Өсімдіктер әлемі. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


7 -сабақ. 1 000 000-ға дейін мыңдықтармен санау. Сандар тізбегі

Тақырыбы: Өсімдіктер әлемі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қылышбаева А.Т

3-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.1.1.4. Санаудың ірі бірлігі – мыңдықты құрастыру; 1 000 000-ға дейін мыңдықтармен санау, жазу, салыстыру.

3.2.2.1. Қарапайым теңсіздіктердің шешімдер жиынын табу.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

санаудың ірі бірлігі – мыңдықты құрастырады; 1 000 000-ға дейін мыңдықтармен санауды, жазуды, салыстыруды білетін болады.

Кейбір оқушылар:

көптаңбалы сандардың графикалық моделін құрады, разрядтар мен кластар кестесін қолданады.

Кейбір оқушылар үшін:

Көптаңбалы сандардың өз графикалық моделін ұсынады.

Тілдік мақсаттар

Дағдыларын дамыту:

1000-ға дейінгі сандарды тура және кері санау.

Пәндік лексика және терминология:

1 000 000-ға дейін мыңдықтармен санау, жазу, салыстыру, разрядтар мен кластар.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

Көптаңбалы сандарды қалай оқиды?

Көптаңбалы сандарды қалай салыстырады?

Жазылым:

Көптаңбалы сандарды жазу.

Тірек білім, білік, дағдылар

Сандардың нөмірленуі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

0-3

«Өсімдіктер әлемі» тақырыбында әңгімелесу.

(Ұ)Жер шарында бір миллионнан астам өсімдіктіктердің атауы бар. Оның үш жүз мыңы ғылымға қажетті өсімдіктер, ал тағы да төрт жүз сексен мыңы осыларға ұқсас болып келеді. Өсімдіктер туралы қандай ақпарат алғандарын, оқылған сандарды жазбаша жазуларын сұрау.

1-слайд

4-6

7-11

Оқу мақсатын хабарлау:

1 000 000-ға дейін мыңдықтармен санауды, жазуды, салыстыруды және қарапайым теңсіздіктердің шешімдер жиынын табу.

(Т) Оқушылар оқулықтағы 1-тапсырманы орындау үшін топта сұрақтарға жауап береді:

– Бірліктер класында қанша разряд бар?

– Мыңдықтар класында қанша разряд бар?

Оларды разрядтар мен кластар кестесі бойынша атайды.

Кестедегі сандарды оқу.

Көптаңбалы сандарды қалай оқитыны туралы ой бөліседі.

(Бірліктер класының аты атала ма?

Мыңдықтар класының аты атала ма?)

Тапсырмада берілген көптаңбалы сандарды оқу.

2-слайд

Кесте

3-слайд

4-слайд

12-29

Өздік жұмыс

Оқулықтағы 3-тапсырманы орындау.

Қиындықтарды түзету

Тапсырманың дұрыстығын тексеру үшін сұрақтар қою:

– Кімде қиындықтар туындады?

– Қай жерден қате жіберді?

– Жіберілген қатенің себебі неде?

– Өздік жұмыста қате жібергендердің іс-әрекетінің мақсатын құрыңыз.

(Қосымша тапсырмаларды орындау).

– Қиындық туындаған оқушы жұмысының түпкі мақсаты қандай?

(Қателерді түзеу).

– Қателерді түзеу алгоритмін пайдаланамыз.

Әркім өзінің есебі жайында айтады. Балалар өз таңдауымен тапсырманы орындайды, дәптерге сәуле сызады, санды белгілейді, берілген теңсіздіктің шешімі болып табылатын 5 санды жазады.

Дәптерде балалар бағалау критерийлерімен тапсырманы орындайды.

Мен:

-көптаңбалы сандардың графикалық моделін құрай аламын;

-разрядтар мен кластар кестесін қолданамын;

-1 000 000-ға дейін тура және кері ретпен мыңдықтармен санаймын.

5-слайд Сандық сәуле сызығы сызылған қима қағаз

6-слайд

30-40

) Өткенді қолдану.

«Сыңарларыңды тап» әдісі арқылы 4- тапсырмада берілген өлшемдер қима қағаздарға жазылып оқушыларға таратылады. Көрсетілген бірлік өлшеміне сәйкес өлшемдер бірігеді. Оқушылар қозғалысына кедергі жасамайтындай кеңістік болу керек.

(Т) 5-тапсырманы топта орындау. Топта алдымен есепті оқиды, шартын құрады, белгісізді табуды талқылайды.

Белгісізді қандай амалмен табу керек екеніне тоқталады.

(Т) 6-тапсырма теңдеулерді шешу. «Сәйкестендір» әдісі бойынша теңдеулерді дұрыс шешімімен сәйкестендіреді.

Сәйкестендіру орындалғаннан кейін топ жауаптарын салыстырады, тексеру жұмыстары жүргізіледі

(Ж) 7-тапсырма жұппен орындалады, оқушылар берілген шаршыдағы үш қосылғышты қосқанда көрсетілген сан шығатындай үш санды таңдайды.

Өлшем бірліктері жазылған қима қағаздар

7-слайд

Теңдеулер және шешімі жазылған қима қағаздар

11-слайд

Сандар жазылған шаршы

41-45

Рефлексия.

Сөйлемді аяқтаңыздар:

– Бүгін мен… білдім.

– Маған… қызықты болды.

– Маған …қиындық тудырды.

– Мен… тапсырмаларды орындадым.

12-слайд



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу