Өсімдіктер әлемі. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.
6-сабақ. 1 000 000-ға дейін мыңдықтармен санау
Тақырыбы: Өсімдіктер әлемі | Мектеп: | |||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Қылышбаева А.Т | |||||||||||
3-сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||
Оқу мақсаттары | 3.1.1.4. Санаудың ірі бірлігі – мыңдықты құрастыру; 1 000 000-ға дейін мыңдықтармен санау, жазу, салыстыру. 3.5.2.1. Көптаңбалы сандардың графикалық моделін құру, кластар мен разрядтар кестесін қолдану. | |||||||||||
Сабақтың мақсаттары |
| |||||||||||
Тілдік мақсаттар |
| |||||||||||
Тірек білім, білік, дағдылар | Үш таңбалы сандардың нумерациясы. Разрядтар. Кластар. | |||||||||||
Жоспар | ||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған іс-әрекет | Қоры | ||||||||||
0-3 | Ынталандыру. Өсімдік әлемінің көптүрлілігі жайында әңгіме жүргізу. Планетамыздың өсімдік әлемінің алуан түрлілігі, өсімдіктердің мыңдаған және миллиондаған түрлері туралы түсінік беру. Өсімдіктердің түрлерін санау үшін математикалық білім қажет екеніне тоқталу | 1-слайд | ||||||||||
4-6 | (Ұ)1-тапсырма. Сабаққа қызығушылығын ояту мақсатында оқулықтан 1-тапсырманы орындау . Оқушылар әр қорапшадан кез келген санды таңдап алады да үш таңбалы сан құрайды, 6 теңсіздік құрастырып жазады, жазылған сандарда барлығы қанша бірлік, ондық, жүздік бар екенін атайды.Оқушылар кестедегі сандарды оқып, әр разрядтың бірліктер санымен разрядтық қосылғыштар санын санайды. | 2-слайд Оқулық. | ||||||||||
7-11 | (Т) Мақсатты ашу 2-тапсырмада оқушылар топта кестемен жұмыс жасайды. Сұрақтарға жауап береді: – Үштаңбалы сандарды оқы. – Сендерге қай сандар таныс, ал қай сандар таныс емес? Топ басшылары сұрақтарға жауап береді, келесі топ «шапалақтау» әдісі арқылы бағалайды. Бүгінгі оқу мақсатымен таныстыру | 3-слайд Кесте 4-слайд | ||||||||||
12-29 | (Т) Қима қағаздармен жұмыс жасау. Бірліктермен, ондықтармен, жүздіктер арқылы мыңдықтармен санау. Оқушылар мыңдықтың кластарымен, көптаңбалы сандарды оқу, қабылдау ережелерімен, көптаңбалы сандарды есте сақтауды жеңілдендіретін ережелермен танысады. (Ж) 3-тапсырма.Оқушылар бір таңбалы сандардың оң жағына нөлді (екі нөл, үш нөл, төрт нөл, бес нөлді) тіркеп, шыққан сандарды оқиды. 4-тапсырмада оқушылар тапсырманы разрядтар мен кластар кестесі бойынша оқиды, көптаңбалы сандарды салыстыру ережесін қалыптастырады да тапсырмадағы берілген санды салыстырады. (Т) Түсіндіре отырып алғашқы бекіту. Оқулықтағы 5- тапсырма бойынша оқушылар үлгімен сандар моделін құрастыру. Оқушыларды олар үшін жаңа біліктілікке – барлық бірліктердің, барлық ондықтардың, барлық жүздіктердің ортақ санын төмендегі әдіс арқылы табуды үйрету керек: – барлық сандардың астын сызамыз – бұл бірліктердің саны; – бірліктен басқа сандардың барлығының астын сызамыз – бұл ондықтардың саны; – бірліктер мен ондықтардан бөлек барлық сандардың астын сызамыз – бұл жүздіктер саны. (Ө) 6-тапсырмада тиісті арифметикалық таңбаларды қою. Өрнектің мәніне байланысты шешімі тура болатындай тиісті таңбаларды қою. Тапсырма орындау барысында қиындық тудырған оқушыларға көмек көрсету. | 5-слайд Оқулық, разрядтар кестесі. 6-слайд 7-слайд 8-слайд 9-слайд 10-слайд 11-слайд Есепшот 12-слайд | ||||||||||
30-40 | (Ө) 7- тапсырма зерттеушілік қасиетті қажет етеді, оқушыларға қанша өсімдік, қанша саңырауқұлақ түрлері, тағы басқа қандай өсімдік түрлерінің Қызыл кітапқа енгізілгенін білу керек болады. Өзін-өзі бағалау: Мен:
Дәптердің тиісті бөлімінен жеке-жеке тапсырма беру. | 13-слайд Оқулық, дәптер. | ||||||||||
41-45 | Рефлексия. «Көңіл-күй картасы» Сабақ соңында балалар өз көңіл-күй жағдайын, сабаққа деген өзінің көзқарасын, сабақтың өздеріне ұнаған (ұнамаған) сәттерін суреттеп үлестірмелі карточкаларды толтырады. Үй тапсырмасын балалардың жеке қабілетіне қарай береді. | 14-слайд |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?