104∙7; 728: 7 түріндегі теңдеулерді шешу. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

3-бөлім. Жазбаша көбейту және бөлу

125- сабақ. Тақырыбы: 104х7, 728:7 түріндегі есептерді шығару

Оқу мақсаты: 3.1.2.13. Бөліндінің бір разрядында нөл болатын кезде үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмін және кері амал көбейту алгоритмін қолдан

Сабаққа қажетті ресурстар: слайдттар, суреттер, түсіндірме кесте, смайликтер, жауап парақтары, маркерлер,тапсырмалар, тапсырмалар жазылған кеспеқағаздар

Сабақта қолданылатын деректі материалдар: Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту бөлуге берілген өрненктерді пайдаланып есептер шығару дағдысын бекіту.

Сабақ бойынша ұсыныстар: Кіріспе.

Т.Т. Белсендіру. Сабақты «Кім тапқыр?» ойыны арқылы бастаңыз. Топқа теңдеу құру үшін тапсырмалар беріңіз. Кестені пайдалана отырып теңдеу құруды тапсырыңыз.

а

17

16

в

4

а*в

51

48

96

А-12

В-3,4

а

64

80

в

6

а:в

4

13

5

А-78

В-16,16

Қандай теңдеу құрастырдыңыдар? Осыдан кейін топтардың теңдеу құрастырылған кеспеқағаздарын бірнеше рет өзара ауыстыру арқылы оқушылардың бірнеше қарапайым теңдеу құрастыруын сұраңыз. Топтың теңдеуін көрсету үшін әр топтан бір оқушыны тақтаға шығарыңыз. Осы жаттығудан соң тапсырмалармен жұмыс ұйымдастырыңыз.

Әр топтың теңдеуді дұрыс құрғанын «Отшашу» әдісі арқылы тексеріңіз.

Т.Ж. «Көрсет, айт» ойыны арқылы жүргізу.

Оқушыларға сұрақ қойыңыз:

  • Теңдеулер қалай құрылған?
  • Белгісіз шама х-ті дұрыс таптыңдар ма?
  • Белгісізді табу үшін қандай ережелерді пайдаландыңдар?
  • Теңдеулерді өзара кері теңдеу деп атауға бола ма? Неге?
  • Тақтаға бірнеше оқушыны шығарып, белгісізді табу ережелерін (белгісіз көбейткіш, белгісіз бөлінгіш, белгісіз бөлгіш) анықтауды ұсыныңыз. Оқушыларға қорытынды жасату, бірнеше оқушының жұмысын бағалау.

С * 6 =180                         6 * Х = 54

60  : х =3                             а : 102 = 306

Х : 4 =8                              321 : Х = 963

Ж.Ж. «Жұптас, түсіндір» Жұптағы оқушылар өздері бір күрделі теңдеуді таңдап шығарады. Көршісімен дәптерін ауыстырып, бірін-бірі тексереді және өзінің теңдеуін түсіндіреді.

63:(14-х)=14-7 32-16:х=95-65

63:(14-х)=7 32-16:х=30

14-х=63:7 16:х=32-30

14-х=9 16:х=2

х=14-9 х=16:2

х=5 х=8

63:(14-5)=14-7 32-16:8=95-65

7=7 30=30

Ж.Ж. «Оқы, түсін, құрастыр»

42 шығу үшін қандай санды 7-ге көбейту керек?а х 7 = 42

а = 69шығу үшін қандай санды 9-ға бөлу керек?а:9 = 9

а= 1 569 шығу үшін 318-ді қандай санға қосу керек?318+а=569

а=251

Оқушылар жұптағы жұмысын жалғастырады. Тапсырманы қалай түсінгенін сұраңыз. Егер түсінікті болса оқушылар жұмысқа кіріседі. Ал түсінбесе бірінші теңдеуді сынып болып талқылап, тақтаға шығарып көріңіз. Оқушыдан қосымша түсінік беруін сұрау. Оқушылардың теңдеуді дұрыс құрып, қатесіз шығарғанын бақылаңыз.

Т.Т.»Талда және шығар» Әр топқа параққа өздеріне ыңғайлы түрде есептің қысқаша шартын-сызба, сурет немесе қысқаша жазбасын жазуды тапсырыңыз. Есепті амалдар бойынша шығаруды ұсыныңыз.

Бір шеберхана 1920 кітапты, ал екіншісі 1935 кітапты түптеді. Біріншісі күніне 640 кітапты, екіншісі 215 кітапты түптеді. Қай шеберхана жұмысты бұрын бітірген және неше есе тез бітірген?

Қысқаша шарты:

1 -шеберхана-1920, бір күнде 640 кітап ? бұрын, ? есе тез

2-шеберхана-1935, бір күнде 215 кітап

1920:640=3(бірінші шеберхананың бітірген күні)

1935:215=9(екінші шеберхананың бітірген күні)

9-3=6( неше күн бұрын бітіретін күні)

9:3=3(есе тез бітіретін күні)

Т.Т. «Ойлан, тап» Тапсырма математикалық сауатты түрде түсініктеме беру арқылы орындауды талап ететінін айтыңыз. Топтық жұмыс барысын бақылаңыз, қажет болған жағдайда оқушыларға түсіндіріп, көмектесіңіз.

Кітіп дүкенінен әдеби кітаптар 3 данадан, оқулықтар 4 данадан буылып мектептерге жөнелтілді. Х дана әдеби кітаптар, у дана оқулықтар болса мына өрнектер мәні қандай болады?

х+у

у-х

3*х

4*у

3*х=4*у

4*у=3*х?

х=206

у=209 болғандағы өрнектер мәнін тап.

Ұ.Ж. «Кім жылдам» Тапсырма есептеу дағдысын дамытуға бағытталған. Оқушылар жеке орындайды. Жауаптарын сынып болып талқылау ұйымдастырыңыз.

428: 4312: 3872: 8318: 3214: 2216: 2642: 6515: 5981: 9

Кері байланыс

Оқушылардың сабақ материалын қалай түсінгенін анықтау үшін келесі сұрақтарды қойыңыз:

  • Теңдеуді ықшамдау деген не?
  • Белгісіз көбейткішті қалай табады?
  • Белгісіз бөлінгішті қалай анықтайды?
  • Белгісіз бөлгішті қалай табады?

Оқушылар сұрақтарды топта талқылайды және топтың бір мүшесі барлығын қорытындылайды.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу