104∙7; 728: 7 түріндегі есептерді шығару. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Жазбаша көбейту және бөлу

124-сабақ. Тақырыбы:104∙7; 728: 7 түріндегі есептерді шығару

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты:

3.1.2.13. Бөліндінің бір разрядында нөл болатын кезде үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмін және кері амал көбейту алгоритмін қолдану.

Сабақтың

мақсаты:

Оқушылардың барлығы :

Көбейту және бөлу алгоритмін біледі және есептеулерді орындағанда оны қолдана алады.

Оқушылардың көпшілігі:

Көбейту мен бөлудің таңдалған тәсілдерін негіздеп бере алады.

Оқушылардың кейбірі :

Бөлінді мәнінің ондықтар разрядында неліктен нөл болатынын түсіндіріп береді.

Бағалау критерийлері

Бөлінді мәнінің қандай да бір разрядында нөл болғанда

көбейту мен бөлудің жазбаша алгоритмін түсіндіріп бере алады.

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер: Бірлік, ондық, жүздік, көбейту алгоритмі, бөлу алгоритмі.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын тіл.

Талқылау:

Ауызша есептеулер қалай орындалды?

Алгоритм бойынша есептеулер қалай орындалды?

Көбейтінді мәнінің бірліктер разрядында нөл қалай шықты?

Бөлінді мәнінің ондықтар разрядында нөл қалай шықты?

Құндылықтар

Шығармашылық қызығушылықтарын арттыра отырып жұмыс жүргізу.

Пәнаралық байланыс

Музыка

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

728: 7 түріндегі бөлу

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Т.Ж. Сабақты «Сәйкестендір» тапсырмаларын орындаудан басталады. Кіріспе тапсырма.

Шағын топтарға тапсырма жазылған кеспеқағаздарды таратыңыз. Сұраңыз: Өткен сабақта қандай түрдегі үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлумен таныстыңдар? Оқушыларға кеспеқағаздардағы сұрақ бойынша 104∙7 және 728:7 түріндегі көбейту мен бөлуді қолданып, өрнектерді сәйкестендіріп салыстыру жасайды. Топтан бір оқушы тақтаға шығып көрсетуін ұсыныңыз. Топтардың бір-бірі «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалауын ұйымдастырыңыз.

Тапсырма жазылған кеспеқағаздар (әрбір топ үшін)

4 слайд

Сабақтың ортасы

Т.Т. «Артығын тап»

Тапсырманы 4 адамнан құралған шағын топта орындауды ұсыныңыз. Мысалдарды баған түрінде көбейту және бөлу алгоритмін қолданып шығарады. Барлық өрнектердің мәнін тапқан соң артығын анықтауды сұраңыз. Ол мысалдардың артық екенін қандай белгі бойынша анықтағанын сұраңыз. Осы мысалды артық деп санаған оқушыларға орныны тұруды сұраңыз. оқушылардың жұмысын бағалаңыз.

Ұ.Ж. «Оқы, тап» Тапсырмадағы сұрақтар бірінен кейін бірі жалғасатынын айтыңыз. Сондықтан сұрақтарға ретімен жауап беруді ұсыныңыз. Қоршаудың ұзындығын табу деген нені білдіретінін сұраңыз. Тапсырманы орындауға қиналатын оқушыларға өздеріне түсінікті бөлігін орындауға болатынын айтыңыз. Қабілеті жоғары оқушыларға түсіндіре отырып, барлық сұраққа жауап беруді тапсырыңыз. Тапсырманың дұрыс орындалуын бақылаңыз, тапсырманы қиынсынған оқушыларға қолдау көрсетіңіз, түсіндіріңіз. Топтағы әрбір оқушының жұмысын бағалаңыз.

Көгөністер егіп бақша өсіру керек. Оған ені 3 м, ұзындығы 204м жер телімі бөлінді.

  • Бақша қоршауының ұзындығы қандай болады?
  • Егер қоршаудың бір бөлігінің ұзындығы 6 м болса, бақшаны айналдыра қоршау үшін неше бөлік сатып алу керек?
  • Бақша өсіретін жер телімінің ауданы қандай?
  • Бақшаның тоғыздан бір бөлігі қырыққабат егуге бөлінді. Қырыққабат егуге бөлінген жер телімінің ұзындығын анықта.
  • Бақшаның қалған бөлігіне қызылша мен қант қызылшасы егілді. Оның ауданы қандай?

Жауабы:

810 м

270 с

612 м2

68 м2

544 м2

Т.Т. «Талда, шығар»

16 г қара бұрыш пен 32 г қызыл бұрыш қалталарға 8 грамнан бөлініп салынды. Қара бұрыш пен қызыл бұрыш барлығы неше қалтаға салынған?

Есептің шығару жолын талдау кезінде екі амал арқылы шығатынын айтыңыз. Сұраңыз: Есепте не белгілі? Есепті екі тәсілмен шығаруды ұсыныңыз: алдымен амалдар бойынша, артынын – күрделі өрнек құрып, мәнін есептеу. Есепті топта бірлесіп шығаруды ұсыныңыз. Топтың бір өкілі жауабын тақтаға шығарып көрсетеді. Оқушылар есептің шешуін салыстырады, қорытынды жасайды.

Қысқаша шарты:

Қара бұрыш-16 г

Қызыл бұрыш-32 г

Салынды – 8 грамнан

Қажет болды-? Қалта

Ж. (16+32):8

Ж.Ж. «Тап және есепте» Жұлдызшалардың орнына сандарды қойып есептеуді ұсыныңыз. Жұпта орындайды, бір-бірінің жауаптарына салыстыру жасайды.

Оқулық, дәптер, интербелсенді тақта

5 слайд

А4 форматты парақ, маркер

А4 форматты парақ, сызба, ертегілер суреті.

6 слайд

Жұмыс дәптер, түрлі түсті қалам, бағалау парағы

7 слайд

8 слайд

Сабақтың соңы

Кері байланыс

Қызыл түс-түсінбедім

Сары түс-түсіндім, бірақ басқаға түсіндіре алмаймын.

Жасыл түс-түсіндім, басқаға да түсіндіре аламын.

Жетістік ағашы, 3 түсті алма стикері

9 слайд



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу