Қайталау. Сұрақ-жауап сабағы. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

3-бөлім. Жазбаша көбейту және бөлу

130- сабақ. Тақырыбы: Қайталау. Сұрақ-жауап сабағы

Оқу мақсаты: 3.1.2.1 санның квадратын - бірдей екі көбейткіштің, ал кубын - бірдей үш көбейткіштің көбейтіндісі ретінде түсіну

3.1.2.6.Бір таңбалы санға қалдықпен бөлуді орындау.

3.1.2.10 мынадай жағдайларда: 23∙2, 123∙2, 46:2, 246:2 екі таңбалы/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану.

Сабаққа қажетті ресурстар: слайдттар, суреттер, түсіндірме кесте, смайликтер, жауап парақтары, маркерлер,тапсырмалар, тапсырмалар жазылған кеспеқағаздар

Сабақта қолданылатын деректі материалдар: Сабақтағы математикалық тапсырмалар 3-тоқсандағы оқу материалдарын қайталау және бекітуге бағытталған.

Сабақ бойынша ұсыныстар: Кіріспе.

Ынталандыру. Сабақты «Жұбың кім» ойыны арқылы балаларды сабаққа белсенді ынталандырудан бастаңыз.

Т.Т. Ойын: «Жұбың кім?»

Мақсаты: ауызша есептеу дағдыларын дамыту.

Шарты: Оқушылар ортаға шығып, қима қағаздарын алады. Қима қағазда өрнектер мен мәндері жазылған.Оқушылар іздеп жүріп, өз жұбын табады. Шыққан өрнектер мен жауаптарын оқиды.

Оқушыларға бағыттау сұрақтарын бере отырып, сабақтың тақырыбын ашыңыз.

Топтар әрбір дұрыс орындаған тапсырма үшін 1 жалаушыны иеленеді.

Оқушылар мысалдарды шығарып, жауаптарына сәйкес әріптерді кестеге орналастырады; әріптерден өз-өздерін бағалайтын сөзді табады.

42+22

62+23

82-33*2

52+72

103-102+33

9*7+33-45

83-23+4*3*2

Ж.Ж. «Есіңе түсір, түбірін тап» Берілген ңеңдеулердің түбірін х пен у-ті табу арқылы теңдеу шешу жайлы білімдері бекиді. Күрделі теңдеуді шешу жолын еске түсіре отырып, қарапайым теңдеуге келтіріп түбірін табуға бағыттаңыз.

Х+642:6=240 824:4-у=36

Х=133 у=170

Т.Ж. «Жаңылма, қалыспа» Оқушылар топтық жұмыс арқылы тапсырманы орындайды. Олар қалдықпен бөлуді орындап, толымсыз бөліндіні анықтайды және қалдықпен бөлуді қайталайды.

279:4=69(3)

847:3=280(7)

376:6=62(4)

425:7=60(5)

351:5=70(1)

425:6=70(5)

75:9=8(3)

47:5=9(2)

892:3=297(1)

Ж.Ж. Мысалдар мен есептер. Тапсырма 3-тоқсандағы негізгі тақырыптарды бекітуге бағытталған.

Мектепті көгалдандыру үшін 120 үйеңкі және 150 жөке көшетін сатып алды. Үйеңкі 20 теңге, жөке одан 2 есе қымбат. Барлық көшет үшін қанша ақша төленді?

Есепке қысқаша талдау жасау, не белгілі, не белгісіз, нені табу керек? сұрақтарын жауап ізденуді ұйымдастыру.

Қысқаша шарты:

Үйеңкі-20 тиыннан 120

Жөке-? 2 есе қымбат 150

Барлығы-? теңге

Жауабы: 20:2=10 (жөке ағашының бағасы)

120*20+150*10=2400+1500=3900тг

Ұ.Ж. Логикалық тапсырма. Оқушылар шағын топқа бірігіп, логикалық тапсырманы шығаруды және жауабын таныстыруды ұсыныңыз. Тапсырма логикалық ойлауды қажет еткендіктен, оқушылар оларды шешудің ір түрлі тәсілдерін қарастырады. Олар мұндай тапсырмалармен ілгеріден таныс.

9 9 9=90

9 9 9=0

9 9 9=2

Кері байланыс



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу