Қос теңсіздіктерді шешу. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Ортақ тақырып «Ғарышқа саяхат», «Болашаққа саяхат»

Бөлімше:Теңдік және теңсіздік. Теңдеулер

Тақырыбы: Қос теңсіздіктерді шешу

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Айдаболова Қаракөз Батырхановна

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

4.2.2.1 қос теңсіздіктердің шешімдер жиынын табу.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар үшін:

Қарапайым теңсіздік пен қос теңсіздікі құрастыра алады;

Бірқатар оқушылар үшін:

Қарапайым теңсіздік пен қос теңсіздік арасындағы айырмашылықты түсіндіре алады;

Кейбір оқушылар үшін:

Екі қарапайым теңсіздіктен қос теңсіздікті құрастыруға қатысты өз дәлелдемелерін бере алады;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Пәндік лексика және терминология:

Теңсіздікті жазу, қарапайым теңсіздік, қос теңсіздік, теңсіздік, қос теңсіздікті бірнеше шешімдері

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

-Теңсіздік дегеніміз не?

-Теңсіздік шешімі дегенеміз не?

-Қос теңсіздікті жазу қарапайым теңсіздіктен айырмашылығы неде?

Жазу: Қос теңсіздікті жазу

Тірек білім, білік, дағдылар

қос теңсіздік

шешімдер жиыны

Жоспар

Жоспар

ланған

уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

0–2

3-5

6-10

11–28

29–37

Кіріспе тапсырма

(Ұ) «Орындық» ойынын ойнау. Ойынға бір оқушы таңдалып, тақтаға арқасын беріп орындыққа отырады. Дайындалған кеспеқағаздардан біреуін тақтаға іліу. Сыныптастары қос теңсіз-дікті оқиды, орындықта отырған оқушы қос теңсіздік шеші-мінің жиынын айтады. Ойынды бірнеше рет қайталату.

«Шапалақ» арқылы бағалау жүргізу

Жұлдыздардың сыңарын тап.

(Т) Бірінші теңсіздіктегі айырманың мәнін табу. Ғарыштағы жұлдыздарда жазылған қос теңсіздік шешімінің жиыны бола-тын жұлдызды сызықтармен қосу. Жұмыс барысында өз таңдау-ларын түсіндіру.

Тапсырма

Ғарыштағы жұлдыздардың сыңарларын табуға көмектес. Қос теңсіздік жазылған жұлдызға шешімдерінің жиыны болатын жұл-дызшаларды тап.

Жауабы:{30, 40, 50}

Смайлик арқылы бағалау жүргізу

Орындап көр

(Ж) Оқушылар тапсырманы жұпта талқылап, жауаптарын дәптер-леріне сан түзуінде белгілейді.

Тапсырма

100 бен 1000-ның арасындағы бір санды ойла. Оны 10 есе арт-тырып, шыққан санды 500-ге кеміт. Дәптеріңе үлгідегідей сан түзуін сызып, қай аралыққа тиісті екенін көрсет.

Смайлик арқылы бағалау жүргізу

Шығарып көр.

(Т) Алдымен не белгісіз екенін, белгісізді қандай амалмен табатынын тоқталу. Тапсырманы орындауға уақыт белгілеу. Жауаптарын әр топ өкілдері таныстырады. Жауаптарын салыстыру. Көмек қажет болған жағдайда көмек көрсету.

Тапсырма

а)Жөндеу жұмыстарын жасау үшін 228 000 теңгеге құрылыс заттары сатып алынды. Егер оның үштен бір бөлігі 40 м² ламинат алуға жұмсалса, 1 м² ламинат қанша тұрады?

228 000 : 13 = 76 000 (теңге — ламинат алуға жұмсалды);

76000 : 40 = 1900 (теңге —1 м² ламинаттың бағасы);

Жауабы:1 м²ламинат 1900 теңге тұрады.

ә) Саяхатшы жолдың алтыдан бір бөлігін жүріп өткеннен кейін әлі 10 кило-метр жол жүру керек екенін білді. Жолдың ұзындығын тап.

10 • 6 + 10 = 70 (километр — жолдың ұзындығы);

Жауабы: жолдың ұзындығы 70 километр.

б) Қала көшелерін көгалдандыру үшін 55242 гүл көшеттері әкелінді. Оның 49-і қызыл түсті гүлдер. Ал, сары түсті гүлдер қызыл гүлдер-ден 2 есе аз. Қалғаны күлгін және ақ түсті гүлдер. Олардың саны тең. Ақ гүлдердің көшеті қанша?

б) 55242 : 13 = 24552 (қызыл гүлдер);

24 552 : 2 = 12276 (сары гүлдер);

55242 – (24552 + 12276) = 18414 (күлгін және ақ гүлдер);

18414 : 2 = 9207 (ақ гүлдер);

Жауабы: 9207 ақ гүлдер көшеті әкелінді.

Смайлик арқылы бағалау жүргізу

Зымыран

(Ө) Тапсырманың шартын қанағаттандыратын сандарды таңдау. Кімде-кім тапсырманы дұрыс орындаса, өз бетінше қос теңсіздік құрып, шешімдерінің жиынын табуды ұсыну. Оқушылар жұмыс жасау барысында өзара тексеру жүргізеді.

Тапсырма

Берілген сандардың қайсысы 968 < a < 968 + 215 қос теңсіздігінің шешімдері-нің жиыны бола алады?

Жауабы:{973, 1046, 1055}

Фишка арқылы бағалау

Оқушылардың жұмыстарын тексеріп, жауабын тапқан оқушыларға фишка беру арқылы бағалау

Ай көлеңкесі

(Ж) Оқушылар жазбаны қалпына келтіру үшін жұпта талқы-лайды. Сандардың жазбазын дұрыс теңдік шығатындай етіп орындау. Талқылай отырып, дәптерлеріне жазу. Жауаптарын тексеруді жаппай сыныпта өткізу.

Тапсырма

Жауабы:

4565 700701

21031 54323

+60348 5241

6935 122

92879 641015

Смайлик арқылы бағалау жүргізу

Сен білесің бе?

1) Меркурийде тәулік ша-мамен Жердегі 176 тәулікке тең. Меркурий Күннен ең алыс қашықтықта болғанда, температурасы –300° С-ға дейін төмендейді, ал Күнге ең жақын қашықтыққа келгенде +800° С-ға дейін қызады.

2) Ғарышкерлер Айға қонарда ерекше, жұмсақ ска-фандр киеді. Оның салмағы 90 килограмм! Сапалы, әрі мықты материалдан жасалған скафандр 17 қабаттан тұрады. Ауа, жылытқыш құрылғы мен су ішуге арналған түтікшесі бар. Бұл қауіпсіз скафандрмен ашық ғарышта 6 сағат жұмыс жасауға болады.

Ойлан

(Ж) Оқушыларға тапсырманы алғашында жұпта талқылау. Содан кейін өз бетінше орындау. Қатар үш санның қосындысы 20-ға тең болуын, келесі сан қатары көршілес сандардан бастала-тынын, тек 7 және 6 цифрларын пайдалануын ескерту. Тапсырма-ны орындау қиындық туғызған оқушыларға қолдау көрсету, орындап болған оқушылардың көмегіне жүгінеді.

Тапсырма

Зымыран сандық жүйемен басқарылады. Басқару кодында 7 мен 6 сандарын ғана пайдаланасың. Басқару кодын табу үшін қатардағы 3 санның қосындысы 20-ға тең болатын сан тізбегін құр. Келесі үштік екінші саннан басталады.

7

6

Жауабы:

7 + 6 + 7 = 20; 6 + 7 + 7=20; 7 + 7 + 6=20; 7 + 6 + 7= 20; 6 + 7 + 7 = 20; 7 + 7+ 6 = 20

Фишка арқылы бағалау

Оқушылардың жұмыстарын тексеріп, жауабын тапқан оқушыларға фишка беру арқылы бағалау

Қалыптастырушы бағалау

Келісемін немесе келіспеймін.

(Ө) Оқушылар білімді тиянақтау мақсатында қос теңсіздіктердің шешімі болатын сандардың тұсына «келісемін» «+», ал шешімі болмайтын санның тұсына «келіспеймін» «–» таңбасын қояды. Оқушылар кестені толтыру арқылы қос теңсіздікті оқуды және шешімдер жиынын табуды бекітеді.

Жауабы:

с

20<с<60

30<с<70

40<с<80

20

-

-

-

30

+

-

-

40

+

+

-

50

+

+

+

60

-

+

+

70

-

-

+

80

-

-

-

20 < c < 60; c = {30, 40, 50};

30 < c < 70; c = {40, 50, 60};

40 < c < 80; c = {50, 60, 70}

Кім жүйрік?

(Ж) Оқушылар берілген сандар арасына математикалық таңбаларды пайдаланып, дұрыс теңдік құрастырады. Жауаптарын жұпта талқылай отырып, топта тексеру.

Жауабы:

а) 8 • 8 • 8 • 8 • 8 = 32768;

в) 8 • 8 • 8 – 8 – 8 =496;

ә) (8 + 8) • (8 + 8) – 8 =248;

г) 8 + 8 + 8 • 8 + 8 =88;

б) (8 – 8) • (8 + 8) + 8 =8;

ғ) 8 • 8 • (8 + 8) : 8 =128

Мергендер.

(Ж) «Мергендер» тақтасындағы сандардан Дарханның тигізген ұпайларының жиынын табу. Алдымен қос теңсіздік құрады, содан соң қос теңсіздік шешімдерінің жиынын жазу. Дарханның жинаған ұпайларының қосындысын табу.

Жауабы:

79 < d < 85; d = {80, 81, 82, 83 , 84}

Мүмкін жағдайлары: 80 = 20 + 20 + 20 + 20 т.б.

Жұлдызды таны.

(Т) Оқушылар мысалдарды шешеді, әріптер сәйкес келетін кестені толтырып, жауаптарын топта салыстырады. Топта «Темірқазық» жұлдызы туралы білетіндерін ортаға салу.

Жауабы:

63307

26360

643

659 399

982

т

е

м

і

р

6089

223 965

675 952

1 914 795

6089

қ

а

з

ы

қ

Жұлдыздарға сапар.

Жұлдыздарда жазылған қос теңсіздік пен шешімдер жиынын сәйкестендіру. Сәйкестендіру барысын көршісімен бөлісу, оқып беру.

Жауабы:

96 < d < 365 {658, 659, 660, 661, 662}

466 < c < 632 {100, 150, 200, 250, 300}

657 < x < 891 {470, 480, 490, 500, 510}

Өшіргіштің тапсырмасы.

Теңдеуді бөлінгіш пен көбейткіштер белгісіз болған жағдайда белгісізді табу бөлу амалы мен көбейтудің өзара кері амалдар екенін еске түсіру арқылы ережені тұжырымдайды.

Жауабы:

а) 3 797 568 : х = 6246 ә) 6246 · х = 3 797 568

х =3 797 568 : 6246 х =3 797 568 : 6246

х = 608 х = 608

3 797 568 : 608 = 6246 6246 608 = 3 797 568

6246 = 6246 3 797 568 = 3 797 568

б) х · 608 = 3 797 568

х = 3 797 568 : 608

х = 6246

6246 608 = 3 797 568

3 797 568 = 3 797 568

Бағдаршам түстері арқылы бағалау

Оқушылар бағдаршам көзіне сәйкес сигналды карталарды көтеру арқылы бағалайды.

Жасыл түс- "Түсіндім"

Сары түс-"Сұрағым бар"

Қызыл түс- Түсінбедім

Өз зымыраныңды таңда

(Ж) «Өз зымыраныңды таңда» ойынын ұйымдастыру. Сыныптың бос қабырғаларына зымыран суреттері және қос теңсіздік жазылған плакаттар ілу. Қос теңсіздік шешімінің жиыны жазылған кеспе-қағаздарды оқушыларға таратып беру. Таратылған қағаздағы шешімдер жиыны қай қос теңсіздіктің шешімі болатынын тауып, мұғалім белгі бергенде өз зымыранының жанына бару. Жауаптарының дұрыстығын әр зымыран «бортындағы» оқушылар өзара тексереді.

Смайлик арқылы бағалау жүргізу

3-слайд

3-слайд

4-слайд

5-слайд

6-слайд

7-слайд

8-слайд

9-слайд

10-слайд

Бағдаршам суреті

38–40

Рефлексия

Зымырандағы оқушылар өз орнына отырып, бүгінгі сабақтағы ең тиімді «Үш сәт» жайлы стикерге жазып өз зымырандарына іледі.

Слайд

зымыран

стикерлер



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу