Жануарлар әлемі. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


8 - сабақ. Көптаңбалы сандардың моделі. Сандар тізбегі

Тақырыбы: Жануарлар әлемі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қылышбаева А.Т

3-сынып

Оқу мақсаттары

3.5.2.1. Көптаңбалы сандардың графикалық моделін құру, кластар мен разрядтар кестесін қолдану.

3.4.3.1. 1000-ға дейінгі сандар, мыңдықтармен миллионға дейінгі сандар тізбектерінің заңдылығын анықтау.

3.4.3.2. Өзі таңдаған заңдылық бойынша тізбектер құрастыру, тізбектегі заңдылықтың бұзылуын табу.

3.4.3.1. 1000-ға дейінгі сандар, мыңдықтармен миллионға дейінгі сандар тізбектерінің заңдылығын анықтау.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

көптаңбалы сандардың графикалық моделін құру, разрядтар мен кластар кестесін қолдану.

Кейбір оқушылар:

1000-ға дейінгі сандар, мыңдықтармен миллионға дейінгі сандар тізбектерінің заңдылығын анықтау.

Көпшілік оқушылар:

өзі таңдаған заңдылық бойынша тізбектер құрастыру, тізбектегі заңдылықтың бұзылуын табу.

Тілдік мақсаттар

Дағдыларын дамыту:

1000-ға дейінгі сандарды тура және кері ретпен санай біледі.

Пәндік лексика және терминология:

Разряд және класс, көптаңбалы сандар моделі, сандар тізбегі.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

Санның моделі деген не? Ненің көмегімен санның моделін суреттеуге болады?

Жазылым:

Көптаңбалы сандарды жазу, сандар моделін құру.

Тірек білім, білік, дағдылар

Сандардың нөмірленуі.

Жоспар

Жоспарлан-ған уақыт время

Жоспарланған іс-әрекет

Қоры

0-3

Ой толғау

Жануарлар әлемінің алуан түрлілігі туралы әңгімелесу.

-Біздің даламызда, ормандарымыз бен тауларымызда, суларымызда қандай жануарлар мекендейтінін білесіңдер ме? Барлық жануарлар, құстар, балықтар мен жәндіктер біздің жеріміздің табиғи байлығы болып табылады.

Егер жер беінде жануарлар әлемінің бір бөлігі болмаса, қандай жағдай болар еді деп ойлайсыңдар?

1-слайд

Жануарлар суреті

4-6

Өзектендіру.

Сыныпта разрядтар мен кластар кестесін тарату, кестемен жұмыс жүргізу. Балалар кестедегі сандарды оқиды. Олардың разрядтық құрамын атайды.

Ой қорыту: разрядтардағы цифрлар берілген санды алу үшін қанша бірлік, ондық, жүздік, мыңдық, он мыңдық, жүз мыңдықтарды қосу керектігін көрсетеді.

2-слайд

Разрядтар мен кластар кестесі.

3-слайд

7-11

Оқу мақсатын хабарлау:

-Көптаңбалы сандарды оқуды, жазуды және салыстыруды, олардың моделін құруды, реті мен заңдылықтарды анықтауды үйренесіңдер

4-слайд

12-29

Өздік жұмыс

Оқулықтағы 2- тапсырманы орындап, көптаңбалы сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазу.

Топтық жұмыс.

Абакуспен танысу.

3-тапсырмада оқушылар берілген сандардың моделін жасауды тәжірибелік жұмыс түрінде, абак – көне есептегіш құралды пайдалана отырып, топта жүргізіледі.

Қиындықтарды түзету

Мұғалім тапсырманың дұрыстығын тексереді.

– Кімде қиындықтар туындады?

– Қай жерден қате жібердіңіз?

– Жіберілген қатенің себебі неде?

– Өздік жұмыста қате жібергендеріңіз, іс-әрекетіңіздің мақсатын құрыңыз.

(Қосымша тапсырмаларды орындау).

– Қиындық туындаған оқушы жұмысының түпкі мақсаты қандай?

(Қателерді түзеу).

– Қателерді түзеу алгоритмін пайдаланамыз.

– Әркім өзінің есебі жайында айтады.

Оқулық, дәптер.

5-слайд

6-слайд

30-40

Өздік жұмыс

Оқулықтағы 4- тапсырмада оқушылар көптаңбалы сандарды салыстырады, разрядтық қосылғыштар түрінде көптаңбалы сандарды көрсетеді.Оқушылар көптаңбалы сандарды салыстыруда разрядтың үлкенінен бастап салыстыру керек екеніне тоқталады.

Жұмысты бағалау критерийлері бар парақтар арқылы бағалайды..

Мен:

  • Көптаңбалы сандардың графикалық модельдерін толық мыңдықтармен оқимын.
  • 1 000 000-ға дейінгі сандарды мыңдықтармен кему тәртібі бойынша жазамын.
  • Қателіктерді тауып, өз бетіммен таңдаған ереже бойынша тізім құраймын.
  • Сандардың бірізділігіндегі қателіктерді табамын.

Өткенді қолдану. Топтық жұмыс.

6- тапсырмадағы есепті шығару.

Интерактивті тақтадағы жауабы арқылы жұмыстарын салыстырады, жіберген қателерін түзейді. Қате жіберілген жағдайда барлығын табу үшін қандай амал қолданғандарын, үш таңбалы сандарды қосу алгоритмін қайталау.

Есепті топта оқиды, есептегі санды деректерді пайдаланып теңсіздіктер құрастырады. Сұрақ қою арқылы есепті шығарады.

Топтағы жұмыстарды бақылай отырып, көмек қажет болған жағдайда оқушыларға қолдау көрсету.

Жұптық жұмыс. «Көршісін тап» әдісі арқылы 7-тапсырманы жұпта орындау. Жұмбақ хаттардағы жоғалған көршілерін табу. Тапсырманы орындап болғаннан соң, келесі жұпқа жұмыстарын ауыстыру арқылы тексеру жүргізеді.

Оқулық, дәптер.

Бағалау критерийлері жазылған парақтар

7-слайд

8-слайд

9-слайд

10-слайд

Сандар жазылған хаттар

41-45

Рефлексия.

«Мен үшін бүгінгі сабақ…» Оқушыларға сабақта үш бағытқа сәйкес келетін жұмыста сөйлемнің астын сызып беру үшін жеке үлестірмелі карточка беріледі. Сабақ Мен сабақтамын Қорытынды1. Қызықты. 1. Жұмыс істедім. 1. Мәліметті түсіндім.

2. Зеріктім. 2. Демалдым. 2. Көп нәрсе білдім.3.Бәрібір. 3. Көмектестім 3. Түсінбедім.

Балалардың жеке қиыншылықтарын ескере отырып үй тапсырмасын береді.

11-слайд

Үлестірмелі карточкалар



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу