![]() |
|
![]() |
Теңдеулердің жаңа түрлерін шешу. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар
Бөлімі: Кестеден тыс көбейту және бөлу
№99 сабақ. Тақырыбы: Теңдеулердің жаңа түрлерін шешу
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)
3.2.2.2.көбейту мен бөлуге берілген құрылымы күрделі
х∙ (25:5)=60; (24∙3):х=6; х: (17∙2)=2; k+124:4=465 түріндегі теңдеулерді шешу.
Сабаққа қажетті ресурстар: ламинатталған қағаздың парақтары; таратпа қағаздар
Сабақта қолданылатын деректі материалдар
Жаңа түрдегі теңдеуді шешу үшін оның оң жағындағы сандық өрнекті қарапайым түрге келтіру керек. Осы ережені негізге ала отырып, теңдеуді шешудің алгоритмін құрастыруға болады.
Алгоритм:
1. Теңдеуге қара.
2. Қай бөлігін қарапайым түрге келтуге болатынын ойлан.
3. Мүмкін болатын есептеуді жүргіз.
4. Шыққан қарапайым теңдеуді жаз.
5.Теңдеуді шеш.
6. Тексер.
Сабақ бойынша ұсыныстар:
Кіріспе тапсырма
Жасырынған сөзді тап
(Ұ.Ж) Сабақты оқушылармен ауызша есептеу арқылы мысалдарды шығарудан бастаңыз.Бұл тапсырма арқылы көбейту кестесін естеріне түсіріп, қайталайды. Жасырынған сөзді табады және оқиды.
«Теңдеулердің жаңа түрлерін шешу»
Сөздік бағалау жүргізу «Жарайсың», «Жақсы» т.с.с
Елші
(Т.Ж) Оқушыларға топтық жұмысқа арналған тапсырма таратып беріңіз.Топтар тапсырмаларды орындап болғаннан кейін топтың бір адамы «елші» болып сайланады да, зерделенген материалды түсіндіру және жинақтау, бұл туралы жаңа топтың ойын, бір шешімге келгенін немесе жетістікке жеткенін білу үшін басқа топқа барады. Бұдан кейін елші өз тобына қайтып оралып, білгендерін айтып береді. Әрбір топтан бір оқушыдан шығып, жаңа түрдегі теңдеуді шешудің қадамдық алгоритмін құрады. Алгоритмдерді салыстырады.
Жауабы:203 қарындаш
«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізіңіз
Жұптасып –ойлан-бөліс
(Ж.Ж) Оқушыларға жұптық жұмысқа арналған тапсырма таратып беріңіз. Оқушылар алдымен жеке орындайды. Содан кейін жұп болып, пікірлерімен бөліседі. Ортақ шешімге келгеннен кейін топта талқылайды. Әрбір топтан бір оқушыдан шығып қорғауды ұсыныңыз.
Жауабы:90,42,17,6
«Смайлик» арқылы бағалау жүргізіңіз
«Серпілген сауал»
(Ұ.Ж) «Серпілген сауал» әдісі бойынша сабақты жалғастырыңыз. Алдын ала парақтарға өрнектер жазып қойыңыз немесе оқушыларға әріпті өрнектер жазуды тапсырыңыз. Оқушылар өрнектерін жазылған парақтарын бір – біріне лақтырады. Содан соң өрнекті оқиды. Содан соң белгісіз компоненттерді атайды және қалай табуға болатынын айтады. Бұл тапсырма арқылы тақырыпты түсіну деңгейін арттырады және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізеді.
«Басбармақ» арқылы бағалау жүргізіңіз
Теңдеу құр
(Т.Ж) Әрбір топқа әріпті және санды өрнек жазылған тапсырма беріңіз. Оқушылар өрнектерді пайдаланып теңдеу құрады, шығарады.Ламинатталған параққа жазады. Топтар бір –бірімен парақтарын ауыстырады және тексереді. Бұл оқушыларға жаңа түрдегі теңдеулерді шешуді түсініп, алған білімін бекітуге мүмкіндік береді.
Жауабы:9,33,70
«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізіңіз
Есепті шығар
(Ж.Ж) Оқушыларға жұптық жұмысқа арналған тапсырма таратып беріңіз.Оқушылар есепті оқиды, талдайды. Сосын жұбымен есепті теңдеу құру арқылы шығарады. Шығарып болған соң, жұптар бір –бірімен дәптерлерін ауыстырады және тексереді. Бұл оқушы- ларға жаңа түрдегі теңдеулерді шешуді түсініп, алған білімін бекітуге мүмкіндік береді.
Жауабы:38 жейде
«Смайлик» арқылы бағалау жүргізуіңіз
Сәйкестендір
(Ж.Ж) Оқушыларға жеке жұмысқа арналған тапсырма таратып беріңіз.Оқушылар тапсырманы жеке орындайды. Оқушылар теңдеу мен оның түбірін тауып сәйкестендіреді. Дайын жауап арқылы өзін –өзі тексеріп, бағалайды.
Жауабы:
c·2=60+80 x=70
x:4=8·2 x=64
75:x=35:7 x=15
7·x=43+48 c=13
x-15=30:2 x=30
«Басбармақ» арқылы бағалау жүргізіңіз
Салыстыру
(Ж.Ж) Оқушыларға жұптық жұмысқа арналған тапсырма таратып беріңіз. Тапсырманы оқушылар алдымен жеке орындайды сосын жұбымен дәптерін ауыстырады. Бір –бірінің тапсырмасын дайын жауап арқылы тексереді.
Жауабы:
20 • с > 20 : с 36:b < 42:b x•4 < x•7
32 : y < 4• y x:3 < 4•x 72:c □ :6
«Смайлик» арқылы бағалау жүргізіңіз
Сабақ соңында «табыс сатысы» әдісі арқылы рефлексия жүргізіңіз.
1 - баспалдағы Мен.............. БІЛЕМІН
2 - баспалдағы Мен.................. ТҮСІНЕМІН
3 - баспалдағы Мен............. ЖАСАЙ АЛАМЫН
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 керемет тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, бата қайыру