Климат және ауа райы. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


1А БӨЛІМ. 1000 КӨЛЕМІНДЕГІ САНДАР. ҚОСУ ЖӘНЕ АЗАЙТУ

1 - сабақ. 1 000 көлеміндегі сандар.

Тақырыбы: Климат және ауа райы

Оқу мақсаттары:

3.1.1.1. 1000 көлеміндегі сандардың құрылу жолын түсіну; 1000 көлеміндегі сандарды тура және кері санау, натурал сандар қатарындағы орнын анықтау.

3.1.1.2. Үштаңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру.

3.2.2.1. Қарапайым теңсіздіктердің шешімдер жиынын табу.

Сабаққа қажетті ресурстар:

Қар, тамшылар және бұлт түріндегі карточкалардағы сандар.

Кесте разрядтарының дәптері,

Түрлі-түсті қима қағаздар; теңсіздік таңбалары

Сабаққа кіріспе

-Ауа райы, климат деген не?-сұрағына жауап алу арқылы сабаққа ынталандыру.

Ауа райы – қоршаған ортаның (температура, жел, қысым, ылғалды ... ондаған параметрлер) физикалық параметрлерін суреттейтін атмосфераның қазіргі уақыттағы күйі және қазіргі уақыттағы атмосфералық құбылыстардың (сіркіреме жаңбыр, найзағай, қар, тұман және т.б.) болатынын айтады.

Климат – осы жерге тиесілі, ауа райының қалыпты жағдайы.

Климат ауа райына қарағанда тұрақты. Бір өңірге оны бір рет қана, ал ауа райын күнде айтады. Ауа райы – бұл белгілі бір мезгіл немесе сол күннің климатын анықтау. Слайд 1

Жаңа сабақтың мақсатын ашу:

Тақтаға бұлттың суретіне: 9, 0, 1;

жауын тамшыларында 2, 6, 7 сандары;

қар қиыршықтарында 4, 8, 3 сандарымен белгілеу. Оқушыларға бар сандардан қандай әртүрлі сан құруға болатынын (сонымен қатар қайталауға және бар нұсқаларды пайдалануға болмайтынын ескерту) сұрау.

Құрастырылған сандарды магнитті тақтаға жабыстыру, қосымша сұрақтарға жауап беру:

- Осы сандарда «0» қандай мағына береді? (Бір разрядтың жоқ екенін айтады.)

- Ең кіші санды ата.

- Бұл 0-дің мағынасы?

-Санның разрядтық құрамын ата. (Мыс:1 жүздік, 0 ондық, 9 бірлік)

-Оның алдындағы санды ата. (108)

-Келесі сан. (110)

- Ең үлкен санды атау. (910)

- Сандарды өсу ретімен қой.

-Құрастырылған сандардың ұқсастығын тап.

(Олар үш таңбалы.)

Олар неге бұлай аталады?

(Олар үш таңбадан тұратын сан)

Үш таңбалы сан қандай разрядтардан тұратынын ата (жүздік, ондық, бірліктен).

-Оқу мақсатымен таныстыру.

Қар, тамшылар және бұлт түріндегі карточкалардағы сандар.

«Сәйкестендір» әдісі арқылы топта жұмыс жүргізіңіз.

4 жүздік + 5 жүздік= 400+500;

8 жүздік – 2 жүздік= 800-200

Жүздікті де бірліктер мен ондықтарды санағандай санайды деген шешім шығады.

Оқушылар «жүздік» деген түсінікпен таныс, олар сандарды атайды және жазады. Атаулы аудандармен жұмыс жасау барысында өлшем бірліктерінің қатынасын еске түсіреді.

Толық жүздікпен бірге оқушылар қосу және азайту операцияларын іске асырады.

2- тапсырманы орындау кезінде оқушылардан разряд туралы білетіндерін сұраңыз.

Разряд – бұл сандарды жазу кезіндегі цифрдың орны екенін айтады.

Оқушылар кестені оқулықтан қарап, берілген сандарды оқып, әр разрядтың бірлік санын атайды. Көптаңбалы сандарды оқу ережесін тапсырманы орындау кезінде қолданады. Тұсаукесерді қолдануға болады. Үштаңбалы сандарды салыстыру (алгоритмі) ережесін есте сақтау үшін тәжірибелік жұмыс жүргізіледі. Оқушыларға үлестірмелі карточкалар таратылады. Оқушылар нәтижесін айта отырып, салыстыру алгоритмін құрайды: алдымен жоғарғы разрядтың бірліктерін салыстырады. Егер олар тең болса, содан кейінгі бірліктердің разрядтарын салыстырады.

3- тапсырма орындау барысында таңдау таңбасын салыстыруды негізге ала отырып, үш таңбалы сандарды салыстырады.

5-тапсырма. Оқушылар үш таңбалы сандарды тауып, атмосфералық құбылысқа нелер жататынын білетін болады, осы сандарды өсу ретімен жазады.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

(1-3). Оқушылар тапсырмаларды бір-біріне түсіндіре отырып орындайды. Мысалы, 2- тапсырманы орындау барысында балалар сандарды оқып, разрядын атайды. Мұғалім оқушылардың сандарды салыстыру ережесін қалыптастыруға 4-тапсырманы жұп болып орындауды ұсынады..

Теңсіздіктермен жұмыс жалпыға бірдей жүргізіледі. Балаларға теңсіздіктің шешімі болатын сандардың сәуледе орналасуын тұжырымдау ұсынылады. Осыдан кейін шешім шығады: х-тің мәнін табу үшін сандар сәулесін пайдалану ыңғайлы. Сәуле сыз, х-тің орнына қоюға болатын санды домалақтап белгілеп, штрихтап қой. 6-тапсырманы балалар жұппен орындай алады.

Өздік жұмыс

Дәптермен жұмыс. Бағалау критерийлері:

Мен жасай аламын:

-үштаңбалы сандарды оқу;

-сан сәуледегі санды белгілеу;

-алдыңғы және кейінгі сандарды атау;

-берілген саннан үлкен не кіші санды атау.

Сандарды өсу не кему тәртібі бойынша жазу.

Бұрынғы оқығандармен жұмыс

Рефлексия.

Балалар бағалау критерийлері бойынша сабақтағы өз үлгерімдерін бағалайды:

-1000 көлеміндегі сандардың қалыптасуын түсіндім;

-1000 көлеміндегі сандарды тура және кері ретпен санай аламын;

-санның орнын натурал сандар қатарынан анықтай аламын;

-үштаңбалы сандарды оқып, жазып және салыстыра аламын;

-қарапайым теңсіздіктердің көптеген шешімдерін таба аламын.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу