104∙7; 728: 7 түріндегі есептерді шығару. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

3-бөлім. Жазбаша көбейту және бөлу

124- сабақ. Тақырыбы: 104х7, 728:7 түріндегі есептерді шығару

Оқу мақсаты: 3.1.2.13. Бөліндінің бір разрядында нөл болатын кезде үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмін және кері амал көбейту алгоритмін қолдану.Сабаққа қажетті ресурстар: слайдттар, суреттер, түсіндірме кесте, смайликтер, жауап парақтары, маркерлер,тапсырмалар, тапсырмалар жазылған кеспеқағаздар

Сабақта қолданылатын деректі материалдар: Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту бөлуге берілген өрненктерді пайдаланып есептер шығару дағдысын бекіту.

Сабақ бойынша ұсыныстар: Кіріспе.

Т.Ж. Сабақты «Сәйкестендір» тапсырмаларын орындаудан бастаңыз.

Кіріспе тапсырма.

Шағын топтарға тапсырма жазылған кеспеқағаздарды таратыңыз. Сұраңыз: Өткен сабақта қандай түрдегі үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлумен таныстыңдар? Оқушыларға кеспеқағаздардағы сұрақ бойынша 104∙7 және 728:7 түріндегі көбейту мен бөлуді қолданып, өрнектерді сәйкестендіріп салыстыру жасайды. Топтан бір оқушы тақтаға шығып көрсетуін ұсыныңыз. Топтардың бір-бірі «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалауын ұйымдастырыңыз.

Т.Т. «Артығын тап»

Тапсырманы 4 адамнан құралған шағын топта орындауды ұсыныңыз. Мысалдарды баған түрінде көбейту және бөлу алгоритмін қолданып шығарады.

Барлық өрнектердің мәнін тапқан соң артығын анықтауды сұраңыз. Ол мысалдардың артық екенін қандай белгі бойынша анықтағанын сұраңыз. Осы мысалды артық деп санаған оқушыларға орныны тұруды сұраңыз. оқушылардың жұмысын бағалаңыз.

Ұ.Ж. «Оқы, тап» Тапсырмадағы сұрақтар бірінен кейін бірі жалғасатынын айтыңыз. Сондықтан сұрақтарға ретімен жауап беруді ұсыныңыз. Қоршаудың ұзындығын табу деген нені білдіретінін сұраңыз. Тапсырманы орындауға қиналатын оқушыларға өздеріне түсінікті бөлігін орындауға болатынын айтыңыз. Қабілеті жоғары оқушыларға түсіндіре отырып, барлық сұраққа жауап беруді тапсырыңыз. Тапсырманың дұрыс орындалуын бақылаңыз, тапсырманы қиынсынған оқушыларға қолдау көрсетіңіз, түсіндіріңіз. Топтағы әрбір оқушының жұмысын бағалаңыз.

Көгөністер егіп бақша өсіру керек. Оған ені 3 м, ұзындығы 204м жер телімі бөлінді.

  • Бақша қоршауының ұзындығы қандай болады?
  • Егер қоршаудың бір бөлігінің ұзындығы 6 м болса, бақшаны айналдыра қоршау үшін неше бөлік сатып алу керек?
  • Бақша өсіретін жер телімінің ауданы қандай?
  • Бақшаның тоғыздан бір бөлігі қырыққабат егуге бөлінді. Қырыққабат егуге бөлінген жер телімінің ұзындығын анықта.
  • Бақшаның қалған бөлігіне қызылша мен қант қызылшасы егілді. Оның ауданы қандай?

Жауабы:

810 м

270 с

612 м2

68 м2

544 м2

Т.Т. «Талда, шығар»

16 г қара бұрыш пен 32 г қызыл бұрыш қалталарға 8 грамнан бөлініп салынды. Қара бұрыш пен қызыл бұрыш барлығы неше қалтаға салынған?

Есептің шығару жолын талдау кезінде екі амал арқылы шығатынын айтыңыз. Сұраңыз: Есепте не белгілі? Есепті екі тәсілмен шығаруды ұсыныңыз: алдымен амалдар бойынша, артынын – күрделі өрнек құрып, мәнін есептеу. Есепті топта бірлесіп шығаруды ұсыныңыз. Топтың бір өкілі жауабын тақтаға шығарып көрсетеді. Оқушылар есептің шешуін салыстырады, қорытынды жасайды.

Қысқаша шарты:

Қара бұрыш-16 г

Қызыл бұрыш-32 г

Салынды – 8 грамнан

Қажет болды-? Қалта

Ж. (16+32):8

Ж.Ж. «Тап және есепте» Жұлдызшалардың орнына сандарды қойып есептеуді ұсыныңыз. Жұпта орындайды, бір-бірінің жауаптарына салыстыру жасайды.

Кері байланыс

Қызыл түс-түсінбедім

Сары түс-түсіндім, бірақ басқаға түсіндіре алмаймын.

Жасыл түс-түсіндім, басқаға да түсіндіре аламын.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу