Жыл мезгілдері, айлар, апта күндері. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


42-сабақ. Үлестер және бөлшектер туралы түсінік

Тақырып: Жыл мезгілдері, айлар, апта күндері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімніңаты-жөні:

Қыдырбаева Р.А.

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.1.1.6 жай бөлшектерді оқып, жазу; көрнекіліктерді пайдалана отырып, бірдей мәнділігі бар бөлшектерді салыстыру

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар үшін:

Жай бөлшектерді оқу және жазу

Бірқатар оқушылар үшін:

Көрнекіліктерді пайдалана отырып, бірдей мәнділігі бар бөлшектерді салыстыру

Кейбір оқушылар үшін:

Көрнекіліктерді пайдалана отырып, мәні бірдей бөлшектерді салыстыру.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Бөлшектердің жасалуын түсіндіру, жай бөлшектердің жасалуын жазу.

Пәндік лексика және терминология:

Бөлшек, алымы, бөлімі

Сабақта диалог/жазуүшінпайдаланылатын тіл.

Талқылау:

Бөлшектің бөлімі нені көрсетеді?

Бөлшектің алымы нені көрсетеді?

Қай бөлшек үлкен: 1/6 немесе 2/6?

Бөлшектерді өсу тәртібі бойынша орналастырыңдар.

Жазу:

Бөлшектерді өсу (кему) тәртібі бойынша жазыңдар.

Тірекбілім, білік, дағдылар

Үлес туралы түсінік.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

0–3

Ынталандыру.

Топқа бөлу.4-ке бөлінген торт, 5-ке бөлінген апельсин,8-ге бөлінген лимонның суреттері арқылы топтарға бөліну

Қолдарындағы бөліктер арқылы топтасу.Әрі қарай топ бойынша тапсырма беру,1-топ торттың 2 бөлігін көрсету, 2-топ апельсиннің 3 бөлігін көрсету, 3-топ лимонның 5 бөлігін көрсету.Оқушыларға сабақтың тақырыбын ашқызу,мақсат қойғызу.

2-слайд

Торттың, апельсиннің, лимонның суреттері

4–6

Белсендіру.

(Т.) Алдыңғы сабақта өткен мәліметтерді еске түсіру. Жинақ полотносында берілген суреттерді топтарға таратып беріп, төмендегіше тапсырма беру.

 

Бірінші дөңгелек неше тең бөлікке бөлінген?

–1/2 бөлігін қалай шығардың?

  •  Екінші дөңгелек неше тең бөлікке бөлінген? 1/4 бөлігін көрсетіңдер. Қалай жазасыңдар? 1/4 бөлігін қалай шығардыңдар? Бүтін шеңберде неше ширек бөлік бар?

"Отшашу" арқылы топтар бір-бірін бағалайды.

3-слайд

Тақта, жинақ полотносы, үлестірілетін материал.

7–11

Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

  • Ал егер бірнеше бөлікті алса, оны қалай атап, жазуға болады?
  • Бұл сабақта біз нені үйренеміз?

4-слайд

12–29

Жаңаны ашу.

(Ұ.)№1 тапсырмаға арналған сурет бойынша оқушылар сұрақтарға жауап береді.Алдыңызда тұрған күнтізбе.

Ол неше бөлікке бөлінген? (12-ге).

Бұл бөлікті қалай атайды? (Он екіден бір).

– Бір ай бір жылдың нешеден бір бөлігі? 1/12.

– Көктем айлары қандай бөлікті құрайды? 3/12. Жазбаны торкөзде жазып көрсету.

Бұл жазбаны бөлшек деп атайды. Сызықтың астындағы сан – бөлімі. Ол неше бөлікке бөлінгенін көрсетеді. Сызықтың үстіндегі сан – алымы. Осындай қанша бөлікті алғанын көрсетеді.

Бармақпен бағалау

(Ө)1 (ә) суретке қарап,сұрақтарға жауап беру. Аптаның бір күні қандай бөлікті құрайды? 2 күн ше? 1/7, 2/7. Әрі қарай аптаның күндерін, демалыс күндерді бөлшекпен атау және жазу.

Өзін-өзі бағалау

Сергіту "Қошемет"

Оқушылар шеңбер бойына тұрып, бастаушы кімдерге қошемет жасау керек екенін кезекпен айтып тұрады.Мысалы:"Шашы ұзын қыздарға қошемет!", "Белбеу таққан жігіттерге қошемет!","Галстук таққандарға қошемет!" т.с.с.

 Санды үлесі бойынша табу.

 Мақсаты:санның үлесін табу/ шамалар мен сан/ үлесі бойынша шаманы табу.

 Таратпа қағаз№1

 9 санының үштен бір бөлігін тап. Жауабы:3

 Таратпа қағаз№2

 10 санының жартысын тап.Жауабы:5

 Таратпа қағаз№3

 100 санының оннан бір бөлігін тап.Жауабы:10

 Таратпа қағаз№4

 16 санының төрттен бір бөлігін тап.Жауабы:4

 Таратпа қағаз№5

 18 санының жартысын тап.Жауабы:9

 

 Таратпа қағаз№6

 Дөңгелектің төрттен бір бөлігін боя.

 

  Жауабы:

 

 Таратпа қағаз№7

 Дөңгелек

 тің жартысын боя.

 Жауабы:

 

 

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

(Ж.)Жұппен орындалатын тәжірибелік жұмыс.Оқушыларға қағаз таратылады. Қағазды екіге бүктету, содан кейін тағы бір бүктету. Кесіндіні қайта аштыру. Кесіндіні неше тең бөлікке бөлдік?

4 тең бөлікке бөлінді. 2-ші бөлігін бояту, бөлшекті атату, 3-ші бөлігін бояту – бөлшекті атату.

Қай бөлік үлкен?

Оқушылар қорытынды жасайды: Бөлімі бірдей екі бөлшектің қайсысының алымы үлкен болса, сол бөлшек үлкен болады.

Әрі қарай оқушылар №2 мен 3-тапсырманы ауызша орындайды.

Смайликпен бағалау

(Ө.)№4 тапсырманы оқушылар өз беттерімен орындап, тексереді.

"Бағдаршам" арқылы бағалау

5-слайд

Кесінді қағаздар, қарындаштар, оқулық, дәптер.

6-слайд

7-слайд

Қағаз

Таратпа қағаздар

8-слайд

9-слайд

30–40

Жаңаны қолдану.

).№ 5 тапсырманы оқушылар өз беттерімен орындап, тексереді.

Жұпта бағалау

Содан кейін дәптердегі формативті бағалауы бар тапсырманы орындау.

Мен:

  • – суреттен бөлшекті көрсете аламын;
  • – бөлшектерді жазамын;
  • – бөлшектерді салыстырамын.

Қайталау.

Өздік жұмыс

(Т.)№6 тапсырманы есептеудің тиімді тәсілін пайдаланып

орындау.

"Елшілік" әдісі арқылы бағалау

Тапсырманы орындап болған соң әр топтан бір оқушы елшілікке шығып,басқа топтардың тапсырмаларын бағалайды.

Кестені толтыру.

10-слайд

Оқулық,

дәптер.

11-слайд

Кесте

41–45

Рефлексия.

Рефлексия жүргізу үшін оқушылар өз біліктіліктерін мақсаттарымен үйлестіреді.Сабақ үстінде қолынан не келетінін кім түсінді:

  • үлестердің жасалуын көрсетуді;
  • үлестерді оқу және жазуды;
  • үлестерді салыстыруды?


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу