Өсімдіктер әлемі. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
6-сабақ. 1 000 000-ға дейін мыңдықтармен санау
Тақырыбы: Өсімдіктер әлемі
Оқу мақсаттары3.1.1.4. Санаудың ірі бірлігі – мыңдықты құрастыру; 1 000 000-ға дейін мыңдықтармен санау, жазу, салыстыру.
3.5.2.1. Көптаңбалы сандардың графикалық моделін құру, кластар мен разрядтар кестесін қолдану.
Сабаққа қажетті ресурстар: сандар жазылған қима қағаздар,
разрядтық сандар кестесі,
Сабақты өткізу:
Кіріспе
Өсімдік әлемінің көптүрлілігі жайында әңгіме жүргізу. Планетамыздың өсімдік әлемінің алуан түрлілігі, өсімдіктердің мыңдаған және миллиондаған түрлері туралы түсінік беру. Өсімдіктердің түрлерін санау үшін математикалық білім қажет екеніне тоқталу
Сабаққа қызығушылығын ояту мақсатында оқулықтан 1-тапсырманы топта орындау .
Оқушылар әр қорапшадан кез келген санды таңдап алады да үш таңбалы сан құрайды, 6 теңсіздік құрастырып жазады, жазылған сандарда барлығы қанша бірлік, ондық, жүздік бар екенін атайды.Оқушылар кестедегі сандарды оқып, әр разрядтың бірліктер санымен разрядтық қосылғыштар санын санайды.
Мақсатты ашу мақсатында 2-тапсырма бойынша оқушылар топта кестемен жұмыс жасайды. Сұрақтарға жауап береді:
– Үштаңбалы сандарды оқы.
– Сендерге қай сандар таныс, ал қай сандар таныс емес?
Топ басшылары сұрақтарға жауап береді, келесі топ «шапалақтау» әдісі арқылы бағалайды.
Бүгінгі оқу мақсатымен таныстыру
Қима қағаздармен жұмыс жасау.Бірліктермен, ондықтармен, жүздіктер арқылы мыңдықтармен санауды топта жалғастырады. Оқушылар мыңдықтың кластарымен, көптаңбалы сандарды оқу, қабылдау ережелерімен, көптаңбалы сандарды есте сақтауды жеңілдендіретін ережелермен танысады.
3-тапсырма.Оқушылар бір таңбалы сандардың оң жағына нөлді (екі нөл, үш нөл, төрт нөл, бес нөлді) тіркеп, шыққан сандарды жұпта оқиды.
4-тапсырманы жұпта жалғастырады. Оқушылар тапсырманы разрядтар мен кластар кестесі бойынша оқиды, көптаңбалы сандарды салыстыру ережесін қалыптастырады да тапсырмадағы берілген санды салыстырады.
Топта түсіндіре отырып алғашқы бекіту жұмысын жасайды.
Оқулықтағы 5- тапсырма бойынша оқушылар үлгімен сандар моделін құрастырады.Оқушыларды олар үшін жаңа біліктілікке – барлық бірліктердің, барлық ондықтардың, барлық жүздіктердің ортақ санын төмендегі әдіс арқылы табуды үйрету керек:
– барлық сандардың астын сызамыз – бұл бірліктердің саны;
– бірліктен басқа сандардың барлығының астын сызамыз – бұл ондықтардың саны;
– бірліктер мен ондықтардан бөлек барлық сандардың астын сызамыз – бұл жүздіктер саны.
(Ө) 6-тапсырмада тиісті арифметикалық таңбаларды қою.
Өрнектің мәніне байланысты шешімі тура болатындай тиісті таңбаларды қою. Тапсырма орындау барысында қиындық тудырған оқушыларға көмек көрсету.
(Ө) 7- тапсырма зерттеушілік қасиетті қажет етеді, оқушыларға қанша өсімдік, қанша саңырауқұлақ түрлері, тағы басқа қандай өсімдік түрлерінің Қызыл кітапқа енгізілгенін білу керек болады.
Өзін-өзі бағалау:
Мен:
1 000 000-ға дейін мыңдықтармен санауды, жазуды, салыстыруды, разрядтар мен кластар кестесін пайдалана отырып, көптаңбалы сандардың графикалық үлгілерін құрауды үйрендім.
Өткенді қолдану.
Дәптердің тиісті бөлімінен жеке-жеке тапсырма беру.
Оқулық, дәптер.
Рефлексия.
«Көңіл-күй картасы»
Сабақ соңында балалар өз көңіл-күй жағдайын, сабаққа деген өзінің көзқарасын, сабақтың өздеріне ұнаған (ұнамаған) сәттерін суреттеп үлестірмелі карточкаларды толтырады.
Үй тапсырмасын балалардың жеке қабілетіне қарай береді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?