Жануарлар әлемі. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


8-сабақ. Көптаңбалы сандар моделі.

Тақырыбы: Жануарлар әлемі

Оқу мақсаттары:

3.5.2.1. Көптаңбалы сандардың графикалық моделін құру, кластар мен разрядтар кестесін қолдану.

3.4.3.1. 1000-ға дейінгі сандар, мыңдықтармен миллионға дейінгі сандар тізбектерінің заңдылығын анықтау.

3.4.3.2. Өзі таңдаған заңдылық бойынша тізбектер құрастыру, тізбектегі заңдылықтың бұзылуын табу.

3.4.3.1. 1000-ға дейінгі сандар, мыңдықтармен миллионға дейінгі сандар тізбектерінің заңдылығын анықтау.

Сабаққа қажетті ресурстар: Жануарлар суреті; Разрядтар мен кластар кестесі; Бағалау критерийлері жазылған парақтар; Сандар жазылған хаттар;

Рефлексия жасауға үлестірмелі карточкалар.

Сабақты өткізуге арналған ұсыныстар:

Кіріспе.Оқушылармен жануарлар әлемінің алуан түрлілігі туралы әңгімелесіңіз.

-Біздің даламызда, ормандарымыз бен тауларымызда, суларымызда қандай жануарлар мекендейтінін білесіңдер ме? Барлық жануарлар, құстар, балықтар мен жәндіктер біздің жеріміздің табиғи байлығы болып табылады.Пайдасы туралы әңгімелей отырып, жануарлардың бірі болмаған жағдайда табиғатта қандай өзгерістер болады деп ойлайсыңдар?

Өзектендіру.

Разрядтар мен кластар кестесімен жұмыс жүргізіледі. Балалар кестедегі сандарды оқиды. Олардың разрядтық құрамын атайды. Ары қарай оқулықтағы 1-тапсырманы орындауды ұсыныңыз.

Ой қорыту: разрядтардағы цифрлар берілген санды алу үшін қанша бірлік, ондық, жүздік, мыңдық, он мыңдық, жүз мыңдықтарды қосу керектігін көрсетеді.

Мақсатты бекіту (мәселелі жағдаяттар).

Оқу мақсатын хабарлау:

-Көптаңбалы сандарды оқуды, жазуды және салыстыруды, олардың моделін құруды, реті мен заңдылықтарды анықтауды үйренесіңдер

Өздік жұмыс

Оқулықтағы 2- тапсырманы орындап, көптаңбалы сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазады.

Жауаптары: 300 000 + 70 000 = 300 мың + 70 мың = 370 мың = 370 000

Топтық жұмыс. Абакуспен танысу. Мүмкіндік болса, абакусты әкеліп таныстыру. 3-тапсырмада оқушылар берілген сандардың моделін жасауды тәжірибелік жұмыс түрінде, абак – көне есептегіш құралды пайдалана отырып, топта жүргізіледі.

Қиындықтарды түзету

Тапсырманың дұрыстығын тексеріңіз.

– Кімде қиындықтар туындады?

– Қай жерден қате жібердіңіз?

– Жіберілген қатенің себебі неде?

– Өздік жұмыста қате жібергендеріңіз, іс-әрекетіңіздің мақсатын құрыңыз.

(Қосымша тапсырмаларды орындау).

– Қиындық туындаған оқушы жұмысының түпкі мақсаты қандай?

(Қателерді түзеу).

– Қателерді түзеу алгоритмін пайдаланамыз.

– Әркім өзінің есебі жайында айтады.

Өздік жұмыс

Оқулықтағы 4- тапсырмада оқушылар көптаңбалы сандарды салыстырады, разрядтық қосылғыштар түрінде көптаңбалы сандарды көрсетеді.

.Оқушылар көптаңбалы сандарды салыстыруда разрядтың үлкенінен бастап салыстыру керек екеніне тоқталады.

Жұмысты бағалау критерийлері бар парақтар арқылы бағалайды..

Мен:

Көптаңбалы сандардың графикалық модельдерін толық мыңдықтармен оқимын.

1 000 000-ға дейінгі сандарды мыңдықтармен кему тәртібі бойынша жазамын.

Қателіктерді тауып, өз бетіммен таңдаған ереже бойынша тізім құраймын.

Сандардың бірізділігіндегі қателіктерді табамын.

Жауаптары:

52 000 > 5 200; 32 000 = 32 000

Өткенді қолдану.

Оқулықтағы 5- тапсырманы оқушылар разрядтық қосылғыштарға жіктейді.

Оқулықтағы 6- тапсырмадағы есепті шығарады. Интерактивті тақтадағы жауабы арқылы жұмыстарын салыстырады, жіберген қателерін түзейді. Қате жіберілген жағдайда барлығын табу үшін қандай амал қолданғандарын, үш таңбалы сандарды қосу алгоритмін қайталау.

Жауабы:

Бұғы-120

Елік-230

Ақ қоян-310

Барлығы-?

120+230+310=660 (аң)

Жауабы: барлығы 660 аң тіркеген

Жұптық жұмыс. «Көршісін тап» әдісі арқылы 7-тапсырманы жұпта орындау. Жұмбақ хаттардағы жоғалған көршілерін табу. Тапсырманы орындап болғаннан соң, келесі жұпқа жұмыстарын ауыстыру арқылы тексеру жүргізеді.

Жауаптары: 2, 4, 6, 8, 10; 360, 320, 280, 240, 200; 111, 222, 333, 444, 555

Рефлексия.

«Мен үшін бүгінгі сабақ…»

Оқушыларға сабақта үш бағытқа сәйкес келетін жұмыста сөйлемнің астын сызып беру үшін жеке үлестірмелі карточка беріледі.

Сабақ Мен сабақтамын Қорытынды

1. Қызықты. 1. Жұмыс істедім. 1. Мәліметті түсіндім.

2. Зеріктім. 2. Демалдым. 2. Көп нәрсе білдім.

3.Бәрібір. 3. Көмектестім 3. Түсінбедім.

Балалардың жеке қиыншылықтарын ескере отырып үй тапсырмасын береді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу