Теңдеулердің жаңа түрлерін шешу. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Кестеден тыс көбейту және бөлу

№99 сабақ. Тақырыбы: Теңдеулердің жаңа түрлерін шешу

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Айдаболова Қаракөз Батырхановна

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты:

3.2.2.2.көбейту мен бөлуге берілген құрылымы күрделі

х∙ (25:5)=60; (24∙3):х=6; х: (17∙2)=2; k+124:4=465 түріндегі теңдеулерді шешу.

Сабақтың

мақсаты:

Оқушылардың барлығы :

Құрылымы күрделірек теңдеулерді шешу

алгоритмін біледі және қолданады.

Оқушылардың көпшілігі:

Құрылымы күрделірек теңдеулерді шешу

алгоритмін құрады және қолданады.

Оқушылардың кейбірі:

Кейбір оқушылар құрылымы күрделірек теңдеулерді алгоритмге

сүйенбей шеше алады.

Бағалау критерийлері

Құрылымы күрделірек теңдеулерді шешуді түсіндіріп

бере алады.

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер: құрылымы күрделірек теңдеулер, құрылымы күрделірек теңдеулерді шешу алгоритмі.

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

Талқылау:

Теңдеулерді шешу кезінде белгісіз санды қалай табуға болады?

Теңдеулердің ұқсастықтары неде және айырмашылықтары қандай?

Құрылымы күрделірек теңдеулерді шешудің қандай алгоритмін

құруға болады?

Құндылықтар

Адамгершілікке тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

Тапсырмалар бойынша нұсқаулар АКТ арқылы көрсетіледі.

Алдыңғы меңгерілген білім

Қалдықпен бөлу. Есептерді шығару

Сабақ барысы

Жоспарлан

ған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық дайындық

Қайырлы күн, достым,

Қайырлы күн болсын.

Бүгінгі сәрсенбі күнің

Сәттілікке толсын!

Біздің алар бағамыз

Кіл бестікке толсын!

Кіріспе тапсырма

Жасырынған сөзді тап

(Ұ.Ж) Оқушылар ауызша есептеу арқылы мысалдарды шығарады.Бұл тапсырма арқылы көбейту кестесін естеріне түсіріп, қайталайды. Жасырынған сөзді табады және оқиды.

«Теңдеулердің жаңа түрлерін шешу»

Сөздік бағалау жүргізу «Жарайсың», «Жақсы» т.с.с

Елші

(Т.Ж) Оқушыларға топтық жұмысқа арналған тапсырма таратып беру.Топтар тапсырмаларды орындап болғаннан кейін топтың бір адамы «елші» болып сайланады да, зерделенген материалды түсіндіру және жинақтау, бұл туралы жаңа топтың ойын, бір шешімге келгенін немесе жетістікке жеткенін білу үшін басқа топқа барады. Бұдан кейін елші өз тобына қайтып оралып, білгендерін айтып береді. Әрбір топтан бір оқушыдан шығып, жаңа түрдегі теңдеуді шешудің қадамдық алгоритмін құрады. Алгоритмдерді салыстыру.

Тапсырма:Есепті теңдеу құру арқылы шығару

Сыныпқа арнап әрқайсысында 10 қарындаштан 21 қорап сатып алды. 7 қарындашты алды. Қаншасы қалды?

10·21

алды қалды

7 у

«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізу

Жұптасып –ойлан-бөліс

) Оқушыларға жұптық жұмысқа арналған тапсырма таратып беру. Оқушылар алдымен жеке орындайды. Содан кейін жұп болып, пікірлерімен бөліседі. Ортақ шешімге келгеннен кейін топта талқылайды. Әрбір топтан бір оқушыдан шығып қорғайды.

Тапсырма:

а) у-49=34+7 в) х: 7=18:3

б) а +23=5·8 г) 4·п=9+15

«Смайлик» арқылы бағалау жүргізу

Слайд№2

Слайд№3,4

Слайд№5,6

Слайд№7,8

Сабақтың ортасы

«Серпілген сауал»

(Ұ.Ж) «Серпілген сауал» әдісі бойынша сабақты жалғастыру. Алдын ала парақтарға өрнектер жазып қойыңыз немесе оқушыларға әріпті өрнектер жазуды тапсырыңыз. Оқушылар өрнектерін жазылған парақтарын бір – біріне лақтырады. Содан соң өрнекті оқиды. Содан соң белгісіз компоненттерді атайды және қалай табуға болатынын айтады. Бұл тапсырма арқылы тақырыпты түсіну деңгейін арттырады және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізеді.

Тапсырма:

(x + 5)·6; 7·b- 13; 94- (c:3); x+y; (c+57) –(x:y); 56:c; c-x;

(12+b)-9; c:8+27; (86-b)+(c:3);

«Басбармақ» арқылы бағалау жүргізу

Теңдеу құр

(Т.Ж) Оқушыларға әріпті және санды өрнек жазылған тапсырма беру. Оқушылар өрнектерді пайдаланып теңдеу құрады, шығарады.Ламинатталған параққа жазады. Топтар бір –бірімен парақтарын ауыстырады және тексереді. Бұл оқушыларға жаңа түрдегі теңдеулерді шешуді түсініп, алған білімін бекітуге мүмкіндік береді.

Тапсырма: Өрнектерді пайдаланып теңдеу құр.

28+32; с+27; 81:у; 4·4; 86-x; 35-26

«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізу

Есепті шығар

(Ж.Ж) Оқушыларға жұптық жұмысқа арналған тапсырма таратып беру.Оқушылар есепті оқиды, талдайды. Сосын жұбымен есепті теңдеу құру арқылы шығарады. Шығарып болған соң, жұптар бір –бірімен дәптерлерін ауыстырады және тексереді. Бұл оқушыларға жаңа түрдегі теңдеулерді шешуді түсініп, алған білімін бекітуге мүмкіндік береді.

Тапсырма:

Тігіншіде 45 м және 31 м екі бөлек мата бар. Ол осы матадан әрқайсысына 2 метрден жұмсап, жейделер тікті. Барлық матадан неше жейде тігілді?

«Смайлик» арқылы бағалау жүргізу

Сәйкестендір

(Ж.Ж) Оқушыларға жеке жұмысқа арналған тапсырма таратып беру.

Оқушылар тапсырманы жеке орындайды. Оқушылар теңдеу мен оның түбірін тауып сәйкестендіреді. Дайын жауап арқылы өзін –өзі тексеріп, бағалайды.

Тапсырма:

c·2=60+80 x=15

x:4=8·2 x=30

75:x=35:7 x=13

7·x=43+48 c=70

x-15=30:2 x=64

«Басбармақ» арқылы бағалау жүргізу

Салыстыру

(Ж.Ж) Оқушыларға жұптық жұмысқа арналған тапсырма таратып беру. Тапсырманы оқушылар алдымен жеке орындайды сосын жұбымен дәптерін ауыстырады. Бір –бірінің тапсырмасын дайын жауап арқылы тексереді.

Тапсырма:

20 · с □ 20 : с 36:b □ 42:b x·4 □ x·7

32 : y □ 4· y x:3 □ 4·x 72:c □ с:6

«Смайлик» арқылы бағалау жүргізу

.

Слайд№9

Слайд

№10,11

Слайд

№12,13

Слайд№14

Слайд

№15,16

Сабақтың соңы

Кері байланыс

Теңдеулерді шешу кезінде белгісіз санды қалай табуға болады?

«Табыс сатысы» әдісі: кәдімгі сатының суреті, сатының

1 - баспалдағы Мен.............. БІЛЕМІН

2 - баспалдағы Мен.................. ТҮСІНЕМІН*,

3 - баспалдағы Мен............. ЖАСАЙ АЛАМЫН



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу