Формулаларды қолдану. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспарының үлгісі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3B бөлімі: Теңдеулерді шешу. Сандармен операциялар71 | Мектеп: Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні :Омарова А.Е. | |||||||
Сынып: 3а | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||||
Сабақ тақырыбы | Формулаларды қолдану | |||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.5.1.6 математикалық тапсырмаларды орындау үшін формулалар қолдану | |||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: •қарапайым теңдеулерді шешуді біледі; Оқушылардың көпшілігі • шамалар арасындағы тәуелділікті біледі; белгісіз компоненттерді табу ережесін біледі; Кейбір оқушылар: •Периметр, аудан, көлем табуда формулаларды қолдана алады; күрделі теңдеулерді ықшамдай отырып шеше алады. | |||||||
Жетістік критерилері | Тапсырмаларды орындауда формулаларды қолдана алады. | |||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар: •периметр, аудан, көлем, формула, теңдік, теңсіздік Пәндік сөздер мен сөз тіркестері: • аудан, көлем, периметр, формула. | |||||||
Құндылықтарды дарыту
| Еңбек ету, өзін өзіне қызмет көрсетуге баулу | |||||||
Пәнаралық байланыстар | Еңбекке баулу | |||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Күрделі теңдеулерді шешу | |||||||
Сабақ барысы | ||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы | (Ұ) Балалар, өздеріңмен өткен сабақты қайталап өтейік. Қандай жазық фигураларды білесіңдер? (үшбұрыш, төртбұрыш, тіктөртбұрыш, шаршы, дөңгелек) Қандай кеңістік фигураларды білесіңдер? (цилиндр, конус, тіктөртбұрышты параллелепипед, пирамида) Олардың қандай айырмашылықтары бар? | Маркер, ламинад қағаз | ||||||
Сабақ ортасы
| (Ұ) Блиц турнир.
Енді осы фигураның периметрін табу үшін біз нені білуіміз керек? ФОРМУЛАСЫН Тақтаға ілу: Ендеше бүгін ФОРМУЛАЛАРДЫ қолданып үйренеміз. ФОРМУЛАЛАРДЫ қолдану арқылы тіктөртбұрыштың және шаршының периметрін, аудандарын табамыз, қабырғаларының ұзындықтарын тауып үйренеміз. Тіктөртбұрыштың периметрін табу үшін қандай формуланы пайдаланамыз? (ламинат қағазға жазуын сұрау) а в (Ұ) Миға шабуыл. Логикалық тапсырмаларды ауызша орындау.
(Ұ ) Оқушылардан қолданған формулаларын естеріне түсіре алама екенін сұраңыз. Тіктөртбұрыштың ауданын табу формуласын ұсынатынына үміттенеміз. Формуласын флипчартқа жазуын сұраңыз. Бір балаға тақтада орындату арқылы дәптерлеріне жаздыру: Тіктөртбұрыштың периметрін табу формуласы: Р = а+в +а +в Р = (а+в) *2 Р = а*2 + в*2 Тіктөртбұрыштың ауданын табу формуласы: S = a*b Осы формулаларға қатысты есептер шығару. 1Ұзындығы 8 см, ені 6 см тіктөртбұрыштың периметрі мен ауданын табайық. 2.(Сызу арқылы орындату.) Шаршы жайлы не білеміз? Барлық қабырғалары бірдей. Оның периметрін табу үшін қандай формулалар қолданамыз? Р = а + a + а + а Р = а*4 Қабырғаларының ұзындығы 6 см болатын шаршының периметрі мен ауданын табайық. а – 6 см Р - ? S - ? 6 см 3. Формулаларды қолдану .Есеп құрайық. (Ж) Жұптық жұмыс. (есеп шығаруда қандай формуланы қолданғандарыңызды көрсетіңіздер) 1.Ені 8 метр, ал ұзындығы 12 метр болатын сынып бөлмесінің ауданын есептеп табыңыздар. 2.Ұзындығы 20 м, ал ені 14 м ойын алаңының ауданын табыңдар. 3.Автокөлік тұрағының ұзындығы 9 м, ені 3 м. Периметрі мен ауданын табыңыздар. 4.Мектеп спорт залының ұзындығы 25 м,ал ені 12 м. Спорт залдың периметрін табыңыздар. Тапсырма критерийін жазу. 1.Дұрыс формула қолдану. 2. Формуланы қолдана отырып дұрыс есептеу. 3. Берілген алаң мен залдардың қандай геометриялық фигураға ұқсас екенін табу. Бұл есепте оқушылар берілген денелердің қандай геометриялық фигураға ұқсайтындығын анықтайды. Содан кейін формуланы еске түсіре отырып, есептеулер жүргізеді. Жұптық жұмысты қорытындылау жұмысты қорытындылау. Презентациядағы дұрыс жауап арқылы тексеру. (Ұ) Келесі тапсырмаға назар аударайық. Оқушылардан теңдеулер мен формулалар арасында не ортақ екенін сұраңыз. Оқушылар теңдеуді, айнымалыларды, тәуелсіз айнымалының мәнін табу тәсілін танып білуі, сосын тәуелді айнымалыны тани білуі керек. Сынып бөлмесінің ұзындығы мен енінің жуық шамаларын пайдалана отырып айталық ауданын есептеуді үлгілеңіз. Берілген теңдеудің қайсысын шеше аласыз? А. Х - 4500 = 2000+500 В. Х*3 = 147 300 : 100 С. а : 69 – 754 = 48 (Ж) Тіктөртбұрыштың ауданын табу формуласын талқылауды ұсыныңыз. Оқушылардан формулаларды пайдалануға мысалдар келтіруін сұраңыз. (сызбада тіктөртбұрыштың, мектеп залының, автокөлік тұрағының және т.б. ауданын табуды анықтау) Формуланы барлық жағдайларда қолдануға бола ма (яғни,оны тек тіктөртбұрышқа ғана қолданыла ма )? Ауданды анықтау үшін сіз түрлі өлшем бірліктерін пайдалана аласыз ба? (иә, бірақ ұзындық пен ені үшін бірдей өлшем бірліктер болуы керек , жауабында аудан бірлігі беріледі.) S=a·b а=S÷b b=S÷a V=a∙b∙c a= V÷(b∙c) b= V÷(a∙c) c= V ÷(a∙b) Қосымша . Петерсон 34-35 бет № 3,4 және шығармашылық тапсырма №6 Үйге Петерсон . № 7,8,11 | Карточкалар ,презентация | ||||||
Сабақтың соңы | Сен бүгін не үйрендің? Саған бүгін ең маңызды болған нәрсе? Неге? Не туралы тағы да көбірек білгің келеді? Қай тапсырма сені қызықтырды? Саған кішкене қиындау болған тапсырма? Неге ? Сабақтың қай жерінде өзіңді жақсы көрсете алдың? Бүгін сабақта алған біліміңді қайда қолдана аласың? | |||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||
|
|
| ||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?