Жылдамдық, уақыт қашықтық табуға есептер. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2 A бөлім – Өрнектер.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: НЗМ ФМБ Талдықорған қ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні :ИманбаеваН.З

Сынып: 3 А

Қатысқандар:17

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы

Амалдардың орындалу реті

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

3.2.1.7 жақшамен және жақшасыз, үш/төрт арифметикалық амалдан тұратын өрнек мәндерін табу және амалдар тәртібін анықтау

Сабақ мақсаттары

Төрт амалды жақшалы және жақшасыз өрнектерде арифметикалық амалдардың орындалу тәртібін анықтауды,олардың мәнін табуды үйренеді.

Бағалау критерийлері

Төрт амалды жақшалы және жақшасыз өрнектерде арифметикалық амалдардың орындалу тәртібін анықтайды;

 Сөздік қор

Арифметикалық амалдар

 Құндылықтарды дарыту

Топтық жұмыс барысында өзара жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтары қалыптасады.

Мектеп миссиясы мен мектеп пайымдауы және жаһандық азаматтықтың іске асуы

Өрнектің мәні ондағы айнымалының мәндерін анықтау үшін есептеуді білу

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі ,дүниетану сабақтарымен байланыс орнайды. Амалдардың орындалу ретін айтады

Пәнаралық байланыс

АКТ – мен байланыс, презентация

Алдыңғы меңгерілген білім

Амалдардың орындалу ретін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланғанкезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Психологиялық дайындық

Сабақ ортасы

30 минут

Оқу мақсатымен таныстыру.

Бірнеше амалды өрнектің мәнін табуды үйренесің

Топтық жұмыс

(Т) Топтарға төрт амалды өрнектер жазылған кеспеқағаздар таратылады:

1-топ: 894 – (557 – 226 + 43) – 320;

2-топ: 589 – (64 + 28 – 36) : 7;

3-топ: 36 : 9 + 79 + (62 – 47);

4-топ: 7 ∙ 9 + (100 – 58) : 6;

5-топ: 500 – 100 + 388 – (48 + 25).

- Әр әдістің ерекшелігі қандай, қайсы әдісті қолданған ыңғайлы?

Арифметикалық амалдар екі сатыға бөлінген: бірінші саты–қосу және азайту,екінші саты–көбейту және бөлу.Өрнектің мәнін табуда өрнектегі амалдардың орындалу тәртібі қатаң сақталады.

1.Егер өрнекте жақшалар болмаса және ол тек бірінші саты амалдарынан тұратын болса, онда өрнектегі барлық амалдар жазылу ретімен солдан оңға қарай орындалады.

2.Егер өрнекте жақшалар болмаса және ол екі сатыныңда амалдарынан тұратын болса, онда алдымен екінші саты амалдары, содан кейін бірінші сатының амалдары жазылу ретімен солдан оңға қарай орындалады.

3.Егер өрнекте жақшалар болса, онда алдымен жақшаның ішіндегі амал орындалады, қалған амалдар 1 және 2-ережелерге сәйкес орындалады.

Мысалдарды шығар.

Тақтаға бір-бір оқушыдан мысалдарды орындаудағы іс-әрекеттерін айтып отырып шығарады.

Жауабы: а)25; ә)68; г)98; б) 576; в)16; ғ) 454.

(Ж) Өрнектің мәнін тап.

А. 1-тәсілмен есепте (амалдар арқылы).63 : 7 + 68 + (567 – 544)Ә. 2-тәсілмен есепте (тізбектеп жазу арқылы).54 : 9 + (100 – 51) : 7

Жауабы:

А.100;Ә.13.

Теңдеулерді шеша) (674 – 602) : 8 + x = 100 б)а + (563 – 500) : 9 = 187ә) 9 ∙ 5 – 49 : 7 + y = 93 в) 49 : 7 – 24 : 8 + b = 217

Мысалы:

(674 – 602) : 8 + x = 100

72 : 8 + x = 100

9+x=100

x=100–9

x = 91

Жауабы: ә)y=55;б)a=180; в)b=213

Жаңа жылдық әшекейлер. Өздік жұмыс

Балалар өздерінің сыныбын безендіру үшін жаңажылдықәшекейлер дайындады. Олар 54 қарша, одан 6 есе кем кішкентай шыршалар, ал жұлдызшалар санын қаршаға қарағанда 26-ға кем қағаздан қиып алды. Балалар барлығы қанша әшекей дайындады?

Жауабы: 91 әшекей.

(Т) Шығарып көр.

Жауабы: А. 5 + (5 – 3) + 3 = 10 (ц) = 1000 (кг);

Ә.P=56+56:7+(56–27)=93см=9дм3см.

О й л а нА. Кино 15 сағат 35 минутта басталды. Фильмнің ұзақтығы 70 минут. Фильмнің ортасында жарнама көрсетуге үзіліс болды. Осы мезетте сағат қай уақытты көрсетіп тұрды?Ә. Кішкентай қыз қандай нөмірлі текшені көтеріп алғанын анықта.

Жауабы: 1) 16 с 10 мин; 2) 87.

Оқулық,1-бөлім:

Бірнеше амалды өрнектер, 92, 93-беттер.

Жұмыс дәптері, 1-бөлім:

87-жұмыс парағы «Бірнеше амалды өрнектер», 89-бет.

88-жұмыс парағы «Есепте!», 90-бет

894–(557–226+43)–320;589–(64+28–36) : 7;

36:9+79+(62–47);7∙9+(100–58):6;500–100+388–(48+25)өрнектері жазылған кеспеқағаздар;

Ламинатталған парақтар,маркерлер.

Слайд 1

Сабақтың соңы

5 минут

Қорытынды Рефлексия. «SMS»

Үй тапсырмасы.

Жұмыс дәптері Периметр. Көбейту кестесін қайталаймыз.

Оқулық бет

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу