Нөлдермен аяқталған сандарды бөлу. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар
Бөлімі: Көбейту және бөлу
Тақырыбы: Нөлдермен аяқталған сандарды бөлу
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)
3.1.2.12 нөлдермен аяқталатын үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу тәсілін қолдану
Сабаққа қажетті ресурстар: кеспеқағаздар – әр топқа; ламинатталған парақтар, маркерлер, қима қағаздар.
Сабақта қолданылатын деректі материалдар:
Бұл сабақта дөңгелек сандарды бөлу тәсілін түсіндіру керек. Дөңгелек сандарды бөлу үшін, бөлінгіш пен бөлгіштегі бірдей нөлдерді сызып тастап, бөлуді жалғастыру керек. Санды 10, 100, 1000 т. с.с. сандарға бөлгенде санның оң жағынан сәйкесінше 1
нөлді, 2 нөлді, 3 нөлді т. с. с. сызып тастау керек.
Сабақ бойынша ұсыныстар:Кіріспе. «Гүлмен тілек» Оқушылар арнайы дайындалып келген гүлді алақандарына салып тұрып, бір-біріне тілек тілейді және гүлдің астына жазылған сөздер бойынша топқа біріктіру «Қызыл көбелек», «Көк көбелек», «Сары көбелек».
«Көбелекті ұстау» ойыны
(Ұ.Ж) Сабақты оқушыларға өткен тақырыпты еске түсіру мақсатында «Көбелекті ұста» ойынын ойнатудан бастаңыз. Егер көбейтіндінің мәні дұрыс болса онда көбелекті ұстағаны болып табылады.Оқушылардың білімін тинақтау мақсатында сұрақтар қойыңыз.
-Санды 10-ға, 100-ге қалай көбейту болады?
-Санды 10-ға көбейткенде, оның оң жағындағы бір нөлді,ал 100-ге көбейткенде-екі нөлді тіркеп жазу қажет.
- Көбейтуге кері амал қандай? (бөлу)
Оқушыларға сөздік бағалау жүргізіңіз.
(Т.Ж) Сабақты одан әрі топтық жұмыспен жалғастырыңыз. Әрбір топқа 20 кәмпит және екі ыдыстан таратып беріңіз. Оқушыларға 20 кәмпитті екі ыдысқа тең бөліп салуды ұсыныңыз. Оқушылар бір –бірден ыдысқа кезектесіп бөліп салады. Әр ыдысқа 10 кәмпит-тен салады.Оқушыларға жетекші сұрақтар қою арқылы пікірін тындау.
- Кәмпиттерді математикалық амал қолданып қалай салуға болады? (бөлу керек)
− Қандай санды бөлеміз? (20-ды 2-ке бөлу)
− Нәтижесі нешеге тең болады? (10)
Оқушылар өрнекті ламинатталған қағазға орындайды.Әрбір топтан бір оқушыдан шығып, тақтаға жазады. Оқушыларға қорытынды жасауды ұсыну.
-Бөлу көбейтуге кері амал болғандықтан, санды 10-ға бөлгенде, санның оң жағынан бір нөлді, ал 100-ге бөлгенде-екі нөлді сызып тастау қажет.
Сөздік бағалау жүргізіңіз.
«Елшілер» әдісі
(Т.Ж) Оқушылармен топтық жұмысты «Елшілер» әдісі арқылы жалғастырыңыз. Әрбір топқа бірдей тапсырма жазылған кеспе қағаз таратып беріңіз. Берілген тапсырмаларды орындап болғаннан кейін топтың бір адамы «елші» болып сайланады да, тапсырманы орындап болған соң жаңа топтың ойын, бір шешімге келгенін немесе жетістікке жеткенін білу үшін басқа топқа барады. Әр топ «Елшіге» тапсырманың орындалу алгоритмін математикалық тілмен түсіндіріп берулері керек. Бұдан кейін елші өз тобына қайтып оралып, өз тапсырмаларының дұрыстығына көз жеткізеді. Бұл әдіс арқылы елшінің математикалық тілді қолдану шеберлігін дамытады.
Жауабы:
45; 10; 80; 2;
25; 20; 90; 4;
35; 40; 70; 3.
«Смайлик» арқылы бағалау жүргізіңіз.
(Т.Ж) «Елшілер» әдісін одан әрі жалғасыруға болады. Топтық жұмыс барысында оқушылар теңдеулермен танысады да, олардың мәндерін 5-7 минут ішінде табады. Барлық топқа бірдей тапсырма беріледі. Шешімдерін оқушылар әр топтан келген «елшіге» математикалық тілде оқып береді.Мысалы: х : 50 = 8-белгісіз бөлінгішті табу үшін бөліндінің мәнін бөлгішке көбейтеміз.Теңдеуді шешу алгоритмін математикалық тілде баяндайды.
Жауабы:
х=200 х=10 х=10 х=9
«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізіңіз.
Гүл жинау
(Ұ.Ж) Ұжымдық жұмысты «гүл жинау» ойыны арқылы жалғастырыңыз. Оқушылар гүлдегі мысалдың шығару жолын дауыстап айта отырып, кезекпен шығарды. Жауабын дұрыс айтса гүлді құмыраға салады. Оқушылар бұл ойынын арқылы дөңгелек сандарды бөлу дағдысын бекітеді.
«Смайлик» арқылы бағалау жүргізіңіз.
Салыстыр
(Ұ.Ж)Ұжымдық жұмысты өрнектерді салыстыру арқылы жалғастырыңыз. Оқушылар тақтаға біртіндеп шығады. Есептің шығару жолдарын түсіндіреді, жұлдызшаның орнына артық, кем, тең таңбаларының тиістісін қояды. Бұл тапсырма арқылы оқушылардың нөлмен аяқталатын сандарды бөлуді және өз бетінше жұмыс істеу дағдысының қалыптас-қаның анықтауға болады.
Жауабы;
600: 60 < 200:10 700:100 > 80 :20
720: 80 < 400:20 20:10 < 100:10
200 :10 > 300:30 300:30 < 600:10
«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізіңіз.
(Ж.Ж) Периметрін тап
Оқушыларға тіктөртбұрыш сызылған қима қағаз таратып беріңіз. Оқушылар тапсырманы алдымен жеке орындайды. Содан кейін жұпта жауаптарын салыстырып, бірін- бірі бағалауды ұсыныңыз.
Жауабы:
Р=94см²
Геометриялық фигуралар арқылы бағалау жүргізу.
-5; -4; -3
Есепті шығар
(Т.Ж.) Топтық жұмысты оқушыларға есеп жазылған қима қағаз таратып беруден бастаңыз.Оқушылар есепті оқып топта талқылап, талдайды.Ламинатталған қағаздарға жазады. Әрбір топтан бір оқушыдан шығып жауаптарын қорғайды.
- Есеп не туралы?
- Не белгілі ?
- Не белгісіз?
- Нені табу керек?
- Бірден сұраққа жауап бере аламыз ба?
- Ол үшін не істейміз?
Оқушылар есеп шығару арқылы дөңгелек сандарды бөлу үйренеді.
Жауабы:10 дәптер.
«Басбармақ» әдісі арқылы бағалау жүргізіңіз
Сабақ соңында «Тазалықшы» әдісі арқылы рефлексия жүргізіңіз.
Шабадан – әрі қарай менің керегіме жарайды.
Ет тартқыш – алған ақпаратты өңдеймін.
Себет – барлық ақпаратты тастаймын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?