықтырады.)

Екі жұлдыз бір тілек арқылы бағалатып, әр топқа өз тілектерін білідіруге тапсырма беріңіз.

Апта.

(Ж.Ж.)Жұмысты жұптарда күнтізбе бойынша жалғастыру. Оқушылардың жауаптарын тыңдап,оларды түсіндіруді сұрау.Төртінші тоқсанның күндерін демалыссыз санауға болады.Кейін күнтізбеге байланысты сұрақтар ойластырып, жұп арасында бір-бірімен алмасуды ұсыныңыз.Кім жауап бере алмады және неліктен?

Өзара бағалау

Көп пе, әлде аз ба?

(Ұ.Ж.)Оқушыларға тапсырманы ойын түрінде орындауды ұсыну.Жазбаның оң жағына қыз балалар,ал сол жағына ұл балалар «жауап беретіндерін» түсіндіру.Егер оң жақ артық болса,онда қыздар тұрулары керек,егер сол жақ болса,ұлдар тұрады.Мұқият орындаған оқушыларға ұпай беріледі,ал қателер жіберсе,кемітіледі немесе алынып тасталады.

Сөздік бағалау

Өрнекте.

(Д.Ж.)Тапсырманы өз бетінше орындауды ұсыну.Орындау алдында үлкен бірліктен кішіге түрлендіргенде көбейтетінін, ал кішісінен үлкеніне түрлендіргенде бөлетінін естеріне салу. «Тізбектей» тексеріс жүргізу.Егер кейбір оқушылар қиналса,зерек оқушылардан тапсырманың орындалуын түсіндіруді сұраңыз.

Өзара бағалау

Шығарып көр.

(Т.Ж.)Топтық жұмыс ұйымдастырыңыз.Әр топқа А4 форматындағы 4 парақ тарату.Әр тапсырманың шешуі мен жауабын жеке параққа жазуды ұсыныңыз.Барлық тапсырмалар орындалғаннан кейін бір топтан бірінші тапсырманы түсіндіруді сұрау және т.б.Осылай әр топ өз жұмысын тексере алуын ұйыматырыңыз.

Басбармақ арқылы бағалау

Ойлан.

(Д.Ж.)Оқушылардан күнтізбені қолдана отырып,өз бетінше жұмыс істеуді сұраңыз.

Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» т,б. Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» т,б

Кері байланыс

Блиц сұрақ-жауап.Әрбір партаға сұрақтары бар парақтарды тарату.

Бір жылда ... ай.Бір жылда ... күн.Кібісе жылда ... күн.Бір жылда ... қысқы айлары: ......., ......., ....... Бір жылда ... жаз айлары: ......., ......, ....... Бір жылда ... күз айлары: ......., ......., ....... жылды бастайды,ал ....... аяқтайды.Бір айда ... апта.Бір аптада ... күн.Жылдың ең қысқа айы ........

Рефлексия: «Жетістік баспалдағы» арқылы жүзеге асады.

Қосымша ақпарат:Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу