Қозғалыстың орташа жылдамдығын табуға есептер шығару. Іріктеу тәсілі арқылы комбинаторикалық есептер шығару. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.4А Статистика. Комбинаторика

Мектеп: Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Каражигитова К.Е.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Сынып: 6

Сабақ тақырыбы

Қозғалыстың орташа жылдамдығын табуға есептер шығару. Іріктеу тәсілі арқылы комбинаторикалық есептер шығару

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

6.5.1.5 қозғалыстың орташа жылдамдығын табуға есептер шығару

Сабақ мақсаты

Оқушылар:

• қозғалыстың орташа жылдамдығын табу анықтамасын біледі

Бағалау критерийі

Оқушы:

  • қозғалыстың орташа жылдамдығын табу анықтамасын есеп шығаруда қолданады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • қозғалыстың орташа жылдамдығын табуды түсіндіреді

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • жылдамдық
  • уақыт
  • ара қашықтық
  • қозғалыс
  • орташа жылдамдық

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • қозғалыстың орташа жылдамдығын табу үшін ...;

Құндылықтарды дарыту

Топта жұмыс жасау арқылы бір-біріне деген құрмет құндылығын өзін-өзі, бірін-бірі тексеру арқылы академиялық адалдық құндылығын дарыту

Пәнаралық байланыстар

Осы сабақта алған білімдері шынайы және физикалық процесстердің математикалық модельдерін құрастыру үшін қажет. Физика пәнінен 7- сыныпта бір қалыпты емес қозғалыс тақырыбын өткенде қажет болады.

Бастапқы білім

Оқушылар формулаларды шығарып, қолдана алады: түзу сызықты бірқалыпты қозғалыс кезіндегі жолдар s=v∙t, t=s:v, v=s:t; есептерді шығару барысында шамалар арасындағы тәуелділікті қолдана алады: жылдамдық, уақыт, қашықтық

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-1 мин

1-4 мин

4-6 мин

6-8 мин

1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

2. Білімді өзектендіру

Сыныппен жұмыс:

Мақсаты: оқушылардың зейінін шоғырландыру;

Ой қозғау.

Тапсырма 1.

  • Берілген сипаттама мен формуланы сәйкестендіріңіз.

Арақашықты табу формуласы

Жақындау жылдамдығын табу формуласы

Уақытты табудың формуласы

Жылдамдықты

табу формуласы

  • Келесі сұрақтарға жауап беріңіз.
  • Қашықтық пен қозғалу уақыты белгілі болған жағдайда жылдамдықты қалай табуға болады?
  • Қозғалыс жылдамдығы артатын болса, белгілі қашықтықты жүріп өту барысында уақыт қалай өзгереді?
  • Қозғалу жылдамдығы тұрақты, ал қозғалыс уақыты артатын болса, жүріп өткен жол қалай ауысатын болады?

Осыдан соң сабақ тақырыбы айтылады.

Мұғалім оқу мақсатын айтып, оқушыларға сабақ мақсатын қоюды ұсынады.

Олай болса бүгінгі сабақтың мақсатына жету үшін нені білуіміз керек?-деген сұрақ қойылады. (оқушылар өз ойларын айтады). Демек біз бағалау критерийлерін құрдық . Бағалау критерийлері айтылып, тақтаға жазылады.

 Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылардың түсінуі үшін, сынып ауқымында талқылау пайдаланылады.Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі.

.

Қосымша1.

https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/mexanika/kinematika/lesson/birqalypty-zhane-birqalypty-emes-qozhalystar

Сабақтың ортасы

8-15 мин

15-30 мин

30-31 мин

31-37 мин

3. Жаңа сабақты түсіну

Жұптық жұмыс:

Тапсырма 2.

№1. Автомобиль 2 сағатта 61,3 км/сағ, 3 сағатта 73,4 км/сағ және 1 сағатта 65,8 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтеді. Автомобиль қозғалысының орташа жылдамдығын табыңыз. Қозғалыстың орташа жылдамдығы қалай есептеледі? Мұғалім оқушыларға жолдың формуласын еске түсіріп, талдау барысында орташа жылдамдықты табуды ұсынады.

№2. Жайнар мектепке дейін 5 км/сағ жылдамдықпен 30 минут жаяу, сосын көлікпен 60 км/сағ жылдамдықпен 10 минут жүрсе, орташа жылдамдығы қандай?

4. Жаңа сабақты меңгеру.

Топтық жұмыс.

Топта орташа жылдамдықты табуға қатысты есептерді құрастыру ұсынылады.

Тапсырма 3.

км/мин

км/с

км/сағ

м/мин

м/сағ

  • Берілген суреттердегі заттардың сәйкес келетін жылдамдықтарын сәйкестендіріңіз.
  • Берілген суреттердегі заттардың біреуін қолданып, орташа жылдамдықты табуға қатысты есептерді құрастырып, оны шығарыңыз.
  • Құрастырған есептеріңізді басқа топқа ұсынып, басқа топтың құрастырған есептерін шығарыңыз.

Есептердегі кейбір дәлсіздіктер мен қателіктер талқыланады. Жылдамдықты табу формуласына назар аударылады.

Сергіту сәті.

5. Жаңа сабақты бекіту.

Жеке жұмыс.

Тапсырма 4.

№1.

Поезд жолдың бірінші жартысын 72,75 км/сағ жылдамдықпен 2,4 сағат, ал екінші жартысын 3,6 сағат жүрді.

  • Поезд жолдың екінші жартысын қандай жылдамдықпен жүрді.
  • Поездың бүкіл жол бойындағы орташа жылдамдығын табыңыз.
  • Жылдамдықтардың өзгеріс ауқымы неге тең?

Дескриптор: Білім алушы

- бірінші жартысында жүрген жолды табады;

- екінші жартысында жүрген жолдың жылдамдығын табады;

- барлық жолдың ұзындығы мен уақытын есептейді;

- орташа жылдамдықты табады;

- жылдамдықтардың өзгеріс ауқымын есептейді.

№2.

Автобус жолдың 270 км-ін 90 км/сағ жылдамдықпен, екінші бөлігін 120 км-ді 80 км/сағ жылдамдықпен, үшінші бөлігін 150 км-ді 60 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Жолдың барлық бөлігіндегі автобустың орташа жылдамдығы қанша?

Дескриптор: Білім алушы

- жолдың әр бөлігінің жүру уақытын табады;

- барлық жолдың ұзындығы мен уақытын есептейді;

- орташа жылдамдықты табады.

Дескриптор және дайын жауап арқылы өзін өзі тексереді. Мұғалім әрбір оқушыға деңгейіне қарай бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздері есепті түсініп шығаруына жетелейді.

Қосымша2.

https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/mexanika/kinematika/lesson/birqalypty-zhane-birqalypty-emes-qozhalystar

Т.А. Алдамұратова, Т.С. Байшоланов, «Атамұра» 2011, Математика -6.

Қосымша3.

Қосымша4.

Т.А. Алдамұратова, Т.С. Байшоланов, «Атамұра» 2011, Математика -6.

Сабақтың соңы

37-40 мин

6. Сабақты қорытындылау.

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім;

- нені толық түсінбедім;

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Үйге тапсырма:

Пойыз алғашқы 200 км жолды 100 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті, ал сосын 3 сағат бойы 150 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Кестеде қалып қойған мәндерді, содан кейін барлық жолдағы пойыздың орташа жылдамдығын есептеңіз.

х

t

AB

200 км

сағ

BC

км

3 сағ

V

100 км/сағ

150 км/сағ

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

АКТ-мен байланыстар

Оқушыларға ашық сипаттағы тапсырма ұсынылады оқушылар әр түрлі шешімдер ұсынуы мүмкін. Кейбір оқушылар тапсырманы өздері орындайды, ал кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі.

Сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалау қолданылады. Сабақтың соңғы бөлімінде рефлексия форматында өзін-өзі бағалау ұйымдастырылады. Мұғалім оқушылардың тапсырманы орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысқандығын бақылау жолымен бағалайды.

Оқушылардың дұрыс отыруы қадағаланады.

Сабақ ортасында «Көз жаттығуы» сергіту сәті жасатылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу