Нөлдермен аяқталған сандарды көбейту. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар
Бөлімі: Көбейту және бөлу
№76 сабақ. Тақырыбы: Нөлдермен аяқталған сандарды көбейту
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)
3.1.2.12 нөлдермен аяқталатын үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту тәсілін қолдануды үйренеді.
Сабаққа қажетті ресурстар: өрнектері жазылған кеспеқағаздар; ламинатталған парақтар, маркерлер
Сабақта қолданылатын деректі материалдар:
Белгі беретін кеспеқағаздар; Мысалдар жазылған қима қағаздар әрбір жұпқа;
Сандар жазылған конверттер.
Сабақ бойынша ұсыныстар:Кіріспе Алдын-ала дайындалған қима қағаздарды таңдау әдісі арқылы топқа бірігу «Қызыл», «Көк», «Сары».
(Ж.Ж)Қай сан артық?
Сабақты оқушыларға ішінде сандар жазылған конверт таратып беруден баста-ңыз.Тапсырманы жұппен орындайды. Конверт ішіндегі сары және жасыл түсті қима қағазға жазылған сандарды алып, алдарына қояды. Оқушыларға сұрақтар қойыңыз.
- Сары қима қағаздағы сандарды ата?
- Жасыл қима қағаздағы сандарды ата?
- Оларды неше топқа бөлер едің?
- Әрбір топтағы артық санды ата?
- 10 және 100 сандарының арасында қандай ұқсастық бар?
- 10 санында неше бірлік бар?
- 100 санында неше бірлік бар?
- 10 –да неше ондық бар?
- 100- де неше ондық бар?
- Сары қима қағаздағы сандарды өсу ретімен орналастыр.
- Жасыл қима қағаздағыны кему ретімен орналастыр.
- Ал, енді тексеріп көрейік.
- Сандарды теріс қаратып қойып, шыққан сөздерді оқимыз.
«Оқу- ой азығы»
- Бұл бүгінгі сабақтың ұраны болады.
Жауабы:
О қ у- о й а зы ғы
5 8 10 19 29 100 156 312
Сөздік бағалау жүргізіңіз
Сәйкестендір
(Ж.Ж) Оқушылармен жұптық жұмысты жалғастырыңыз.Алдымен тапсырма жазылған қима қағаз таратып беріңіз. Оқушылар жұппен жұмыс жасайды. Есепті оқушылар оқып дұрыс жауабын тандайды.
Жауабы:
1) (15+15+15+15+15+15+15+15+15+15)
2) (10+10+10+10)
–Қай есептің шешуін табу қиындау болды? Неге?
-Оны басқаша қалай жазуға болады?
-Дұрыс, қосуды көбейтумен ауыстыруға болады. (15•10)
- Көбейтуді қалай шығаруды кім біледі? Неге?
-Бүгінгі сабағымызда нөлмен аяқталатын сандарды көбейтіп үйренеміз.
Оқушыларға сөздік бағалау жүргізіңіз.
(Ұ.Ж) «Алгоритм»
Оқушыларға санды 10-ға, 100 –ге және басқа сандарға, яғни нөлге аяқталатын сандарға көбейтудің орындалу алгоритмін құрастыруды тапсырыңыз.
- Көбейтіндінің мәніне бұл санды жаз.
- Оң жағына разрядтық бірліктерде неше нөл болса, сонша нөлді тіркеп жаз.
15•10=150
5•100=500
Оқушыларға сөздік бағалау жүргізіңіз.
Кім жылдам?
(Т.Ж) Сабақты әрбір топқа таратпа қағаз таратып беруден бастаңыз.Әрбір топтың берілген уақыт ішінде қанша мысал орындайтының анықтаңыз. Қай топ көп орындаса сол топ жеңіске жеткені. Бұл тапсырманы орындау арқылы оқушылар шапшаң есептеуге үйренеді.
-Санды 10-ға және 100-ге қалай көбейтеді?
Жауабы:
370 700 320 360
590 80 450 400
190 140 210 900
770 900 540 300
140 500 900 200
«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізіңіз.
Әйнекшені толыр
(Ж.Ж) Сабақты әрі қарай оқушыларға тапсырма жазылған қима қағаз таратып берумен жалғастырыңыз. Әйнекшенің орнына түсіп қалған санды жазу керектігің айтыңыз. Тапсыманы алдымен жеке орындайды. Орындап болған соң жұбымен дәптерлерін алмастырып, бір –бірінің жұмысын тексереді.Бұл тапсырма арқылы оқушылар алған білімдерін тиянақтайды.
Жауабы: 10; 10; 20; 70
«Смайлик» арқылы бағалау жүргізіңіз.
Есепті шығар
(Т.Ж) Сабақты топтық жұмыспен жалғастырыңыз. Әрбір топқа есеп жазылған қима қағазды таратып беріңіз. Оқушылар есепті оқиды, талдайды. Есептің не туралы екенің анықтайды. Не белгілі, не белгісіз екенің айтады. Есептің сұрағына жауап береді. Тапсырма орындап болған соң, әрбір топтан бір оқушыдан шығып қорғайды. Топтар бір-бірін жұмысын тексеріп, бағалайды.
Жауабы: 400 моншақ.
«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізіңіз.
Ойлан, жұптас, бөліс
(Т.Ж) Топтық жұмысты жалғастырыңыз. Әрбір топқа тапсырма жазылған қима қағаз таратып беріңіз. Тапсырманы алдымен жеке орындайды. Сосын жұптасып ортақ шешімге келеді. Өз ойымен топта бөліседі. Топтар сағат тілімен ауыса отырып бір – бірінің жұмысын тексеріп, бағалайды. Есептің шешуін екі түрлі тәсілмен шығаруды ұсыныңыз.
Жауабы:
1) І. (40+20)∙2=120(мм)
ІІ. 40∙2+20∙2=120(мм)
2) 60∙30=1800 (мм²)
Геометриялық фигуралар арқылы бағалау жүргізіңіз.
-5; -4; -3
Теңдеуді шеш
(Ж.Ж) Сабақты әрі қарай өзіндік жұмыспен жалғастырыңыз.Оқушыларға екі нұсқада теңдеу шешеді ұсыныңыз. Теңдеуді шығарып болған соң дайын жауап арқылы өзін –өзі тексереді. Қате жіберген оқушылармен түсіндірме жұмыстарын жүргізіңіз. Бұл жұмыс арқылы оқушылар өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастырып, нөлмен аяқталатын сандарды көбейту туралы алған білімдерін бекітеді.
Жауабы:
1-нұсқа 2- нұсқа
х=200 х=900 х=640 х=500
Геометриялық фигуралар арқылы бағалау жүргізіңіз.
-5; -4; -3
Салыстыр
(Ұ.Ж) Сабақты ұжымдық жұмыспен жалғастырыңыз.Оқушылар тақтаға біртіндеп шығады. Есептің шығару жолдарын түсіндіреді, жұлдызшаның орнына артық, кем, тең таңбаларының тиістісін қояды. Бұл тапсырма арқылы оқушылардың нөлмен аяқталатын сандарды көбейтуді және өз бетінше жұмыс істеу дағдысының қалыптасқаның анықтауға болады.
Жауабы: >; <; =; >; >; <
«Басбармақ» арқылы бағалау жүргізіңіз.
Сабақ соңында «Басбармақ»әдісі арқылы рефлексия жүргізіңіз.
-Барлығын түсіндім
- Енді түсініп келемін
- Түсінбедім
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?