Климат және ауа райы. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.
5- сабақ. Үш таңбалы сандарды ауызша қосу және азайту
Тақырыбы: Климат және ауа райы | Мектеп: | |||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Қылышбаева А.Т | |||||||||||
3-сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||
Оқу мақсаттары | 3.1.2.5. Үш таңбалы сандарды/мыңдықтарды санның ондық құрамы негізінде ауызша қосу және азайтуды орындау. 3.5.2.4. Қосу және азайту, көбейту және бөлу амалдары компоненттерінің атауларын жақшалы өрнектерді оқу мен жазуда қолдану. | |||||||||||
Сабақтың мақсаттары |
| |||||||||||
Тілдік мақсаттар |
| |||||||||||
Тірек білім, білік, дағдылар | Үш таңбалы сандарды қосу және азайту амалдарын жазу. | |||||||||||
Жоспар | ||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған іс-әрекет | Қоры | ||||||||||
0-3 | (Ұ) Ынталандыру. Үш таңбалы сандардың оқылуы мен жазылуын еске түсіру мақсатында математикалық диктант өткізу: 2 жүздік 8 ондық 3 бірлік; 5 жүздік 0 ондық 1 бірлік; 4 жүздік 6 ондық 0 бірлік; 7 жүздік 0 ондық 0 бірлік Парталас көршісімен жұмыстарын ауыстыру арқылы тексереді, смайликтер арқылы бағалайды. | 1-слайд | ||||||||||
4-6 | Мақсатты ашу Бүгінгі оқу мақсатымен таныстыру: Үш таңбалы сандарды қосу және азайту, жақшалы өрнекті оқуды және жазуды үйрену. «Кім жылдам?» әдісі арқылы үлестірмелі карточкалардағы тапсырмаларды ауызша есептеу(немесе тақтада).
Не өзгереді, не өзгермейді? Шешім шығару. Қосу кезінде бірліктерді бірліктермен, ондықтарды ондықтармен, жүздіктерді жүздіктермен қосады. Азайту кезінде бірліктен бірлікті, ондықтан ондықты, жүздіктен жүздікті азайтады. (Ж) 1- тапсырманы жұпта орындайды. жауаптарын салыстырады. | 2-слайд 3-слайд Тапсырма жазылған үлестірмелі карточкалар. 4-слайд | ||||||||||
7-11 | (Ж) 2- тапсырманы жұпта орындауды жалғастырады. жауаптарын салыстырады. Бос орындарды қалай есептеп табуға болатынын сұрау. Санға қосындыны қосу деген қорытындыға келеді. | 5-слайд Оқулық, дәптер. | ||||||||||
12-29 | Өздік жұмыс 3-тапсырманы орындау. Үштаңбалы саннан екі таңбалы санды азайту, қосу дағдысын қалыптастыру. Шамаларға амаллдар қолдану дағдысын дамыту. Бағалау: тапсырманың дұрыстығын тексеру – Кімде қиындық туды? – Қай жерде қателестің? – Қателесуіңнің себебі неде? – Өздік жұмыс кезінде қиындық болмаған балалар өз іс-әрекеттеріңнің мақсатын құрастыр. (Қосымша тапсырманы орындау). – Қиындық туындаған балалардың алға қойған мақсаты қандай? (Қатені түзету). – Қателерді түзету алгоритмін қолданамыз. – Әркім өзінің оқу мақсатын айтады. (Т) Есепті топта талқылайды. Белгісізін қалай табуға болатынын ортаға салады. Қандай амал қолдану керек екеніне тоқталады. Есепті шығарады. Әр топтан топ басшы ортаға шығып өз жауаптарын оқиды, қалған топтар өз жауаптарымен салыстырады, бағалайды. | 6-слайд Оқулық, дәптер 7-слайд | ||||||||||
30-40 | (Ж) 5-тапсырманы қарап, әріпті өрнектерді тауып оқу. - Әріпті өрнектің мәнін қалай табу керек? Бұл өрнектерді қандай топтарға бөлуге болады? (бір әріпті, екі әріпті). Үлгі бойынша есептің мәнін тап. Үлгі: (a + 8) – b а= 200 b= 100 (200 + 8) – 100 = 108 (Ө) Алғашқы бекіту үшін 6, 7-тапсырмалар орындалады. Өз таңдауларымен тапсырмаларды орындайды. Әріпті өрнектердің мәнін қойып, мәнін табады. Парталас көршісімен дәптерін ауыстыру арқылы тексеру жұмыстарын жүргізеді. (Т) 8-тапсырма әр топқа бір тапсырмадан беріледі. Топ басшысы оқиды, қалған оқушылар өрнекті жазады.Өрнектің мәнін табады, критерийлер бойынша бағалайды. (Т) Оқушылар топта жұмысты жалғастырады. 9- тапсырмада амалдарды орындайды, содан кейін бөлек параққа диаграмма жасайды. (Ұ) 10-тапсырманы орындап, дұрыстығын тексереді. (Ө) 11-тапсырма зерттеледі. Тиісті арифметикалық таңбаларды қояды. Тапсырманы орындап болған оқушылар тапсырманы орындауда қиындық туындағандарға көмек көрсетеді. | 8-слайд 9-слайд 10-слайд | ||||||||||
41-45 | Рефлексия. Сөйлемді аяқтаңыз: Бүгін мен… білдім. Маған… қызық болды. Маған … қиынға соқты. Мен… тапсырмаларды орындадым. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды