Өсімдіктер әлемі. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Тақырыбы: Өсімдіктер әлемі

Оқу мақсаттары:3.1.1.4. Санаудың ірі бірлігі – мыңдықты құрастыру;

1 000 000-ға дейін мыңдықтармен санау, жазу, салыстыру.

3.2.2.1. Қарапайым теңсіздіктердің шешімдер жиынын табу

Сабаққа қажетті ресурстар: Теңдеулер және шешімдері жазылған қима қағаздар; Сандар жазылған шаршылар; разрядтар мен кластар кестесі; Өлшем бірліктер жазылған қима қағаздар;

Сабақты өткізуге ұсыныстар:

Өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы туралы әңгіме өткізіңіз. Өсімдіктерді өсіру үшін, адамдарға жаңа сорттар ұсыну үшін санай білудің көмегі қажет болатынына тоқталып, мағлұматтармен таныстыратыныңызды ескертіңіз. Мәтінде кездескен сандарды кему ретімен жазу керек екендігін ескертіңіз. Жер шарында бір миллионнан астам өсімдіктіктердің атауы бар.

Оның үш жүз мыңы ғылымға қажетті өсімдіктер, ал тағы да төрт жүз сексен мыңы осыларға ұқсас болып келеді.

Тапсырманы әр топтан бір оқушы өз жауаптарын оқытып, «Шапалақ» әдісі арқылы бағалау.

Жауабы:1 000 000, 480 000, 300 000.

Өзектендіру.

Оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмаға аударыңыз. Орындамас бұрын сұрақтарға жауап береді:

– Бірліктер класында қанша разряд бар?

– Мыңдықтар класында қанша разряд бар?

Оларды разрядтар мен кластар кестесі бойынша атап, берілген көптаңбалы сандарды оқуға көңіл бөліңіз. Жауап беруде қиналған оқушыларға көмек көрсетіңіз. Көптаңбалы сандарды оқып, керісінше сандарды оқыңыз, олар дұрыс жазуға дағдылансын.

Мақсатты бекіту (мәселелі жағдаяттар).

Бүгінгі оқу мақсаттарымен таныстырыңыз:

-1 000 000-ға дейін мыңдықтармен санауды, жазуды, салыстыруды және қарапайым теңсіздіктердің шешімдер жиынын табуды білетін боласың.

Өздік жұмыс

Оқулықтағы 3-тапсырманы орындау. Дәптерлеріне сандық сәуле сызып, берілген сандарды белгілеу. Әрбір сәуледен 5 шешімін жазу. Бос орынға белгілі санды жазып, теңсіздіктер тура болатындай сандарды жазады.

Жауаптары: х < 234 000; х = 200 000, х = 150 000…

908 000 > x; х = 200 000, х = 150 000

Жауаптар әртүрлі болуы мүмкін, бірақ көптаңбалы болу қажет екенін ескертіңіз.

Қиындықтарды түзету үшін тапсырманың дұрыстығын тексеріңіз.

– Кімде қиындықтар туындады?

– Қай жерден қате жіберді?

– Жіберілген қатенің себебі неде?

– Өздік жұмыста қате жібергендердің іс-әрекетінің мақсатын құрыңыз.

(Қосымша тапсырмаларды орындау).

– Қиындық туындаған оқушы жұмысының түпкі мақсаты қандай?

(Қателерді түзеу).

– Қателерді түзеу алгоритмін пайдаланамыз.

– Әркім өзінің есебі жайында айтады.

Дәптерде бағалау критерийлерімен танысып,тапсырманы орындайды.

Мен:

-көптаңбалы сандардың графикалық моделін құрай аламын;

-разрядтар мен кластар кестесін қолданамын;

-1 000 000-ға дейін тура және кері ретпен мыңдықтармен санаймын.

(Ұ) Өткенді қолдану.

«Сыңарларыңды тап» әдісі арқылы 4- тапсырмада берілген өлшемдер қима қағаздарға жазылып оқушыларға таратыңыз. Көрсетілген бірлік өлшеміне сәйкес өлшемдер бірігеді. Оқушылар қозғалысына кедергі жасамайтындай кеңістік болу керек. Интерактивті тақтадағы шешімдері арқылы тексеру жұмысын жүргізеді.

Жауаптары:

359 см = 3 м 5 дм 9 см; 5 м 6 дм 8 см = 568 см;

98 см = 9 дм 8 см; 9 м 7 дм = 970 см;

105 см = 1 м 5 см; 7 м 5 дм = 75 дм

(Т) Оқушылар 5-тапсырманы топта орындауды жалғастырады. Топта алдымен есепті оқиды, шартын құрады, белгісізді табуды талқылайды.

Белгісізді қандай амалмен табу керек екеніне тоқталады.

Жауаптары:

а) Қызыл раушангүл- 4 б-дан-8 қ

Ақ раушангүл- 23 б

Барлығы-? раушангүл

Ш: 4 х 8 + 23 = 55 (раушангүл)

Ж: барлығы 55 раушангүл

(Т) 6-тапсырма теңдеулерді шешу. «Сәйкестендір» әдісі бойынша теңдеулерді дұрыс шешімімен сәйкестендіреді.

Жауаптары:

45 + х = 255 – 140; х = 70;

а – 98 = 312 + 317; а = 532;

с – 49 = 130 + 195; с = 276;

х + 120 = 900 – 540; х = 340

Сәйкестендіру орындалғаннан кейін топ жауаптарын салыстырады, тексеру жұмыстары жүргізіледі

(Ж) 7-тапсырма жұппен орындалады, оқушылар берілген шаршыдағы үш қосылғышты қосқанда көрсетілген сан шығатындай үш санды таңдайды.

Жауаптары:

100 = 55 + 15 + 30; 100 = 12 + 68 + 20; 100 = 37 + 33 + 30;

990 = 500 + 330 + 160 ; 660 = 320+120+220

Рефлексия.

Сөйлемді аяқтаңыздар:

– Бүгін мен… білдім.

– Маған… қызықты болды.

– Маған …қиындық тудырды.

– Мен… тапсырмаларды орындадым.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу