Жыл мезгілдері, айлар, апта күндері. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.
43-сабақ. Бөлшектерді оқу, жазу және салыстыру
Тақырып: Жыл мезгілдері, айлар, апта күндері | Мектеп: | |||||||||||
Күні: | Мұғалімніңаты-жөні: Қыдырбаева Р.А. | |||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||
Оқумақсаттары | 3.1.2.1 бөлшекті – бүтіннің бір не бірнеше бөлігі және екі натурал санның бөліндісі ретінде түсіну 3.1.1.6 жай бөлшектерді оқу, жазу; бөлімдері бірдей жай бөлшектерді көрнекілік қолдану арқылы салыстыру | |||||||||||
Сабақтыңмақсаттары |
| |||||||||||
Тілдікмақсаттар |
| |||||||||||
Тірекбілім, білік, дағдылар | Бөлшектер, бөлшектерді жазу және салыстыру. | |||||||||||
Жоспар | ||||||||||||
Жоспарланғануақыт | Жоспарланғаніс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||
0–3 | Ынталандыру. Оқушылар «Жыл мезгілдері», «Айлар», «Апта» күндері жазылған қима қағаздарды таңдау арқылы топқа бөлінеді. Топтарға тапсырма беру. «Жыл мезгілдері» тобына (Бір мезгіл жылдың қандай бөлшегі?) "Айлар" тобына (6 ай бір жылдың қандай бөлшегі?) "Апта" тобына(Бір апта айдың қандай бөлшегі?) | 2-слайд Қима қағаздар | ||||||||||
4–6 | Белсендіру. Практикалық жұмыс. (Оқушылардың үстелінің үстінде түрлі- түсті қағаздан қиылған геометриялық фигуралар (дөңгелек, шаршы) және қайшы бар.
Бір бөлігін көрсетіп,, оның атын жазу.Шеңбердің екінші бөлігін басқаша қалай атайтынын сұрау.(Жарты) 2) Шаршыны алып,оны 4 бөлікке бөлу.Екі ширек бөлігін көрсетіп,оның атын жазу.. Шаршыда неше ширек бөлік бар екенін сұрау. (4.) (Ж.)Оқулықтағы №1 тапсырманы жұппен уақытқа орындау. Алдымен әр дөңгелек қанша бөлікке бөлінгенін табу; Боялмаған бөліктерін бөлшек түрінде жазу. Белгі берілген кезде басталады, белгі соғылғанда тоқтайды.Жұмыстарын келесі жұппен ауыстыру арқылы тексеру. Смайликпен бағалау | Дөңгелек, шаршы, қайшы Смайликтер 3-слайд 4-слайд | ||||||||||
7–11 | Мақсат қою (мәселелі жағдаят) (Ө)№2тапсырманы әр оқушы өз бетінше уақытқа орындайды. Алдымен боялған бөліктерін бөлшек түрінде жазу керек екенін ескерту. Қиындық тудырған оқушыларға көмек көрсету. Содан кейін боялмаған бөліктерін бөлшек түрінде жазу. Жұпта бағалау Барлығы тапсырманы дұрыс және жылдам орындай алды ма? Сабақтың мақсаты неде? (Қиындықтарды тауып, оны шешу). Бөлшек ұғымын қайталау.Бөлшек деген – бұл бүтіннің бір немесе бірнеше бөлігі. Бөлшек- бөлшек сызығы арқылы жазылады. Сызықтың асты-бөлімі. Ол қанша бөлікке бөлінгендігін білдіреді. Ал, үсті-алымы. Ол қанша бөліктің алынғандығын білдіреді. | 5-слайд Дәптер, оқулық 6-слайд | ||||||||||
12–29 | (Ж.)№3 тапсырманы оқушылар жұппен орындайды. а) Жарты жылдың айлар санын көрсететін бөлшекті және жылдың бір мезгілінің айлар санын көрсететін бөлшекті жазу керек. ә)Әр оқушы бірнеше фишканы алып, күнтізбеде бірнеше қатарды жабады. Екінші оқушы бөлшекті атайды, мысалы , . Алдымен жабылған күндерді, содан кейін ашық тұрған күндерді бөлшекпен атауды келісіп алуға болады. Шапалақпен бағалау (Т.) Оқушыларкүнтізбе бойынша бөлшек жазумен байланысты тапсырма құрастырады. Құрастырылған тапсырмаларды А3 парағына жазып, тақтаға немесе бөлменің ашық жеріне іледі. "Галереяға саяхат"бойынша бағалау. Енді топтар сол ілінген тапсырмаларды аралап жүріп бағалайды.Әр тапсырмада үш бағадан тұру керек.Яғни, әр тапсырманы үш топ та бағалауы тиіс. Сергіту сәті.Ойын: "Бөлшекке бөл" Тақтаға 12 оқушы шығады,бастаушыға сұрақ қойылады. "Осы оқушыларды қандай бөлшекке бөлуге болады?"Бастаушы оқушыларды бөлшектерге бөледі. (,,) .(Ө.)№4 тапсырманы өз бетінше орындайды. Берілген бөлшектерді салыстырады. Берілген бөлшектердің бөлімі бірдей болғандықтан, бөлімдері бірдей бөлшектерді салыстыруды еске түсіру. Бөлімдері бірдей бөлшектерді салыстырғанда, алымдары үлкен бөлшек артық болады. Өзін-өзі бағалау (Шаблон бойынша) Қиындықтарға түсінік беру. Бөлшек сызығының астындағы сан бір бүтіннің неше үлеске бөлінгенін көрсетеді. Оны бөлшектің бөлімі деп атайды. Бөлшек сызығының үстіндегі сан неше үлестің алынғанын көрсетедң. Оны бөлшектің алымы деп атайды.Бірнеше оқушыға қайталату. | 7-слайд Дәптер, оқулық, фишкалар Қағаздар, маркерлер Тапсырма ның шаблоны 8-слайд | ||||||||||
30–40 | Қайталау. № 5 тапсырманы апта күндеріне бөлінген кесінді лента арқылы орындайды. Әжей әр күні бірдей ұзындықта тоқи отырып,бөкебайды бір апта тоқыды.Ол бөкебайдың қанша бөлігін тоқығанын көрсететін бөлшекті жаз, егер бүгін а) бейсенбі; ә)сәрсенбі; б) сенбі болса, ол әлі қанша бөлігін тоқуы керек? Бөкебай туралы түсіндірме сөздік жұмысын жүргізу. 7-тапсырма өткенді қайталауға арналған. Өрнектерді баған түрінде жазып, мәнін есептеп, тексеруді орындау.Бұл жұмысты тақтада орындайды. Өздік жұмыс. Бағалау критерийлері бар дәптерден тапсырма береді. Мен:
| 9-слайд Қағаз жолақтары | ||||||||||
41–45 | Рефлексия. Сынып үш топқа бөлінеді. І топ:Сабақ тақырыбы бойынша тапсырмалар мен сұрақтар құрастырады. ІІ топ: Сұрақтарға толық жауап береді. ІІІ топ: Сұрақтың жүйелілігі мен сұраққа дұрыс жауап берулерін қадағалайды. | 10-слайд |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?